Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

29 Мамыр 2019

РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ САУАПТЫ ІС

Үлгілімалшы ауылындағы мешітінің ірге тасы қаланғалы мешітімізге ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Тек жыл сайын мешіттің ішіне ғана ауыл тұрғындарының көмегімен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп әктеліп, боялып отыратын. Өткен жылы мешіт алқасының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарының қаржылай көмегімен мешіттің ішіндегі үстел мен орындықтары жаңартылып жөнделген болатын. Биылғы жылы да Үлгілімалшы ауылынан шыққан азаматтардың көмегімен, ескі есіктер мен терезелер ауыстырылып, жаңадан пластик терезелер мен есіктер орнатылды. Туған жеріне жаңашырлық танытып,балалық шағын ауылда өткізген жерлестеріміз туған жеріне туын тік дегендей қол ұшын беріп көмектескен жандарды атап айтсақ Ерғазы Бабажанов, Ержан Естаев,Ержан Жакупов,Жарқын Тұрсынханов, Алмас Тұрсынханов, Мұрат Батыров, Азамат Қажығұлов, Ербол Кокенов, Нұржан Кокенов, Жомарт Садықов, Айдос Тоқпаев, Дәулет Бабажанов, Еркімбек Байтұнов, Абылғазы Көкпаев, Мұхамеднұр Ибраев, Серік Абылхаиров, Жандос Камзин, Әнеш Ақатаев, Ерлан Асқаров, Фархат Калкенов, Исламбек Кунапиянов, Мейірбек Баймұхамбетов, Азамат Көкенов, Ерболат Көкенов, Аңсар Дзюбаев, Әсет Халелов, Қайнар Дзюбаев, Айдын Читимов, Жақсылық Шынарбеков, Марат Халелов,т.б азаматтар болса осы істің басы қасында жүріп ұйымдастырған Бақытбек Байғалиевке алғысымыз зор. Ермек Сыдықұлы бастаған мектеп ұжымы және әкімшілік ұжымы көмектесіп ісіміз оңға басты.

Read more

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕЛУДЕ

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспарындағы басты тапсырмалардың бірі –бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған әрбір сотталған адамға қоғамда өз орнын табуға көмектесу болып табылады.
Бұл қамшының сабындай қысқа өмірде қателеспейтін адам болмайды. Ең бастысы сол істеген ісінен сабақ алып, қайталап қателікке бой алдырмау керек. Сондай-ақ, бізде есепте тұратын азаматтардың ішінде қателігінен сабақ алып өмірге деген құлшысы артқан азматтар жетерлік. Пробация қызметі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған сотталғандарға қатысты өз қызметін жүзеге асырады.
ШҚО бойынша Көкпекті аудандық № 1пробация қызметі аудандық ішкі істер органдарымен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған сотталғандарға профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандарға қадағалау күшейтіліп, Көкпекті аудандық ІІБ ӘПБ учаскелік полиция қызметкерлерімен есепте тұрған сотталғандар жайында уақытылы ақпараттар алмасып, оларды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, профилактикалық әңгіме-сұхбат өткізеді. Қазақстанда пробация қызметі заңдылықты жетілдіру бағыты болып табылады.

Read more

КУБОК ИЕЛЕРІ - "СЕРІЛЕР"

Көңілді және тапқырлар клубы ойындары аудан жастары арасында танымал. Себебі командалар оларға жайдары көңіл-күй мен көңілді уақыт сыйлайды. Биыл да бұл ойын шетте қалмады.
2019 жылдың маусымы қараша айында басталды. 20 дан аса команда келіп тіркелді. Ойындар жыл көлемінде қараша, желтоқсан, қаңтар ақпан наурыз, сәуір, мамыр айларында өтті. Маусымашар 1/8, 1/4 жартылай финал және финалдық ойындар болды. Жиырма команданың ішінен 4 команда суырылып финалға шықты. Ақтық мәреге өнерін көрсеткен додада озған 4 топ бақ сынасты. Атап айтқанда, Көкпекті орта мектебінің «Серілер», Шұғылбай ауылының «Шұғылбай құрамасы», Көкжота ауылының «Көкжота құрамасы», Тассай ауылының «Пішінә» командалары қатысып, әсерлі ойын, әдемі әзілді көрсетті. Жалпы тақырыптағы ойын көрсетуден құралып, көрермендерге көңілді күлкі кешін сыйлады.

Read more

ӨТІНІШТЕР АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

20 мамыр күні аудан әкімінің орынбасары Жаслан Талғатұлы Майкенов аудан әкімінің қабылдауына тіркелген азаматтарды қабылдап, олардың өтініштеріне құлақ түрді.
Мәселен қабылдауға келгендердің алды болып кірген Үлкенбөкен ауылынан көп балалы ана Әсемгүл Алпысова қазіргі тұрып жатқан үйі апаттық жағдайда, жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражаттың тапшылығын айтып жергілікті билік орындарынан көмек сұрап келді. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік алу үшін құжат жинап өткізсе де әлі алмағанына шағымданды. Әсемгүлді мұқият тыңдаған Жаслан Талғатұлы ауыл әкімі және тиісті бөлім басшысына тапсырма берді.

Read more

ОҢТҮСТІКТЕН ҚОНЫС АУДАРУ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСАДЫ

Көкпекті ауданына соңғы екі жылда еліміздің оңтүстік өңірлерінен 30ға жуық отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша қоныс аударуда. Еңбек ұтқырлығын арттыру бағдарламасының ауданда жүзеге асуы жайлы аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Айжан Сайфуллақызының айтуынша, 2018 жылы Республиканың Оңтүстік өңірінен 12 отбасы 49 адам қоныс аударған. Олар Алматы облысы Қаратал, Сарқанд және Қарасай аудандарынан Көкпекті, Шәріптоғай, Ажа ауылдарына көшіп келген.
Қоныс аударушылар жаңа мекенде тұрақты жұмыс тауып, жайлы баспанаға ие болды. Квотаға енгізілген 12 отбасы 49 адамының ішінде 16 адам жұмыспен қамтылды. 5 көшіп келуші азамат аудандық кәсіпкерлік палатасы арқылы «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсын оқуға ниет білдірді. Оларға баспана алып, қоныстануға жергілікті атқарушы билік тарапынан барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Жалпы қоныс аударушыларды қаржылай қолдау үшін мемлекет бюджетінен 11 045,0 теңге бөлінген. Оның ішінде қоныс аударғанда субсидиялары – 4292,3 мың теңге, қоныс аударушыларға тұрғын үйлеріне жалға алу және коммуналдық шығындарды өтеуге – 6 млн. 752,2 мың теңге жұмсалған. «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыс күші көп аймақтардан (Алматы, Жамбыл, ОҚО, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жұмыс күші тапшы өңірлерге (СҚО, ШҚО, Павлодар, Қостанай облыстары) ерікті қоныс аудару қарастырылған. Бұл бағытта үміткерлерді ерікті қоныстандыру кезеңінде қатысушыларға мемлекеттік қолдау отбасының әрбір адамына көшіп барған әрбір адамға 88375 теңге көлемінде бір реттік, оған қоса тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беріледі.
Жұмыспен қамту орталығы мекемесінің берген мәліметіне сәйкес Көкпекті ауданы бойынша қоныс аударушыларды қабылдау квотасы 24 отбасы 86 адамды құрайды. Қоныс аудару үшін жалпы 28737,0 мың теңге оның ішінде тұрғын үйді жалға алу субсидиясы -18544,0 мың теңге, қоныс аударуға субсидия – 10193, 0 мың теңге бөлінген. Қазақстан Республикасының жұмыс күші көп облыстарына атап өтсек, Маңғыстау, Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстары, Шымкент қаласы бекітілген іс-сапар кестесіне сәйкес шығу жұмыстары жүргізіліп, барлығы 437 адамға ақпараттық түсіндіру жұмыстары жасалды. Соның нәтижесінде ағымдағы жылдың маусым айында тағы 15 отбасы 57 адам көшіп келуге өтініш білдірген. Оның ішінде бес отбасының отағасы сәуір айында біздің ауданды келіп көрді. Биылғы оқу жылы аяқталғаннан кейін Шәріптоғай, Көкпекті және Биғаш ауылдарына қоныстанбақ. Бүгінгі күнге 1 отбасы бес адам Биғаш ауылына қоныс аударды, тиісті субсидиялары маусым айында жүргізіледі.

Read more

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз