СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН  ҚҰТТЫҚТАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...

Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...

АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...

  • СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

    СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

    07.03.2025 05:56
  • ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН  ҚҰТТЫҚТАДЫ

    ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    06.03.2025 10:48
  • АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    04.03.2025 12:14
  • Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

    24.02.2025 11:03
  • АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    24.02.2025 06:52

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылында жаңа мешіт пен қатымхана ашылды. Алла үйін жеке кәсіпкер, Үлкенбөкен ауылының тумасы Ринат Солтабаев салып берді.
Қараша айының 10 жұлдызында Үлкенбөкен ауылында жаңа мешіттің ашылу рәсімі салтанатты түрде аталып өтті. Ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеген жиынға Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Абай облысы бойынша өкіл имамы Асқар қажы Әбітайұлы, еліміздің барлық түкпірінен келген құрметті қонақтар қатысты.


Сәулетті мешіт пен 500 орындық ауқымды қатымхананы Үлкенбөкен ауылында туып-өсіп, өркендеген Солтабаевтар әулеті жерлестеріне тарту етті. Өңірімізге белгілі кәсіпкер, жомарт жанды меценат Ринат Солтабаев бас болып, ағайындарын жұмылдырып, жерлестеріне имандылық ордасын салып беруді ұйғарған екен. Мешітке осы ауылға маңдай тері сіңген еңбекқор азамат, әкелері Тұрарбек Тілеубергенұлының атын берді.
Мешіт құрылысы 2023 жылдың мамыр айында басталып, 6 айдың ішінде толық аяқталған. Алла үйіне келушілерге барлық жағдай жасалған. Үздік сәулет үлгісіндегі мешіт, дәрет алу ғимараты, 500 орындық қатымхана - барлығы да заманауи үлгіде жасақталған.
Қуанышты шараға көптеп жиналған Үлкенбөкен ауылының тұрғындары мен мәртебелі меймандарды аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев айтулы шарамен құттықтады.
- Құрметті жерлестер, қадірменді қонақтар! Баршаңызды Үлкенбөкен ауылында бой көтерген зәулім мешіт пен қатымхананың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Мешіт - жер бетіндегі имандылық үйі. Жақсылықтың жаршысы. Қайырымды істердің ошағы. Бүгін ашылып отырған Тұрарбек Тілеубергенұлы атындағы мешіт осынау игіліктердің бастауы болғай деп тілейміз. Ауыл жамағатының арманы орындалды. Қуаныштарыңыз құтты болсын! Ауыл халқына осындай сый жасаған елжанды азамат Ринат Тұрарбекұлына, барша Солтабаевтар әулетіне ерекше алғыс білдіреміз. Жаңадан бой көтерген мешіттің ішіне жамағат толып, асыл дінімізге қалтқысыз қызмет ете берсін, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев туған жеріне деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсеткен азаматтарға лайықты марапат жасады. Солтабаевтар әулетінің алтын діңгегі, Ринаттың анасы Күлзипа Құсайынқызы «Асыл Ана» меделімен және Данияр Тұрарбекұлы «Толағай табыстары» медалімен марапатталды. Сондай-ақ мешіт құрылысына атсалысқан Нұрлыбек Ташубаев, Мұратбек Әбілқайырұлы, Кулянда Ешенқызы, Ержан Жотабаев, Светлана Пышная және ауылдық округ әкімі Қайрат Жылқышевқа аудан әкімі «Алғыс хат» табыстады.
Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы, облыс әкімінің кеңесшісі Талғат Мәзібаев, Тұрарбек Тілеубергенұлының інісі Тұрсын аға, ауылдың үлкені Ғабидолла ақсақал ауыл тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, ізгілік пен қайырымдылықтың ғасырлар бойы өшпейтінін айта келе, игі іске атсалысқан барша азаматтарға алғыстарын білдірді.
Жаңа нысанның лентасын ауыл ақсақалдары және Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы қиып, имандылық ордасының іші мұсылман жамағатына толуына тілек білдіріп, Алланың үйіне алғашқы діни кітаптарын табыстады. Ауыл үлкендері батасын жаудырып, ақ жаулықты әжелер шашу шашты.
Жамағатпен алғашқы жұма намазы оқылып, ел игілігі мен әлем тыныштығы үшін дұға жасалды. Артынан ас беріліп, Тұрарбек Тілеубергенұлының рухына бағышталып құран-қатым түсірілді.
Имандылық шарасында елімізге танымал айтыс ақындары сөз сайыстырды. Алаштың атақты ақындары, жыр додасының хас шеберлері Балғынбек Имашев пен Айшолпан Төлеутай, Сырым Әуезхан мен Дидар Қамиевтың сөз саптаулары мен орамды ойлары өнерсүйер қауымның құлақ құрышын қандырды.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз