Көкпекті ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сайланған Көкпекті аудандық мәслихатының кезекті ІV сессиясы болып өтті. Мәслихат депутаты Талғат Сарманов төрағалық еткен мәжіліске аудан әкімінің міндетін атқарушы Алмагүл Әкімова, мәслихат депутаттары және тиісті бөлім басшылары қатысты.
Сессияда төмендегі мәселелер қаралды. Бірінші мәселе, «Көкпекті ауданының 2016-2017 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушысы А.Әкімова баяндама жасады. Алмагүл Жанахметқызы өз баяндамасында аудан көлемінде өтіп жатқан жұмыстар және алдағы жоспарларды тілге тиек етті. Келесі сөз алған, аудан әкімі аппаратының заң бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Б.Әділханов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Рес-публикасы Заңының аудан көлемінде орындалуы туралы баяндап берді. Күн тәртібінде белгіленген үшінші мәселе бойынша Көкпекті ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова Көкпекті ауданының білім беру мекемелерінде 2016-2019 жылдарға арналған аймақтық көптілділікті дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы айтып өтті. Шолпан Нұрғазықызы өз баяндамасында: «Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарының 79 қадамында білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу керектігін, бүгінгі жас буынның білімі бәсекеге қабілетті болып, шет тілін меңгеруі тиіс екендігіне тоқталды. Елімізде осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруға айрықша назар аударылуда. Облыс әкімі Д.Ахметовтың тапсырмасы бойынша ШҚО білім басқармасымен 2016-2019 жылдарға арналған көптілділікті дамыту Аймақтық бағдарламасы құрылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты қажетті ұйымдық, әдістемелік, педагогикалық және қаржылық жағдайды құру болып табылады. Бағ-дарламада тілді үйретудегі мәселелерді жоюды қарастырылған және үш тілді еркін меңгеруге мүмкіндік береді»,- деді бөлім басшысы. Сонымен қатар, жергілікті полиция басшысы Ферхат Мавлютов, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстары және қылмыстың алдын-алу шаралары туралы есеп берді.
Сессияда бұдан басқа да мәселелер қаралып, талқыланды.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.