АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...

Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...

АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...

ӨЛКЕ ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕЙІК

ӨЛКЕ ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕЙІК

Кез келген өркендеуге ұмтылған өлкеге аса қажетті сала Өлкетану болмақ. Себебі өз елін, өз...

В НАШЕМ РАЙОНЕ ПОЯВИЛСЯ НОВЫЙ ФОНД

В НАШЕМ РАЙОНЕ ПОЯВИЛСЯ НОВЫЙ ФОНД

На прошлой неделе в ресторане «Елім-ай» села Кокпекты собрались руководители крестьянских...

  • АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    04.03.2025 12:14
  • Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

    24.02.2025 11:03
  • АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    24.02.2025 06:52
  • ӨЛКЕ ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕЙІК

    ӨЛКЕ ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕЙІК

    24.02.2025 06:46
  • В НАШЕМ РАЙОНЕ ПОЯВИЛСЯ НОВЫЙ ФОНД

    В НАШЕМ РАЙОНЕ ПОЯВИЛСЯ НОВЫЙ ФОНД

    17.02.2025 06:26

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамтуды басты мақсат тұтқан аудан орталығындағы «Шуақты Шұғыла» бөбекжай-балабақшасына биыл 55 жыл толды. Атаулы күнде 31 қаңтар күні  балабақша ұжымы  Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің үлкен залында «Сәби жүрек-Шұғыла» деп аталатын концерт берді. Сахнада тек балабақшаның бүлдіршіндері өнер көрсетіп,көрерменнің таңдайын қақтырар ерекше  әсерге толы кеш өтті.

Сан жылдарға ұласқан тарихы мол балабақша 1968 жылы Тополек атауымен ашылып, кейіннен Шуақты Шұғыла атауына өзгертілген. Осы жылдар ішінде  ел ертеңі, келер күн иелерін тәрбиелеп баулу жолында білімі мен білігін, жан жылуы мен мейірімін аямай еңбек етіп жүрген жандардың қиын да қызық күндері мен жылдары өтті.

 Елу бес жыл бойы қаншама бүлдіршіндерді түлеткен ұжым өзінің мерейтойын айрықша сән-салтанатпен тойлады. Мәдениет үйінің кіші залында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында көрме ұйымдастырылды. «Шуақты-Шұғыла» бөбекжай - балабақшасының түлектерінің бірі  Нұрасыл Қалиев келген қонақтардан  сұхбат алса, Бексұлтан мен Аяжан  концерттің тізгінін ұстады. Кеш шымылдығы ашқан сонау Алтын адам дәуірінен басталып,Томирис, Қазақ ордасының қазығын қаққан бабаларымыз Керей  мен Жәнібек, ерлік істері тарих бетінде қалған Әлия мен Мәншүк батыр қыздардың  кейіпіндегі   бүлдіршіндердің «Батырлар ұраны» әні мен   көрініс көрерменнің аузынан түспейтін ерекше мәнді де, мағыналы қойылым болды десек,қателеспейміз.

Салтанатты шараға аудан әкімі Әділет Қожанбаев, аудандық маслихат төрағасы Талғат Сарманов, аудандық білім бөлімінің  басшысы және өкілдері, Шуақты Шұғыла балабақшасының бұрыңғы басшылары мен қызметкерлері, Көкпекті-Толағайы, Бал-ерке  балабақшаларының,Шәріптоғай,Көкжайық,Биғаш   шағын орталықтарының басшылары мен әдіскерлері, ата-аналар, балабақшаның демеушілері құрметті қонақ ретінде қатысты.

Мерейтойға арналған шарада аудан  әкімі  Әділет Нұрсағатұлы құттықтау сөз сөйледі. Ол ауданымыздың білім беру саласының дамуына зор үлесін қосып, балдырғандар тәрбиелеп, түлетіп ұшырғанын айта келе, мектепке дейінгі мекеменің ұжымына  шынайы алғысын білдірді.

- Кеш жарық жерлестер! Барлықтарыңызды Шуақты-Шұғыла балабақшасының 55 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!  Бұл қысқа уақыт емес. Киелі балабақшадан қаншама бүлдіршіндеріміз тәрбиеленді. Балабақша басшылығына және ұжымына үлкен алғысымды білдіремін. Бүлдіршіндеріміз аман болып,елім,жерім дейтін азаматтар көп болсын. Балабақша ұжымына толағай табыс,денсаулық тілеймін!

Бүгінгі концерт, әр балаға тігілген кастюм,көрініске дайындық мұның барлығы үлкен еңбекті қажет етеді. Қаншама іс-шараларды болып жүрсемде дәл осындай көріністі көрмедім. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп,сонау Алтын адам дәуірінен бері қарай Томирис,Керей мен Жәнібек сынды батырларымызды сомдап,ерекше әсерге бөледі. Бұл еңбек бекер қалмау керек. Республика және облыс көлемінде көрсетуіміз қажет деп ойлаймын.  Бұл көріністен кейін мәдениет,тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі  мен Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің басшылары сахнаны бөлісу керек сияқты,- деп жоғары бағасын беріп, балабақша басшысына Алғыс хат табыстады.

Мерейтойға балғындар мен тәрбиешілер қауымы жоғары  деңгейде дайындалып,көрерменге керемет кеш сыйлады. Кіп-кішкентай балдырғандар әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі. Жиылған қауым бүлдіршіндердің өнеріне тәнті болып, қошеметтерін де аямады. Балабақшаның  55  жылдық  тарихының куәгерлері – ұлағатты ұстаздар да сахна төрінен табылып, өз  өнерлерін ортаға салды.

Біліктілігі мен білімі ұштасқан іскер басшы Айнұр Назарханова басқарып отырған мекемеде 6 топта  120 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Үш топ орыс тілінде жұмыс жасаса, үш топ мемлекеттік тілімізде жұмыс жасап, балдырған бөбектеріміз үшін барлық жағдай қарастырылып отыр. Бала жанының бағбанына айналған 12 тәрбиеші білім беру жолында аянбай тер төгуде.Сонымен қатар 1,5 бірлік дене шынықтыру нұсқаушысы, 1,5 бірлік ән- күй жетекшісі, 1 бірлік педагог-психолог, сондай-ақ 1 бірлік әдіскер жұмыс істейді. Балалар үшін қашанда тәрбиеші көмекшісінің орны бөлек. Бұл салада алты бірдей маман балаларға жүрек жылуын сыйлап, үлкен еңбек атқаруда. Балабақша заман талабына сай жабдықталып, білімді де, білікті педагогтар білім беру жолында да заман ағымынан қалысар емес. 

Айта кететін жағымды жаңалық "Шуақты Шұғыла" бөбекжай балабақшасына қаңтар айынан бастап логопед штаты бөлінді. Еңбек kz сайтына бірден жарияланды. Бірақ, маман табылмады. Аудан басшысы Әділет Нұрсағатұлы логопед маман иесіне баспана және көтерме қаржы бөлінетінін хабарлады. Қазіргі таңда Айнұр Алтайқызы логопед маманын іздестіру үстінде екенін алға тартады:

-      Биыл "Шуақты Шұғыла" бөбекжай балабақшасына 55 жыл толып отыр. Қаншама жыл тарихы бар «Шуақты-Шұғыла» бөбекжай балабақшасында жұмыс жасау мен үшін  үлкен мәртебе. Балабақшадағы барлық қызметкерлерге зор денсаулық,еңбекте жеміс тілеймін.

Осындай айтулы күнге орай  балабақша бүлдіршіндеріне "Ұлттық құндылық", "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында  135 дана ұл, қыздарымызға жас ерекшеліктеріне сай әр түрлі әдемі, көз тартарлық дизайнды киімдер тігілді. 100 данасы балабақшаның қаражатына алынса, 35 данасы демеушілердің қаражатына тігілді.  Атап айтатын болсақ демеушілеріміз: Талғат Сарманов, Василий Лехомяжов, Амренов Ринат, Акимбеков Казбек, Шаяхметова Гульвира, Шалбаев Мухтар және де балабақшамыздың кіре берісін әдемі, әсем етіп безендіруіне материал жабдығымен көмектескен "Балапан", "Айгөлек" топтарының ата - анасы Естелік Ерең. Сонымен қатар  балабақшамыздың 55 жылдық мерейтойына орай балабақшамыздың ата - аналары ең кіші “Балапан”,“Ромашка” топтарына демеушілік көрсетіп 2,5*4 “Жол жүру” кілемшесін және киім үтіктеуге арналған бу үтікті сыйға тартты. Балабақшамыздың көркеюіне, алдыңғы қатарлы болуына демеушілік көрсеткен ата- аналарымызға және демеушілерімізге ризашылығымызды білдіре келе, алдағы уақытта әліде ауыз бірліктің арқасында балабақша мен ата- ана арасындағы қарым- қатынас жұмыстар жалғасады деп ойлаймын.

Жақында балабақшамызда логопед сыныбын ашуға штат бөлінді. Дәл қазіргі уақытта біз логопед маманын іздестіру үстіндеміз. Аудан әкімі келген маманға аудан әкімдігінен еңбек ақы мен баспана жағынан көмектесетінін жеткізді.  Бұл біз үшін және ата-аналар үшінде жақсы жаңалық,- деді балабақша басшысы Айнұр Назарханова.

Гүлім ЕРЛАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз