Желтоқсан айының басында Семей шаһарында ауыл жастарының ұйымдастыруымен тамаша бір басқосу өтті. Бұл іс-шара ауылдың бүгінгісі, ертеңгісі, болашағы жайлы ойлаған азаматтардың бірегей бастамасы. Тассай ауылының киелі топырағында дүниеге келіп, бүгінгі күні өз кәсіптерін дөңгелетіп, артындағы ел-жұрттың қамын ойлап жүрген азаматтар Байгереев Берік Серікпайұлы, Шахарманов Жангелді және олардың ізбасарлары Жұмашев Алмас, Сафиоллаев Дінмұхамед, Тұрлыбеков Саяхат және де Құдайбергенов Бақдәулет пен Көбейов Еркебұлан (2021 жылғы ТМД елдері арасындағы ХХІ ғасыр көшбасшылары, «Үздік студент» номинациясының жеңімпаздары) бастама көтеріп, ауыл әкімі Мазыбаев Ержан Құдайбердіұлы қолдау көрсетіп, ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына үлес қосқан үш буынның басын қосты.
21 желтоқсан күні облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев «Балалар жылы» аясында Абай облысын биік тұғырдан көрсеткен оқушылар мен студенттерді қолдау мақсатында жыл көлемінде жетістікке жеткен дарынды да талантты балалармен кездесті.
Кездесуге халықаралық, республикалық интеллектуалдық олимпиадалар, ғылыми жобалар, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары атанған 50 оқушы қатысты. Аймақ басшысының дарынды оқушылармен кездесуі Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында болды.
22 желтоқсан күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің кіші залында «Жаңа Қазақстан жастары» атты жастар форумы өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Алижан Артықбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахымбаев қатысты. Сондай – ақ ауданның түкпір-түкпірінен белсенді жастар мен жастар саясаты мамандары, спортшылар, мәдениет саласының қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер, еріктілер, «Жасыл ел» жауынгерлері, полиция қызметкерлері, энергетика саласының мамандары, кәсіпкерлер және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері басқосты.
Дети - наше будущее. Достойное образование и воспитание подрастающего поколения - общая задача для всех нас. Большой вклад в ее исполнение вносит детский сад «Көкпекті - Толағайы» в районном центре, предоставляющий нашим детям первую ступень воспитания и образования.
На прошлой неделе этот детский сад с размахом отпраздновал свой пятилетний юбилей.
Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында Көкжайық ауылдық округіне қарасты Ақой ауылында шағын орталық ашылды. Пушкин атындағы орта мектеп жанынан жұмысын бастаған мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ашылуы Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың бастамасымен жүзеге асырылды. Игілікті шараға аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы қатысып, ауыл халқының қуанышын бөлісті.
Теректі ауылындағы орта мектеп жанынан шағын орталық ашылатын болды. Бұл туралы Ұлы Отан соғысының батыры Қойгелді Аухадиев атындағы орта мектебін аралау барысында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев мәлімдеді. Аудандық білім бөліміне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын орталық жұмысын іске қосу туралы тапсырма берілді.
26-27 қарашада Балалар жылына орай таэквондо ITF бойынша 8-9 және 10-11 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында Семей қаласының ашық біріншілігі өтті. Бұл жарыстарда жаттықтырушы Бақыт Ғазизұлы Рахимовтың шәкірттері сәтті өнер көрсетті.
Сельское хозяйство является одной из важнейших отраслей для нашей страны. Ведь работа по развитию аграрного сектора, являющегося «кормильцем» района, не сходит с повестки дня. Конечно, нельзя не упомянуть о вкладе трудолюбивых крестьян в развитие данной отрасли.
Поскольку аграрный сектор является приоритетным направлением для нашего государства, развитие этой отрасли не остается без внимания главы государства Касым-Жомарта Токаева. В Послании Президента народу Казахстана нашли отражение его взгляды на развитие аграрного сектора и промышленности.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.