ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өскелең ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Сондықтан ертең елге тұтқа болар бала тәрбиесіне бүгіннен көңіл бөлген абзал. Көкпекті ауданында алғаш рет 2020 жылы бұрынғы балалар үйі ғимаратынан заманауи үлгідегі Оқушылар шығармашылық сарайы ашылды. Бұл мекемеде жас жеткіншектер түрлі үйірмелерге қатысып, ғылыммен айналысып, зерттеу жүргізіп, шығармашылықпен шұғылдануға үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. Балалардың бойындағы талантын шыңдап, білім, ғылым, өнерге баулып жүрген орталықты ашылған күннен бастап Асқар Сүлейменов басқарып отыр.

 

Бүгінгі таңда 59 үйірмеге қатысатын мыңнан астам шәкірттің қосымша білім алуына барлық жағдай жасалып, жан-жақты мүмкіндіктер толық қарастырылған. Оқушылар шығармашылық сарайында акт залы, қолданбалы өнер, шеберханасы, шахмат, бейнелеу өнері кабинеті, спорт залы, хореография және би залы, фортепиано, баян, домбыра, қобыз, жетіген, «Абай әлемі» кабинеттері, «Жас қалам» тілшілер клубы жұмыс жасайды. «Жас қалам» журналы тоқсан сайын жарық көреді. Басылымда балалардың мақалалары, білім ордасының тарихы, ұстаздардың еңбектері жариялануда. Сонымен қатар мұражай, робототехника оқу кабинеттерінде қызу жұмыс жүруде.
Ақпан айының басында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев Оқушылар шығармашылық сарайына арнайы барып, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. 28 ақпан күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өткен аппараттық кеңесте Оқушылар шығармашылық сарайының директоры Асқар Сүлейменов атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
- Қазіргі уақытта мыңнан астам баланы 59 үйірмеде қамтып отырмыз. Олар өнер, шығармашылық, ғылым, тіл, спорт және IT секілді бағыттарда білім мен тәрбие алады. Оқушылар шығармашылық сарайының үйірмелері ауыл мектептерінде филиал болып ашылды. Оқушылар шығармашылық сарайының басты мақсаты - заман талабына сай қосымша білім беру мекемесінде оқушылардың бос уақытын пайдалы өткізу. Білім мен өнер саласындағы бейімділігі мен біліктілігін арттырып, ұлттың тарихы мен мәдениетін қадірлеп, қастерлейтін жеке тұлғаны қалыптастыру. Балаларды үйірмеге беріп, олардың жан-жақты дамуына қолдау білдіріп жүрген ата –аналарға құрметіміз ерекше. Бұл біздің құлшыныспен жұмыс істеуімізге шабыт береді», - дейді Асқар Дүйсенбекұлы.
Директордың дерегі бойынша мекемеде барлығы 54 педагог білім берумен айналысуда. 2023-2024 оқу жылына 59 үйірмеге 1011 бала қабылданды. Абай облысы білім басқармасының рейтинг қорытындысы бойынша қосымша білім беру мекемелері арасында Көкпекті ауданының Оқушылар шығармашылық сарайы 78 пайыз көрсеткішпен бірінші орынды иеленді. Қазіргі таңда Оқушылар шығармашылық сарайында 59 үйірме бар, оның ішінде 8 үйірме ақылы түрде жүргізіледі: Атап айтар болсақ фортепиано, домбыра, баян, скрипка, қобыз үйірмелеріне қызығушылық көп.
Қосымша білім беру саласы 5 бағыт бойынша жұмыс атқарады. Бұл көркем-эстетикалық, музыкалық-эстетикалық, спорт-туризм, әлеуметтік-педагогикалық, техникалық бағыттар. 2023-2024 оқу жылында қосымша гитара, жас ақындар сыныбы, жетіген, көркем сөз, әдеби өлкетану, ағылшын тілі, робототехника, темір өңдеу тегін үйірмелері ашылды.
Сонымен бірге 7 ауылда филиалдар бар. Үлгілімалшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінде домбыра үйірмесінде 25 бала қамтылған. Көкжайық орта мектебінде 4 үйірме жұмыс жасауда. Домбыра, су моншақ, көркем сөз және баскетбол үйірмелері көкжайықтық балалардың шеберлігін шыңдауда. Үлкенбөкен орта мектебінде ши тоқу үйірмесінде 12 шәкірт ұлттық қолөнер меңгереді. Теректі ауылының Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінде 2 үйірмеде 32 бала қамтылған. Жас ақындар үйірмесіне 12 бала және шахмат үйірмесіне 20 бала барады. Шәріптоғай ауылындағы негізгі мектепте 2 үйірме жұмыс атқарады. Бұл - Абай әлемі және вокал үйірмелері. Биғаш негізгі мектебінде ашылған 3 үйірмеге 51 бала қатысады. Сурет, қазақ күресі және баскетбол үйірмелері жұмыс істеп тұр. Тассай ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінде 7 үйірме ашылған. Хореография, домбыра, вокал хор, жас эколог, ағылшын тілі, Абай әлемі және өлкетану үйірмелерінде 130 бала тәрбиеленуде.
Инклюзивті білім беру бағытында «Жұмсақ ойыншықтар» үйірмесі жемісті жұмыс жасауда. Үйірме жетекшісі Жанна Жабекова 16 оқушыға арнайы жабдықталған шебер кабинетінде сабақ береді.
Сонымен қатар Оқушылар шығармашылық сарайының шәкірттері мен педагогтары облыстық, республикалық, халықаралық, байқауларға белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауы­мыз керек» деген нақыл сөзі бар. Балаларды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу мен білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз