5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
Еліміз бойынша жүріп жатқан «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында кәсіпкерлер, қарапайым еңбек адамдары қоғамдағы тұрмыстық жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларына қамқорлық көрсетіп, демеушілік жасауда.
Сондай жомарт азаматтардың бірі «Елім-ай» ауылшаруашылық кешенінің басшысы, мешітке үнемі жанашыр болып жүретін Болат Миғражұлы Бекбердиновтің игі ісін мақтанышпен айтып, көпке үлгі етуге болады. Кәсіпкер көп балалы және жағдайы төмен 10 отбасына азық-түліктей көмек жасады.
Первая в этом году сельскохозяйственная ярмарка, организованная по поручению акима района, прошла 16 февраля на центральном рынке села Кокпекты. Свою продукцию представили Кокпектинский, Тассайский, Теректинский, Шугылбайский, Улкенбокенский, Кокжайыкский, Бигашский, Ульгулималшынский сельские округи, с/о имени К. Аухадиева, а также села Толагай и Шариптогай.
Основная цель этого мероприятия - стабилизация цен на продукты питания. Бойкая торговля началась с самого утра. Сельские жители закупали сельхозпродукцию по доступным ценам. Заместитель акима района Жасулан Майкенев посетил ярмарку, оценил качество предлагаемой населению продукции и ценовой диапазон.
По информации, предоставленной отделом сельского хозяйства и предпринимательства Кокпектинского района, на ярмарке было реализовано 640 кг КРС, 300 кг баранины, 300 кг рыбы, 80 кг меда, 900 кг картофеля, 300 кг капусты, 700 кг моркови, 50 кг рыбного фарша, 90 кг сливочного масла, 4 тонны корма для скота, 20 кг солонины, 12 кг талкана, 6 кг курта.
КӨКПЕКТІ
Ақпан айының 16 күні Көкпекті ауылының орталық базарында ауданымыздағы дәстүрлік сипат алған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасын тапты. Аудан әкімдігінің тапсырмасымен ұйымдастырылған жәрмеңкеге Көкпекті, Тассай, Теректі, Шұғылбай, Үлкенбөкен, Көкжайық, Биғаш, Үлгілімалшы, Қ.Аухадиев ауылдық округтері және Толағай, Шәріптоғай ауылдары өздері өсірген бақша дақылдарын, жалпы ауыл шаруашылық өнімдерін жұртшылыққа қолжетімді бағамен саудалады.
Аталмыш игі шараны өткізудегі басты мақсат - азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру. Көкпекті ауылында қызу сауда басталып кетті. Ауыл тұрғындары сапалы әрі арзан бағадағы жергілікті өнімді осындай жәрмеңкелерден алып үйренген. Жәрмеңкеде сапалы өнімдер сатылды. Жәрмеңкені аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Майкенов аралап, халыққа ұсынылған өнімдердің сапасы мен бағаның тұтынушыларға қолжетімділігін тексеріп шықты. Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің ақпараты бойынша бұл күні 640 келі ІҚМ еті, 300 келі қой еті, 300 келі балық, 80 келі бал, 900 келі картоп, 300 келі орамжапырақ, 700 келі сәбіз, 50 келі тартылған балық еті, 90 келі сары май, 4 тонна жем, тұздалған азық қоры 20, талқан 12 келі, құрт 6 келі саудаланыпты.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.