ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

28 ақпан күні аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың төрағалық етуімен аппараттық кеңес отырысы өткізілді. Кеңеске ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекеме және ұйым, қызмет өкілдері қатысты.

Аппараттық кеңес басында аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы аудандық аурухананың жаңадан тағайындалған бас дәрігері Махат Габдуллинді таныстырды. Махат Амангелдіұлы Көкпектінің тумасы. Туған жерінде білім алып, алғашқы еңбек жолын бастап, адал еңбегімен елге сыйлы бола білген ардақты азамат. Жаңа басшысының жауапты қызметіне сәттілік тілеп, аудандағы медициналық қызмет сапасын жақсарту бағытында бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.


Күн тәртібінде бірқатар маңызды сұрақтар қаралды. «Ауыл аманаты» жобасының ауданда жүзеге асырылу барысы тыңдалды. Аудан әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Мақсат Сүйесінов баяндама жасады.
- Көкпекті ауданына 2023 жылға «Ауыл аманаты» жобасы аясында 223 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Барлығы 41 өтініш түсті. Бүгінгі күні 39 өтініш қанағаттандырылып, барлығы 222 миллион 100 мың теңге қаражат игерілді. Нәтижесінде 248 ірі қара мал, 283 жылқы және 45 қой-ешкі сатып алынды, - дейді Мақсат Сайлауғазыұлы.
Аудан әкімі орынбасарының мәліметі бойынша Көкпекті ауданында 2024 жылғы жоба аясында арзандатылған несие алушылар саны 63 адам болады деп жоспарлануда. Бөлінген несие қаражаты 311 миллион 440 мың теңге. Барлық жобалар ауыл шаруашылығына бағытталған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 15 ақпандағы хатына сәйкес ағымдағы жылы бөлінетін қаражаттың 50 пайызы мал шаруашылығына, 40 пайызы өсімдік шаруашылығы және 10 пайызы ауыл шаруашылығы емес кәсіп түрлерін қаржыландыруға бағытталуға тиіс. Қазіргі уақытта «Семей» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуде. Құжаттар толығымен бекітілгеннен кейін өтінімдерді қабылдау жұмыстары басталады.
- «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы - ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл халқын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу мақсатында жүзеге асырылып жатқан жоба. Ауылды дамытуға арналған бірегей жоба деп сеніммен айтуға болады. Басты мақсаты - ауылдық жерлердегі халықтың табысын арттыру. Халық бұл жобаға үлкен үміт артып отыр. Сондықтан Көкпекті ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын барынша жүзеге асыруға барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек, - деді аудан басшысы.
Өңірлік жұмыспен қамту картасының ауданда жүзеге асырылу барысы туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрбек Сүлейменов ақпарат берді. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы жауапты бөлім басшысына мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына орналас-тыру және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы тапсырмаларды орындау аса маңызды екенін ескертті. Ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, көрсеткіштерді толық орындау міндеттелді.
Келесі кезекте ауданда ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану, егілетін жер телімдерінің көлемі және көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары талқыланды. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Серік Байсенгіров атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
- 2024 жылғы жоспарлы егіс алқаптарының құрылымына сәйкес ауыл шаруашылық дақылдардың жалпы алқабы 111,9 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 89,8 мың гектар егілетін алқаптар, 22,1 мың гектар парға қалтырылған жерлер. Бұл көрсеткіш облыс бойынша барлық егістік алқабы көлемінің 12,0 пайызы. Статистикаға сүйенер болсақ Көкпекті ауданында 2023 жылы бидай түсімі гектарына 9,3 центнер, арпа түсімі гектарына 8,6 центнер, сұлы түсімі гектарына 5,7 центнер және күнбағыстың түсімі гектарына 9,4 центнерден болды.
Көктемгі егіс науқанына Көкпекті ауданы бойынша тұқымдарға қажеттілік 7186,8 тонна. Шаруашылық субъектілері тұқымның басым бөлігін «Астана-Нан» ЖШС, «ОХМК» ЖШС, «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «КХ Багратион ВВГ» ЖШС, «Семена масличных» ШҚ, «Камышинское» ШҚ және Ресей Федерациясынан сатып алады. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге Көкпекті ауданына төмендетілген бағамен 1710 тонна дизель отыны бөлінді. Облыс бойынша бірнеше операторлар анықталды. Олар «Шығыс Мұнай өнімдері» ЖШС, «Sati-Oil» ЖШС, «Алтын Мұнай ЛТД» ЖШС, ЖК «Ахметов З.З.» және «Petro Retail» ЖШС, - дейді Серік Дүйсембайұлы.
Бөлім басшысы аудан шаруаларының көктемгі егістік жұмыстарына арзандатылған несие алу, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылып жатқанын айтты.
Күн тәртібінде Көкпекті аудандық оқушылар шығармашылық сарайында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Бұл тақырыпта мекеме басшысы Асқар Сүлейменов баяндама жасады. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев аталмыш мекемеде атқарылған жұмыстарға жоғарғы баға берді. Жасөспірімдерге қосымша білім мен тәрбие беру мақсатындағы жүйелі жұмысты жалғастырып, ауылдарда филиалдар ашу, үйірмелер санын көбейту бағытында еңбектену керектігін атап өтті.
Аппараттық кеңесті қорытындылай келе, аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы орынбасарларына, аппарат басшысына, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, маңызды міндеттер жүктеді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз