5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
КӨКПЕКТІ
Ақпан айының 16 күні Көкпекті ауылының орталық базарында ауданымыздағы дәстүрлік сипат алған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасын тапты. Аудан әкімдігінің тапсырмасымен ұйымдастырылған жәрмеңкеге Көкпекті, Тассай, Теректі, Шұғылбай, Үлкенбөкен, Көкжайық, Биғаш, Үлгілімалшы, Қ.Аухадиев ауылдық округтері және Толағай, Шәріптоғай ауылдары өздері өсірген бақша дақылдарын, жалпы ауыл шаруашылық өнімдерін жұртшылыққа қолжетімді бағамен саудалады.
Аталмыш игі шараны өткізудегі басты мақсат - азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру. Көкпекті ауылында қызу сауда басталып кетті. Ауыл тұрғындары сапалы әрі арзан бағадағы жергілікті өнімді осындай жәрмеңкелерден алып үйренген. Жәрмеңкеде сапалы өнімдер сатылды. Жәрмеңкені аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Майкенов аралап, халыққа ұсынылған өнімдердің сапасы мен бағаның тұтынушыларға қолжетімділігін тексеріп шықты. Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің ақпараты бойынша бұл күні 640 келі ІҚМ еті, 300 келі қой еті, 300 келі балық, 80 келі бал, 900 келі картоп, 300 келі орамжапырақ, 700 келі сәбіз, 50 келі тартылған балық еті, 90 келі сары май, 4 тонна жем, тұздалған азық қоры 20, талқан 12 келі, құрт 6 келі саудаланыпты.
Сондай-ақ, аудан әкімінің есептік кездесуінде «жем сату» мәселесі көтерілген еді. Осы мәселенің шешімі табылып жәрмеңкеде қолжетімді бағамен мал азығына жем сатылды. Жалпы мұндай жәрмеңкелер ауыл тұрғындарына тиімді екені даусыз.
Осындай апта сайын өтетін жәрмеңке халық игілігі үшін жасалып жатқан қайырымы мол шара екендігіне баса назар аударуымыз қажет. Қарапайым халықтың қамы үшін ұйымдастырылған бұл жәрмеңке екі жаққа да тиімді болып, бағалары қолжетімді болуы шарт.
САМАР
16 ақпанда Самар ауылында Самар, Миролюбовка, Сарыбел, Құлынжон, Аққала, Мариногорка, Палатцы, Бастаушы ауылдық округтерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.
Бұл жолы ауыл шаруашылығы өнімдерін сату ауылдық округ әкімдіктерінің, тұрғындардың және жеке кәсіпкерлердің белсенді қатысуымен азық-түліктің төмен баға бойынша сұранысқа ие екендігін, жәрмеңкенің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көрсетті.
Тұтынушылар мұндай жәрмеңкені көптен күткен болатын. Жәрмеңкеге келушілер ұсынылған тауарлар мен өнімдерді қуана сатып алды. Самар ауылының тұрғыны К. Садықовтың жас сиыр малының еті қолма-қол өтіп кетті. Сондай-ақ, қой етіне де сатып алушылар тарапынан сұраныс болды.
Самар ауылдық округінің жетекші маманы Е. Сауыхтың берген ақпараты бойынша жәрмеңкеде екі бас ірі қара малдың және үш бас қойдың еті саудаланды. Ал, «Қалисатарұлы», «Мәмбет» шаруа қожалықтары малға жем ұсынды. Сарыбелдіктер мен миролюбовкалықтар жәрмеңкеге балық өнімдерін, бастаушы ауылдық округі – сүт өнімдерін әкелді. Самар ауылының жеке кәсіпкері Р. Раевтың балы да өз сатып алушыларын тапты.
Ауылдардан жеткізілген азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алған тұрғындар ризашылықтарын білдіріп тарасты. Сонымен қатар, бұл күні сөрелерден орын алған макарон өнімдері, жұмыртқа, көкөністер мен жемістер нарықтық бағадан төмен бағада сатылды. Самарлықтар мен жәрмеңкеге келушілер күннің жылынуына байланысты мұндай жәрмеңкелер жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін білдірді.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.