Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімінің кезекті қабылдауында Самар өңірінің тұрғындарынан су құбырларының тесіліп, жер тоңының қатуына байланысты тұрғын үй секторындағы ауыз судың жетіспеушілігі туралы және Палатцы ауылдық округі аумағынан шаруа қожалықтарының жер телімдерін иеленуі мен пайдалану жөніндегі даулы мәселелерге қатысты екі өтініш түсті.
Екі жағдайда да Раджан Қайырқанұлы өтініш берушілерге Заңның аясында, ешкімнің құқығына нұқсан келтірмей, заң талаптарына сай егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.


Аудан басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басшылығына абоненттермен қарым-қатынасты реттеу үшін су құбыры желілерінің теңгерімдік және пайдалану жауапкершілігін анықтайтын актінің болуы қажеттігін ескертті. Сол уақытта участкеге жауапты тұлғаны анық білесіз. Сондықтан, осы тиісті құжаттардың болмауына байланысты коммуналдық шаруашылық кәсіпорыны екі күннің ішінде кемшіліктерді жойып, суға қажеттілігі бар жанұяға көмектесуі керек.
Жер қатынастары туралы даулы сұрақ бойынша өтініш берушіге сотқа жүгініп немесе ауылдық округ аумағында бос жер телімдерін алу бойынша конкурсқа қатысу ұсынылды.
«Қандай да бір жер пайдаланушылардың мүддесін жақтап, қолдап кетуге мүлде болмайды» Барлығы заң аясында, қатаң тұрғыда шешілуі керек, - деді аудан әкімі.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз