Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сыртынан қарағанда ешқандай өзгешелігі жоқ, маң-дайшасында мұрағат деген жазуы бар қарапайым есік. Ал ішінде зуылдаған зымыран-заманның естеліктері, тағдыр тарихының көзі сақталған. Осы жазбамен назарларыңызды адам баласы салып кеткен іздің өшпеуін мақсат етіп, өткен күннің шырақшысы болып келе жатқан аудандық мұрағатқа аудармақпыз.


Көкпекті ауданының мемлекеттік мұрағатының құрылғанына биыл 24 жыл болды. Алғашқы жылдары мұрағат қорында 6 мың, ал 2002 жыл есебі бойынша 15 мың құжат сақталған болса, бүгінде оның жалпы саны 50 мыңға жеткен. Оның ішінде ұйымдар мен мекемелердің құжаттарынан бөлек, ауданға еңбегі сіңген, құрметті азаматтардың, ҰОС және тыл ардагерлерінің жеке бас құжаттары бар. «Былтырғы жылы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ауданымыздың 12 ардагерінің құжаттары Ұлттық мұрағат қорына енгізілді. Мұрағатта туған өлкеміздің өркендеуіне өз үлесін қосқан 32 адамның жеке бас құжаттары сақталған. Биыл бұл сан тағы 5 адам жайлы мәліметтермен толысады деп жоспарлаудамыз», - деді мекеме басшысы Қалия Мәуітханқызы.
Бүгінде ұжымда 12 қызметкер жұмыс істейді. Оның 5 мұрағатшы. Тынымсыз еңбек пен қызметке деген оңды көзқарас қана табысқа жетелейді деп есептейтін мекеме 2014 жылы жылдық қорытынды бойынша Шығыс Қазақстан облысы аудан мұрағаттарының ішінде жұмыс сапасы жағынан 1 орынға шықты. 2009 жылы жарық көрген ауданымыздың ардақты тұлғасы Қ.Алтынбаев туралы кітапшаның шығуына да мұрындық болған осы төл мұрағатымыз екенін айта кеткеніміз жөн. Сонымен қатар, бірлігі бекем ұжым әр салада жан-жақтылықтары көрсетіп, өткізілетін түрлі іс-шаралардан қалыспайтындарын жеткізді. Мектеп оқушыларына тақырыптық сабақ жоспары бойынша аудан тұлғаларының өмірінен көрме ұйымдастырылып, мұрағатты таныс-тыру жұмыстары жүргізіліп тұрады.
«Адамдар тарихты жасайды, ал мұрағат оны сақтайды». Осы бір жауапты істі атқарып жүрген жандарға еңбектеріңіз жана берсін демекпіз.


Жансая СМАҒҰЛОВА

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз