Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қасиетті Көкпекті топырағында ғасырлар бойы мәдениеті мен діні, салт-дәстүрі мен тағдыры тоғысқан түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері бүгінде өзара береке-бірлікте, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Тәуелсіздігімізді ал-ған сәттен бастап тұрақтылықты, азаматтық келісім мен татулықты нығайту мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды. Сан ұлттың басын біріктірген бейбітшілік пен жа-сампаздықтың мерекесі - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін көкпектілктер де қуанышты көңіл-күймен қарсы алды.


Баршаға қымбат бұл күнді атап өту үшін қолдарына бірлік ұрандары мен мерекелік транспаранттар, жалаушалар мен түрлі-түсті шарлар ұстаған кәсіпорындар мен мекемелердің ұж-ымдары жылдағы дәстүр бойынша мәдениет үйінің алаңында сап түзеді. Орталық алаң өлкемізді қоныс еткен ұлттар және олардың дәстүрін, салтын бейнелеген тұрғындармен толды. Әр жерден көңілді дауыстар естіліп, мерекелік көңіл-күй бірден байқалады. Түрлі ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, сап түзген аудандағы мекеме, кәсіпорын ұжымдары бір-бірлеп ортаға шықты. Оларды ауданымызда тұратын ұлт өкілдері бастады. Әрбірі тұрғындарды өз тілінде құттықтаса, олардың әні мен биін орындап, ұлттық дәстүрін көрсетуге мекеме, кәсіпорын ұжымдары белсене атсалысты.
Еліміздің көк байрағын көтеру мәр-тебесі жас спортшыларға бұйырған екен. Рахат Байсақалов пен Еркебұлан Зияш жасөспірім болса да, облыс пен республикалық жарыстарда топ жарып, әлемдік аренада жүлде алып жүрген аудан мақтаныштары. Жерлестеріне мақтан болған спорт шеберлері қандай да болсын абырой мен мәртебеге лайық.
Салтанатты жиынды ашқан аудан әкімі Рамиль Сағандыков құттықтау сөзінде еліміз қол жеткізген барлық жетістіктер халық бірлігінің жемісі еке-ніне баса назар аударды. - Еліміздегі барлық ұлттар мен этностық топтар үшін Қазақстан ортақ Отанға айналды. Бүгінде олар мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қоса отырып, бір мақсат, бір мүдде аясында аянбай еңбек етуде. Барлық халықтардың рухани байлығын жан-жақты қорғай отырып, олардың одан әрі өркендей дамуына жағдай жасап, қолдауға бағытталған саясаттың арқасында өзара татулығымыз жыл сайын нығайып келеді. Бірлігіміз ны-ғайып, ынтымағымыз арта берсін, - деді Рамиль Нығметжанұлы. Сондай-ақ, жиылған қауымға құттықтау лебіздерін татар ұлтының өкілі Зухра Искакова, жастар атынан Жарбол Алпысбаев, аудандық мешіттің бас имамы Кенжебек Ахметқалиев жолдады.
Бірлік пен достықты паш еткен мерекелік шаралар Толағай төрінде күні бойы толастамады. Мәдениет үйі-нің алаңындағы мерекелік көңіл-күй «Көкпекті жолдары» стадионында өткен спорттық шараларға ұласты. Шағын футбол жарысында Ішкі істер бөлімінің құрамасы 1 орынды жеңіп алды. Екінші орын олжалаған Өрт сөндіру мекемесі мен үшінші орынды місе тұтқан орталық мешіт құрамасы да ерекше ойын өрнегін көрсетті. Жастар арасында Амангелді Салдырғазин бастаған «Толағай» құра-масының ойыншылары бірінші орынды қанжығаларына байлады.
Көптеген ұлттардың ортақ шаңыра-ғына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Әйтсе де, ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың алтын бесігін тербету аяқ астынан туындаған немесе қазақ даласында өздігінен пайда болған дүние еместігі бесенеден белгілі. Ел иесі, жер иесі саналатын қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас сауғалаған, тағдыр тәлкегімен босып келген басқа жұртты бауырына басты.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған көкпектіліктер үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Халық бірлігі мерекесі күні аудан тұрғындары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!
Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз