Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Бас ауырып, балтыр сыздай қалса, алдымен жүгінетініміз «жедел жәрдем» қызметі. Шақырту түсе салысымен олар көмекті қажет ететін мекен-жайдан табылуға асығады. Медицинаның ең шұғыл түрдегі қызметі болып табылатын осы жандар жиі сынға ұшырап жататын кездері де болып тұрады. Дегенмен, «жедел жәрдем» жұмысының қаншалықты жауапты, әрі қиын екенін біле бермейді екенбіз. Оны олармен болған бір күнде анық сезінгендей болдық. Осы сала мамандарының қауырт жұмыстарын көру мақсатында арнайы бір күнімізді бөліп, әр адамның денсаулығы үшін арпалысқан жедел-жәрдем қызметкерлерінің қасында жүрдік. Олардың жанкешті әрі маңызы жоғары еңбектерінің куәсі болдық, ой түйдік.
ҮЛКЕН ЖҮЙЕНІҢ БІР БӨЛІГІ
2011 жылдың наурыз айында тұрғындарға жоғары сападағы ме-дициналық көмек көрсету мақсатында аудандық ауруханада барлық құралдар мен медициналық техникалармен жабдықталған жан сақтау бөлімі ашылған. Дәл осы жерде көршілес «жедел жәрдем» бөлімі орналасқан. Екі бөлімде жас болса да білікті де тәжірибелі анестезиолог- реаниматолог дәрігер Сәбит Жалбағаев меңгерушілік етеді. «Жедел жәрдем» бөлімі 10 адам жұмыс істейтін 4 құрамнан тұрады. Атап айтар болсақ, 4 фельдшер, 4 жүргізуші, қабылдау бөлімінің медбикесі мен санитарлық қызметкер. Бір күн күндізгі және түнгі екі ауысымнан тұрады. Әр фельдшерге бір жүргізуші бекітілген. Бөлімшеде дефибриллятор, портативті оттегі, зембіл сияқты бірқатар қажетті жабдықтар бар. Фельдшерлердің қораптарында керекті дәрі-дәрмектер бар, олар үнемі жаңартылып отырады. – Біздің ұжымның жауапкершілік сезімі барлығынан жоғары тұрады. Әрқайсы үлкен жүйенің ажырамас бір бөлігі тәрізді жедел әрі бірігіп жұмыс істейді. Себебі біздің құтқаруға асығатынымыз ең құнды байлық – адам өмірі, - дейді Сәбит Жолдасбекұлы.
Реализация задач, поставленных Главой государства в послании «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность» в каждом округе нашего района идет по - разному. Однако определенные результаты в этом направлении у каждого свои. Например, в Беленском сельском округе, по словам акима округа Мухтара Жанкебаева, полным ходом идет работа по кооперации, улучшению условий для развития сельского хозяйства, благоустройству села.
- В этом году весной в рамках госпрограммы «Развитие регионов» мы ввели новую футбольную площадку на сумму 4 млн.тенге, и теперь у нас 2 спортивных объекта. На очереди волейбольная площадка на сумму 1 млн. 200 тыс. тенге, которую планируется завершить до 15 августа. Кроме волейбольного корта, на территории площадки будет установлена небольшая воркаут площадка, оборудованы места для болельщиков, - говорит Мухтар Кайыргазинович.
Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері және ардагерлері!
Сіздерді осы аптада аталып өткен кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да тың табыстарға жете отырып, абыройларыңыздың арта беруіне тілектеспіз!
Құрылыс саласы қоғамдық өміріміздің күрделі әрі кешенді жүйесі, ал құрылысшы құрметті де мәртебелі мамандық екендігін өмір өзі дәлелдеп келеді.
Елордамыз Астана еліміздің осы заманғы жедел өсіп келе жатқан ірі қаласына және Еуразия кеңістігіндегі үлгілі астанаға айналуы, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін көрсетеді. Ал, өңірімізде жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары өңір экономикасының көтеріліп келе жатқандығын аңғартады.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.