Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

Қожанбаев  Әділет Нұрсағатұлы  Көкпекті ауданының әкімі болып тағайындалды

Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы Көкпекті ауданының әкімі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және  Көкпекті аудандық мәслихатының...

В Кокпектинском районе ведется строительство  водопроводных сетей

В Кокпектинском районе ведется строительство водопроводных сетей

  В рамках национального проекта «Сильные регионы - драйвер развития страны» ведется...

Доре қорытпасын шығаратын зауыт құрылысы басталды

Доре қорытпасын шығаратын зауыт құрылысы басталды

«Eastern Gold» ЖШС мен «Altyn Samruk Qazaqstan» АҚ Абай облысының Көкпекті ауданында доре...

  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02
  • Қожанбаев  Әділет Нұрсағатұлы  Көкпекті ауданының әкімі болып тағайындалды

    Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы Көкпекті ауданының әкімі болып тағайындалды

    12.08.2024 05:59
  • В Кокпектинском районе ведется строительство  водопроводных сетей

    В Кокпектинском районе ведется строительство водопроводных сетей

    22.07.2024 04:46
  • Доре қорытпасын шығаратын зауыт құрылысы басталды

    Доре қорытпасын шығаратын зауыт құрылысы басталды

    22.07.2024 04:38

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының тұрғындары 2024 жылдың басынан бері интернет алаяқтарға 15 миллион теңгесін санап берген. Бұл туралы аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Теміржановтың төрағалық етуімен өткен кеңейтілген әкімдік отырысында айтылды. 11 маусым күні аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында өткен кеңейтілген отырысқа ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекеме және ұйым басшылары, партия филиалының атқарушы хатшысы, мәслихат төрағасы,  ардагерлер кеңесінің төрағасы және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңейтілген әкімдік отырысының күн тәртібінде бірқатар өзекті сұрақтар қаралды. Олардың қатарында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының бейімдеу іс-шараларын жүргізу, пайдаланылмайтын немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару, Көкпекті ауданында 2024 жылдың екінші жартыжылдығына арналған қоғамдық-саяси басылымдарға жазылу науқаны, табын (итальян) шегірткелерімен күрес барысы және интернет алаяқтардың алдын алу шаралары туралы маңызды мәселелер бар.


Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының бейімдеу іс-шараларын жүргізу туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрбек Сүлейменов ақпарат берді.
Бөлім басшысының мәліметі бойынша Көкпекті ауданында 2024 жылы мүгедектіктері бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 12 әлеуметтік нысанды бейімдеуден өткізу керек. Жоспарға сәйкес шілде айына дейін 2 нысан, тамыз айына дейін 8 және қыркүйек айында 1 нысан бейімделуі тиіс.
2024 жылы бейімдеуден өткізілетін нысандар қатарында Романовка орта мектебі, М.Әуезов атындағы орта мектебі, Шәріптоғай негізгі мектебі, Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі, Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені, Абай атындағы мектеп-балабақша кешені, «Шуақты шұғыла» балабақшасы, «Балерке» балабақшасы, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Абай облыстық филиалының №11 дербес сервис орталығы, Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар автокөлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Преображенка ауылындағы клуб және аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы бар.
Жыл басынан бері 3 әлеуметтік нысан бейімдеуден өткізілген. Жоспарлы көрсеткіштердің орындалмауы 9 мекемеде тіркеліп отыр. Аталмыш мекеме басшыларына шұғыл шаралар қабылдап, бейімдеу жұмыстарын атқару міндеттелді.
Келесі кезекте пайдаланылмайтын немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару туралы Жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Алкенов баяндама жасады. Бөлім басшысы атқарылған жұмыстарды кеңінен тарқатып, жос-парлармен бөлісті.ф
Аудан аумағында шегірткелермен жайылымдардың зақымдануын, ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінің жойыл-уын, сондай-ақ көрші іргелес аумақтарына қоныс аударуын болғызбау үшін алдын алу іс шаралары туралы Республикалық фитосанитарлық диаг-ностика және болжамдар әдістемелік орталығы Көкпекті аудандық филиалының маманы Ерузат Орынбеков ақпарат берді.
- Болжамға сәйкес 2024 жылы Көкпекті ауданы бойынша аса қауіпті табын шегірткесіне қарсы барлық зерттеулер жоспары 86,6 мың гектар. Оның ішінде жоспарға сәйкес химиялық өңделуге жататын мемлекеттік жер қорларының көлемі 16,52 мың гектарды құрайды. Ағымдағы жылы аса қауіпті зиянкестердің көп таралуына байланысты жоғарыда көрсетілген 16,52 мың гектар жердің 12,72 мың гектарына «Карат Супер 100» препараты авиациялық жолмен және 3,8 мың гектар жерлер «Эсперо» препаратымен жер үсті бүріккіштері арқылы химиялық өңдеу жүмыстарын республикалық қаражат есебінен жүргізу жоспарланды. 7 маусым күні ауданға «Дэльта Эйр» ЖШС ұшағы келіп, Теректі ауылдық округіне орналас-тырылды. Авиация және жер үсті бүріккіштерінің тоқтаусыз жұмыс жүргізуіне ауа райының қолайсыздығы, жауан-шашын мен қатты жел тұру жағдайлары кедергі келтіреді. Аудан бойынша фитосанитарлық ахуал қалыпты. Жоспарға сәйкес химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда, - деді Ерузат Әскербекұлы.
Алаяқтық қылмыстардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы Көкпекті аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Разаев баяндама жасады.
- Қазіргі таңдағы өте өзекті мәселелердің бірі интернет желісі арқылы алаяқтардың қылмыстық іс әрекеттерінің орын алуы. Атап айтқанда Көкпекті ауданы аумағында 2024 жылдың басынан бастап 7 интернет алаяқтық қылмысы тіркелді. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 15 миллион теңге.
Көкпекті аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жыл басынан бері халықпен кездесулер барысында, жиналыстарда, мектеп оқушылары арасында 49 түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жадынамалар таратылып, ресми әлеуметтік желілерде үндеулер жарияланды. Соған қарамастан аудан тұрғындары өзінің немқұрайлығы салдарынан алаяқтарға алданып жатқандары белгілі болды. Интернет желісінде алаяқтық жасау түрінің ең көп тарағаны банктің жалған қызметкерлері ретінде қоныраулар шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады. Сөйлесу барысында жалған қызметкер ретінде тұрғындарды алдап, қорқытып, үрей туғызып, халықты әр түрлі программаларды жүктеуге көндіреді. Мысалы «AnyDesk» және «HoToDesk» программалары арқылы халықтың банк шоттарына қол жеткізе алады.
Құрметті жерлестер! Сіздерден интернет алаяқтар қоңырау шалып, сөйлескен жағдайда немесе қандай да бір ақпарат алу болмаса программаларды жүктеуді сұраған жағдайда тез арада сөйлесуді тоқтатып, полицияға жүгінулеріңізді немесе 102 каналына қоңырау шалуыңызды сұраймыз, - дейді жергілікті полиция қызметінің басшысы.
Кеңейтілген әкімдік отырысының соңында бірқатар тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз