Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Желтоқсан айының басында Семей шаһарында ауыл жастарының ұйымдастыруымен тамаша бір басқосу өтті. Бұл іс-шара ауылдың бүгінгісі, ертеңгісі, болашағы жайлы ойлаған азаматтардың бірегей бастамасы. Тассай ауылының киелі топырағында дүниеге келіп, бүгінгі күні өз кәсіптерін дөңгелетіп, артындағы ел-жұрттың қамын ойлап жүрген азаматтар Байгереев Берік Серікпайұлы, Шахарманов Жангелді және олардың ізбасарлары Жұмашев Алмас, Сафиоллаев Дінмұхамед, Тұрлыбеков Саяхат және де Құдайбергенов Бақдәулет пен Көбейов Еркебұлан (2021 жылғы ТМД елдері арасындағы ХХІ ғасыр көшбасшылары, «Үздік студент» номинациясының жеңімпаздары) бастама көтеріп, ауыл әкімі Мазыбаев Ержан Құдайбердіұлы қолдау көрсетіп, ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына үлес қосқан үш буынның басын қосты.


Алқа жиыннан Астана, Алматы, Павлодар қалаларында қызмет етіп жүрген азаматтар да қалған жоқ. Шараның мақсаты туған жерге еңбегінің тері сіңген әр түрлі салада еңбек еткен аға буынға ерекше құрмет көрсету, бүгінгі күннің ерлері және болашақтың иелері жастардың еңбегіне баға беру және марапаттау. Көп болып жұмылып, ауылдың кәсіпкерлері мен іскер азаматтарының, балықшылардың, атбегілері мен аңшылардың қаржылай қолдауымен «Ауыл жанашыры», «Жыл адамы-2022» атты атақтар берілді, сонымен қатар алғыс хаттар табысталды. Атап айтсақ, «Үздік ұстаз» - Смағұлов Нығметжан, «Үздік дәрігер» - Смағұлов Азатқадыр, «Үздік мемлекеттік қызметкер» - Кайкибаева Салтанат, «Үздік көкпаршы» - Слямов Ғалым, «Үздік кәсіпкер» - Каликов Марат, «Ұлттық спорт жанашыры» - Дукумбеков Шапат, «Үздік балықшы» - Солтабаев Дулат, «Үздік ұлағатты ұстаз» - Чалова Сайраш, «Үздік халық жанашыры» - Тусупбеков Біржан, «Үздік Тассай тарланы» - Байгереев Берік сынды азаматтар «Жыл адамы-2022» атанды. Елдің көңілі көтеріліп, Абай облысында тұңғыш өткізіліп отырған ауыл азаматтарының басқосуын маңызды бастаманың бастауы десті. Аталған азаматтардың еңбегі ерен, олар ауыл халқының мақтаныштары. Терапевт-дәрігер Азатқадыр Омарбекұлының халық денсаулығын нығайтудағы еңбегі өлшеусіз. Талай адамды ажал тырнағынан аман алып қалған бесаспап маманның біз үшін абыройы асқақ. Көкпаршының үздігі атанған Слямов Ғалым әулетімен атбегілер, көкпаршылар. Марқұм Слямов Заман кезінде балуан, ат құлағында ойнайтын атбегі еді. Сол үрдісті бауырлары мен балалары жалғастыруда. Мемлекеттік қызметші хатшы Салтанат Каримжанованың халыққа қалтқысыз қызметі айтарлықтай.
«Ауыл жанашыры» аталымымен марапатталған азаматтар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосумен қатар барлық жақсы бастамалардың демеушілері. Қайырымдылық шаралардың белсенділері. Мұқтаж адамдардың жанашырлары. Олардың азаматтық ұстанымдарына, жомарттылықтарына ауыл халқы дән риза. Солардың бірі Тусупбеков Біржан бақша өсірудің жаңа технологиясын меңгерген бағбан, халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.
Ауылымыздың тумасы Букумбаев Тілек жерлесіміз, ақын Сапышев Айбектің сөзіне жазылған «Тассайым» әнімен мерекелік кештің әрін келтірді. Толассыз ән де айтылды, би де биленді. Ең бастысы, әр сөз алған азамат ауылдың бүгінгісі мен болашағына бей-жай қарамайтынын білдірді.
Өмірін мал шаруашылығын дамытуға арнаған Әлміш ата, кезінде ауыл зоотехнигі болған Ермек аға, ферма басқарған Құдайберді ағалар жастарға алғысын білдіріп, ауылдың болашағын аманаттады. Ұзақ жылдар ауыл кітапханасын басқарған, кейіннен хатшы болған Бабажанова Күләш, қой өсіруші комсомол-жастар бригадасының мүшесі, Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің депутаты болған Құсайынова Рысқан, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Чалова Сайраш, ардагер ұстаздар Жәңгірбаева Күлбан, Нәбиева Күлғасыл, медицина саласына еңбегі сіңген медбике Джакитова Хадиша апаларымыз тарихты тереңінен қозғап, көңіл тебірентер, ой салар тағлымы мол деректер келтірді. Еспенің төрінде «Салбурын» өткізіп, маңай жұртын таң қалдырған айтулы саятшы Дүкембеков Шапат та осы отырыстың қонағы болды. Аңшылықты насихаттап, шәкірттерін тәрбиелеп, ұлттық дәстүрді жаңғыртып келеді. Атбегілер мен көкпаршылар қазақтың байырғы қосалқы кәсібінің шашбауын көтеріп жүрген азаматтар да орта толтырды.
Ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпының озығын сақтаған жұрты бар, батырын бағалай білетін, қартын құрметтей білетін рухты жастары бар екеуінің бірі ат құлағында ойнап, Салбурын салып, саятшылық құратын, Көкпар тартып, «Тассай барысын» өткізетін елі бар осы бір алақандай ауылдың береке-бірлігі ішінде. Отырысқа қатысқан әрбір жас та өзінің міндет-парызын арқалап, жаңа бір бастаманың көшбасшысы болатынын сезініп қайтты. Ұлттық тағлым-тәрбиені, ұрпақ сабақтығын айшықтаған басқосу көпке дейін ел аузынан түспейтіні анық.

Мейрлі Садыкова,
Тассай ауылы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз