5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаилов 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудандағы ардақты ана -апаларды, көп балалы аналар мен түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қауымын құттықтады. Мерекелік ақ дастарқан жайылып, ауданның дамуына өлшеусіз үлестерін косып келе жатқан аналарға құрмет көрсетілді. Басқосуда бірқатар көпбалалы аналар және еңбек майданында аянбай еңбек етіп жүрген әйелдер қауымы марапатталды.
Ақ жаулықты аналарымыз, намысты аруларымыз қоғамның сан түрлі саласында елге адал қызмет етіп жүр. Жанұясының ғана емес, бүкіл Көкпекті ауданының өркендеуіне үлес қосып келеді. Атап айтсақ, білім, мәдениет, медицина, жергілікті басқару, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, спорт және өзге де салаларда озат еңбегімен көзге түсіп жүрген нәзік жандар жеткілікті.
Толығырақ...Баянды Какенович Кужамбетов, председатель Кокпектинского филиала партии « Нұр Отан» в 1997-2009 гг.:
Уважаемые земляки! Уважаемые члены партии «Нур Отан»!
Ровно двадцать лет назад была организована партия «Отан». Конструктивные силы объединились, чтобы поддержать и реализовать курс реформ, предложенных Главой государства Н.А.Назарбаевым, который позволил нам преодолеть социально-экономические трудности. В 2006 году в партию «Отан» влились несколько партий, что позволило еще больше укрепить ее ведущую роль. Она стала называться народно-демократической партией «Нур Отан». Под руководством Главы государства, Председателя партии «Нур Отан» Н.А.Назарбаева народ уверенно преодолел кризисные 1998-1999 годы, удалось объединить широкие массы казахстанцев для решения конкретных общенациональных задач. Сегодня усилия партийных организаций направлены на развитие и укрепление главных позиций. Первое – благополучие граждан страны. Второе - мир, политическая и и экономическая стабильность. Третье – толерантность народа Казахстана.
Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні аудан әкімі А.Смайылов Самар ауылының азаматтарын қабылдады. Негізінен өтініш берушілердің өтініштері әлеуметтік сипаттағы, яғни тұрғын үй, материалдық көмек, атаулы әлеуметтік көмек мәселелеріне қатысты болды. Бұл күні аудан басшысының қабылдауында барлығы 9 адам болды,оның ішінде төртеуі көпбалалы аналар. Барлығын алаңдатқан – баспана мәселесі.
Тұрғын үй алуға өтініш білдіргендердің мәселесіне баса назар аудара отырып, Асхат Сайдахметұлы аудан бойынша жалпы тұрғын үй мәселесі, тұрғын үй алу кезектілігінің тәртібі туралы егжей-тегжейлі түсінік берді. Аудан әкімі Самар ауылындағы иесіз пәтерлер мәселесін шешуді ерекше бақылауға алды. Бүгінгі таңда ауылда 10 пәтер бар, олардың меншігін шұғыл түрде, қажет болса сот органдары арқылы анықтау тапсырылды. Тұрғындарға бастысы баспана берілсе, жөндеу жұмыстарын өздері жүргізуге дайын.
Тұрғын үй мәселелерімен қатар, өтініш берушілер балаларға, ауру туыстарын емдеу үшін материалдық көмек көрсетуді сұрады. Барлық азаматтардың материалдық көмек, атаулы әлеуметтік көмек беру бөлім басшысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Қ.Мұқышевке жүктелді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.