Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының тарихында елеулі орын алған Қ.Раев атындағы балалар үйінің жабылуы баршамыздың көңілімізге кірбің түсірмей қоймады. Балалар үйі десек, Жақия Шайжүнісов есімі еріксіз ауызға оралады.
19 жасында-ақ Көкпекті балалар үйіне тәрбиеші болып келген уыздай жас Жақия аз уақытта өзін-өзі көрсете білді.


Көкпекті балалар үйі кезінде тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Одақтағы ең үлгілі балалар үйі ретінде екі рет Бүкілодақтық көр-меге қатысты, алтын медальмен марапатталды. Осындай ерлікке пара-пар көптеген ісімен қатар, оқушыларды қоғамдық еңбекке, оқуға, өз бетімен ізденуге бау-лып, ұстаздықтың ұлы қасиетін ұқтырған Жақия Шайжүнісов 1968 жылы Бүкілодақтық съезге қатысып, Социалистік Еңбек Ері атанды, Ленин орденімен марапатталды. «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» құрметті атағына ие болды.
Ауданымыздың білім, өнер, спорт және т.б. өзекті салаларына балалар үйі тәрбиеленушілерінің қосқан үлесі орасан зор. Атап айтқанда, Көкпекті орта мектебінің түлегі А.Раздомина ауданымыздың атынан Республикалық пән олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға ие болса, М.Ахметов, М.Иванченко және т.б. тәрбиеленушілер спорттың мәртебесін асқақтатты. «Жас қайың» вокалдық тобы, Ю.Шушакова, Е.Дегина есімді оқушылар өнер саласы бойынша көптеген жетістіктерге жете білді.
Осындай іргелі тәрбие ордасының орны ойсырап қалатыны талайымыздың қабырғамызды қайыстырғаны рас. Міне, балалардың алғашқы легін ыстық ұясынан шығарып салу кеші де келіп жетті. Қоштасу кешіне ауданымыздың арқалы азаматтарының бірі - Көкпекті орта мектебінің директоры А.Танысбаевтың бастамасымен, С.Қарымсақов, Т.Уйданов, А.Макенов, С.Байсеңгіров, А.Рахимбаев, Ә.Артықпаев, Е.Нұғыбаев, Д.Ордаханов, Д.Нұрғалиев, Б.Базарбаев есімді азаматтар оқушыларға жолға тәтті-дәмділерін, сусындары мен тағамдарын алып беріп, жүрекжарды тілектері мен лебіздерін білдіріп, шығарып салды. Мұның өзі нағыз ер азаматқа лайықты іс.
Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қанат-тарың талмасын, өмірден өз орындарыңды тауып, еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болыңдар дегіміз келеді! Сәт сапар Сіздерге!


Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз