Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бас ауырып, балтыр сыздай қалса, алдымен жүгінетініміз «жедел жәрдем» қызметі. Шақырту түсе салысымен олар көмекті қажет ететін мекен-жайдан табылуға асығады. Медицинаның ең шұғыл түрдегі қызметі болып табылатын осы жандар жиі сынға  ұшырап жататын кездері де болып тұрады. Дегенмен, «жедел жәрдем» жұмысының қаншалықты жауапты, әрі қиын екенін біле бермейді екенбіз. Оны олармен болған бір күнде анық сезінгендей болдық. Осы сала мамандарының қауырт жұмыстарын көру мақсатында арнайы бір күнімізді бөліп, әр адамның денсаулығы үшін арпалысқан жедел-жәрдем қызметкерлерінің қасында жүрдік. Олардың жанкешті әрі маңызы жоғары еңбектерінің куәсі болдық, ой түйдік.

ҮЛКЕН ЖҮЙЕНІҢ БІР БӨЛІГІ
2011 жылдың наурыз айында тұрғындарға жоғары сападағы ме-дициналық көмек көрсету мақсатында аудандық ауруханада барлық құралдар мен медициналық техникалармен жабдықталған жан сақтау бөлімі ашылған. Дәл осы жерде көршілес «жедел жәрдем» бөлімі орналасқан. Екі бөлімде жас болса да білікті де тәжірибелі анестезиолог- реаниматолог дәрігер Сәбит Жалбағаев меңгерушілік етеді. «Жедел жәрдем» бөлімі 10 адам жұмыс істейтін 4 құрамнан тұрады. Атап айтар болсақ, 4 фельдшер, 4 жүргізуші, қабылдау бөлімінің медбикесі мен санитарлық қызметкер. Бір күн күндізгі және түнгі екі ауысымнан тұрады. Әр фельдшерге бір жүргізуші бекітілген. Бөлімшеде дефибриллятор, портативті оттегі, зембіл сияқты бірқатар қажетті жабдықтар бар. Фельдшерлердің қораптарында керекті дәрі-дәрмектер бар, олар үнемі жаңартылып отырады. – Біздің ұжымның жауапкершілік сезімі барлығынан жоғары тұрады. Әрқайсы үлкен жүйенің ажырамас бір бөлігі тәрізді жедел әрі бірігіп жұмыс істейді. Себебі біздің құтқаруға асығатынымыз ең құнды байлық – адам өмірі, - дейді Сәбит Жолдасбекұлы.

МАЗАСЫЗ, БІРАҚ МАҢЫЗЫ МОЛ БІР КҮН
Телефон атаулыға тыныштық жоқ. Бірінен соң бірі бебеулеп барады. Шақырту қабылдап отырған дәрігерлер, межеге жеткенше асығатын көлік жүргізушілері, дәрі-дәрмек қобдишасын жанынан бір елі қалдырмайтын фельдшерлер. Бұл – күн-түні халық денсаулығын бақылауда ұстап, дертіне дауа іздеген науқастардың өміріне араша түсетін медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмысы.
Фельдшерлік құрамның таңғы ауысымы 9:00-де басталады. Бақыт Тарпанбаева түнгі ауысым кезінде болған шақыртулар жайлы толық ақпаратты күндізгі кезекшілікке келген Айжан Сағаловаға тапсырып жатты. Бұл деректер дәрігердің науқастар жайымен жақсы таныс болуы үшін қажет. Өткен күн бо-йынша 13 шақырту болған екен. Оның 8 шұғыл, ал 5 созылмалы. Кезекшілікті қабылдап алған фельдшердің келесі міндеті жүргізушінің жұмысқа кірісуін қадағалау. Қан қысымын, жүргізушінің жалпы жағдайын тексеру оны көлікті басқарып, шақыртуларға шұғыл жете алуы үшін қажет.
Медициналық халаттарды иығымызға іліп, өзімізді дәрігер сезініп шақырту күтіп отырған біз фельдшерді әңгімеге тарттық. – Көп адам ең тынымсыз жұмыс деп есептесе де, маған өз қызметім ұнайды. Осы салада жүрген 20 жылдың ішінде мен шұғыл шақыртуларға, кезекшіліктерге, жедел түрде көмек көрсетуге асығуға үйреніп алдым, - дейді Айжан Назарқызы.
«Алло, «Жедел-жәрдем» бөлімшесі. Айта беріңіз, қандай шағымыңыз бар? Мекен-жайыңызды толық айтыңыз» Міне, біздің естіген таңертеңгілік алғашқы қоңырауға жауап осы болды. Тұтқаның арғы жағында бейтаныс адам денсаулығына шағымын айтып жатты. Осы кезде кезекшілік қызметтегі фельдшерлік құрам да жолға шығуға даяр тұрды. Киген халаттарының түсіндей аппақ жүректерін қолына алып асығып бара жатқан жандардың бір күндік жұмысын бірлесіп атқаруды көздеген біздің кезекшілігіміз осылай бас-талды. Бұл 11:10 кезі болатын. Қалам-дәптерімізді қойынымызға алып, сыртқа шығып үлгерген Айжан Назарқызының соңынан ере шыққанымызда «жедел жәрдемде» жұмыс жасап жүргеніне 2 жыл болған Мәдениет Айдарханов көлікті дәл шыға беріске әкеліп үлгерді. Бар болғаны 5 минуттың ішінде ауылдың басқа жағына келіп тоқтадық. Көмек ұзақ уақыттан бері демікпесі бар және жүрегі ауыратын қарияға қажет болды. Айжан Назарқызы жедел түрде науқастың қан қысымын өлшеп, тамырына дәрі салып жатып, бізді жағдайға қанықтырды. – Науқастың аталмыш дертпен ауырғанына 21 жыл болды. Дәл қазір ентігуін тоқтатып жатырмыз, - дейді фельдшер. Жағдайын қалыптыға түсіріп, көмек көрсетуге 7 минут кетті. Ал, жағдайы орныққан қария бізбен әңгімесін бастап кетті. – «Жедел жәрдемді» күнде шақырамыз десек те болады. Бұл жандар менің дертіммен жақсы таныс. Әрдайым уақытылы келіп, көмек көрсетіп жүреді. Олардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Шын мәнінде, олар біздің құтқарушыларымыз. Мамандықтарына сай тез әрі сапалы көмек көрсетумен қатар, күннің не түннің қай мезгілінде шақыртқаныңа қарамастан, қабақ шытып көрген емес. Әркез күлімдеп жүріп, дертімізге дауа, көңілімізге шуақ беріп кетеді, - дейді көлік саласының ардагері Алтай Қоржынбаев.
Бұл күні медицина қызметкерлері мен журналистерден жасақталған құрам 8 шақыртуға барып, қызмет көрсетті. Айжан Назарқызының айтуынша, шақыртулар әдетте бұдан көп болады, тіпті 20 жететін кездері де болады.
Сағат тілі 19:00-ді көрсеткенде кешкі ауысымды қабылдап алатын фельдшер Гүлданар Аққазина келді. Тура таңертеңгі жағдайлар қайталанды. Айжан Назарқызы күндіз болған шақыртулар жайлы ақпарат берді. Одан кейін кешкі ауысымның жүргізушісі Болат Қасеновтің жағдайын тексеру, қан қысымын өлшеу жұмыстары атқарылды. Барлық ақпараттар арнайы журналға жазылып отырады. Бұдан соң, Гүлданар Момбайқызы өрт сөндіру бөлімшесіне хабарласып, қызметкерлер мен науқастардың санын айтады. Бұл алда-жалда өрт болған жағдайда өрт сөндірушілер сыртқа алып шығуы қажетті адамдардың нақты санын білулері үшін керек. Айта кету керек, Гүлданар Момбайқызы «жедел жәрдем» бөлімшесінде қызмет еткеніне 31 жыл болған. Бір күн күндіз, бір күн түнгі ауысымда болады.
«Жедел жәрдемнің» қызмет көрсету радиусы 3 километрді құрайды. Егер, шақырту түскен жер ауылдан қашықта болса, онда қоңырау ең жақын ауылдың фельдшеріне бағытталады. Алайда, жағдайы ауыр болған жағдайда «жедел жәрдем» жолға шығып, науқас аудандық ауруханаға жеткізіледі.
20:20 уақытында кешкі ауысымның алғашқы шақырту қоңырауы келіп түсті. Біз аталған жерге 20:25-те жеттік. Бұл аз уақыт па, әлде көп пе? Бұл сұраққа жа-уап беру қиын. Бір ұққанымыз, бұл адам өміріне араша болуға жеткілікті уақыт. Фельдшердің соңынан ілесе үйге кірдік. Гипертониямен ауыратын қарт әженің қан қысымы көтерілгені анықталды. Гүлданар Момбайқызы науқасқа екпе салып, қабылдауы тиіс дәрі-дәрмектер жайын түсіндірді. 10 минуттан соң науқас жеңілдеп, қалыпты жағдайға келген. «Жедел жәрдемнің» қызметіне разысыз ба?» деген сұрағымызға Надежда Вебер күлімдей жауап берді. – Фельдшерлердің де, жалпы аудандық аурухана дәрігерлерінің қызметіне ризамын, - дейді Надежда Егоровна. – Жақында терапия бөлімінде жаттым. Ол жерде де маған қажетті көмек көрсетіп, жоғары қызмет көрсетті. Ең бастысы, жұмыстарының балығын шын жүректен әрі адал жасауларында. Өмірімізге қосатын үлкен үлестері үшін алғыс білдіремін.
Біз науқсатың үйінен шығып, көлікке жетіп үлгерместен кезекшіден қоңырау келіп түсті. Бірден әрі қарай асыға жөнелдік. Қоңырау 3 күн бұрын велосипедтен құлаған адамның жақындарынан түсіпті. Посттравматикалық энцефалопатия деген күдікпен науқасты ауруханаға жеткізу қажет деген шешім қабылдады фельдшер. Қолы жарақаттанған әйел адамды көлікке отырғызуға көмектесіп жатқанымызда тағы бір қоңырау түсті. Науқас Семейден қызының үйіне қонақ болып шықты. Тағы да бес минут, біз межеленген орындамыз. Бақытгүл Әбілмажинова ауданымызға қонаққа бірнеше рет келген, «жедел жәрдемді» де бірінші рет шақырып тұрған жоқ. Диагнозы – холецистопанкреатит. Алғашқы көмек көрсетілген соң, фельдшердің ауруханаға жеткізу туралы ұсынысына келіспеді. Оның жағдайына алаңдаған Гүлданар Момбаевна науқасы тағы қайталанатын болса дереу «жедел жәрдемге» хабарласуын тапсырды. Жарты сағат өтер-өтпес уақытта аталған науқасты аурухананың қабылдау бөлімінен көрдік.
Сонымен, осы түні кезекші фельд-шердің телефонына 14 қоңырау түсті. Оның 6 жедел, 4 созылмалы науқастар.
P.S. Осылайша бір күнде шақырту түскен ондаған үйде болдық. Дәрігерлерді қайдам, соларға еріп жүріп, біз де қатты шаршадық. Бір сәт өзімізді «жедел жәрдем» қызметкері ретінде сезініп, абзал жандардың халыққа қызмет көрсетуі кезінде ұшырасатын қиындықтарын, жұмыстарының өте мазасыз және ауыр екенін көзбен көрдік. Міне, біз көрген «жедел-жәрдемнің» қауырт күндері мен түндері осылайша жалғаса береді. Мен бөлімшеден шығып бара жатқанда телефон тағы да безек қағып жатты...

Жансая СМАҒҰЛОВА

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз