Ағымдағы жылдың 26-27 маусым күндері Көкпекті және Самар ауылдық округтерінде аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов сала бөлімдері басшыларының қатысуымен аудан тұрғындарын қабылдады.
Ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық тыныс-тіршілігін жан-жақты қамтыған бұл қабылдау, өзінің ауқымдылығы және өзектілігімен ерекшеленді. Бұл іс-шарадан алдын-ала құлақтанған ауыл тұрғындары қабылдауға көптеп келді. Әрқайсысы өзінің ойында көптен жүрген күпті мәселелері мен сұрақтарына толыққанды жауап алды. Қабылдауға келушілердің негізгі тілек-өтініштері бас-пана мәселесі, үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, жол, жер мәселесіне қатысты болды.
Ел ішіндегі тұрақтылық пен келісім күзетінде тұрған Қазақстан полициясы кәсіби мерекесін атап өтті. Биыл егеменді ел еңсесінде 26-биігін бағындырған тәртіп сақшыларының күн сайынғы еңбегі мен жанкешті ерлігі халық назарында. Жетістігіне мақтанып, кем-кетігіне күйінген елдің полиция қызметкерлеріне айтар алғысы да шексіз. Халық ықыласын, шынайы құрметі мен қошеметін ел-елде салтанатпен аталып өткен мерекеден-ақ аңғаруға болады.
Аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Асхат Смаилов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық маслихат хатшысы, бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жиында мемлекеттік Әнұраннан кейін сөз алған аудан әкімі «мемлекеттік қызметші күні» кәсіби мерекесінің маңыздылығына тоқталып, әріптестерін құттықтады.
Аудан әкімі Асхат Смаиловтың төрағалық етуімен аудандық әкімдіктің кезекті отырысы болып өтті. Әкімдік отырысының күн тәртібінде бруцеллез ауруының алдын алу және болдырмау бойынша қабылданған шаралар, ветеринариялық-санитариялық жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіп сақшыларының жұмысын ұйымдастыру, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу сынды өзекті тақырыптар қаралды.
Аудан әкімі әкімдік отырысына қатысушыларға жаңадан тағайындалған Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысын таныстырды. Жаңа басшы Талғат Қабиұлы Қаймулдиновтың еңбек жолын атап өтіп, жаңа қызметте жетістік тіледі.
Бруцеллез ауруының алдын алу және болдырмау бойынша қабылданған шаралар туралы ветеринария бөлімінің басшысы Ербол Төлешов баяндама жасады. Баяндамашының ақпараты бойынша ауданда бруцеллез ауруы өршіп тұр. Жыл басынан бері анықталған ауру мал басы еселеп артқан. Осы тұрғыда жыл сайын қайталанып отырған ауру ошақтарының көзін жою үшін мал иелеріне қойылатын талапты күшейтуге баса назар аударылды. Аудан әкімі ветеринарлық қызметтің жұмысын сынға алды.
25 июня под председательством акима района Асхата Смаилова состоялось аппаратное совещание. На повестке дня заседания акимата были представлены вопросы по профилактике бруцеллеза, его недопущения и о принятых мерах; о стабилизации ветеринарно-санитарного состояния; об организации работы охраны общественного порядка, о праздновании 20-летия Астаны.
Аким района представил участникам встречи вновь назначеннего руководителя Управления доходов по Кокпектинскому району Талгата Каймолдинова, ознакомил с его трудовой деятельностью и пожелал успехов на новом поприще.
Руководитель ветеринарной службы района Ербол Толешов выступил с докладом о мерах профилактики бруцеллеза и его недопущения на территории района. По информации докладчика, заболевание бруцеллезом в районе продолжает расти. С начала года число выявленных на бруцеллез увеличилось. В этой связи, особый акцент придавался усилению требований владельцам скота, ликвидации очагов заболеваний, устранения рецидивов. Аким рай она подверг резкой критике работу ветеринарной службы.
«Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарылған жұмыстың жағдайы» туралы отырыс өткізді.
Қайрат Малғаждаров төрағалық еткен отырыста Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жағдайымен басқарма басшысының міндетін атқарушы Ұ.А.Тайғұлов таныстырды.
Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасындағы ішкі партиялық тәртіп, партия Жарғысының орындалуы, «Нұр Отан»партиясы мүшесінің әдеп кодексі,партиялық бағдарламалардың партия тобында орындалуы туралы Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының заңгері О.Ю.Кривко сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарын зерделеген.
Уақытпен санаспай барлық жерде халыққа адал еңбек ететін, ақ халатты абзал жандар - медицина қызметкерлері екені белгілі.
Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара болды. Мерекелік шарада денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлерді мерейлі мерекелерімен аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин құттықтап, сала үздіктеріне аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.
-Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда.
Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз- деген тілегімді білдіремін.
Ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосып, қажырлы еңбек етіп жүрген тұлғалар Р.Мұсабекова, Қ.Ахмерова, С.Назарбаева, Ш.Далбина, О.Тоғаспаев, А.Қалиоллаева, Г.Галиева, А.Күміспаева, А.Елеусізов, А.Ақшабарова, Ж.Ақшалова, Р.Генатуллин, Ж.Рахманова, Н.Антипина, Н.Оспанова, А.Қайсанова, С.Нұралинова, К.Серғазинова, Г.Өмірзақова, Б.Тоқтағазинов аудан әкімінің алғыс хатымен маратталды. Ал клиникалы-диагностикалық емханасының меңгерушісі Нұрлан Аубакиров және аудандық аурухананың офтальмолог дәрігері Мұхаметхан Мұсабеков «медицина саласының үздігі» төсбелгілері берілді.
2018 жылы ШҚО ІІД бастығымен бекітілген «Бақытты балалық шақты қорғау» имидждік жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау мақсатында Көкпекты АІІБ-нің кадр жұмысы тобы бөлім бастығының арнайы бекіткен жоспары негізінде жұмыстар атқаруда.
Ағымдағы жылдың 1 маусымында «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, ІІО имиджін арттыру, арнайы мекемелерде тәрбиеленіп жатқан оқушыларды түзеу және оңалту мақсатында Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімінің жеке құрамымен Көкпекті ауданы Үлкен Бөкен ауылында орналасқан «ШҚО ерекше режимдегі арнайы мектеп интернатының» 11-18 жас аралығындағы оқушыларын және басқа да футбол командаларының шақырумен Көкпекті ауылындағы орталық стадионда шағын-футболдан кездесу-жарыс өткізілді. Жарыста жүлделі орын алған командалар, әсіресе мектеп-интернатының 2-ші орын алған футбол командасын Көкпекты АІІБ бастығы полиция полковнигі Камзин Руслан Қабдықалықұлы бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Г.Нұрғалиева, Көкпекті АІІБ бастығының орынбасары
полиция майоры
Өткен аптада аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов жұмыс бабымен Көкжайық және Үлгілімалшы ауылдық округіне қарасты шағын ауылдарында болып тұрғындардың әлеуметтік-мәдени жағдайларын көріп танысты.
Сапар барысында аудандық маслихаттың хатшысы Талғат Манапұлы Сарманов бірге жүріп, Ақой, Қарамойыл, Мамай, Нұра, Сүлеймен ауылдарының мектептері мен мәдени ошақтарын, шаруақожалықтарын аралады.
64 шақты тұрғыны бар Қарамойыл ауылында болған аудан басшысы ең алдымен ат басын білім ордасына тіреді. Оларды Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектептің директоры Айгүл Сыздықова қарсы алып, мектептің жағдайымен таныстырып өтті:
Маусым айының 18 күні аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы болып өтті. Жеке қабылдауға жазылған азаматтардың саны үш адамды құрады. Аудан басшысына келген тұрғындарының көптеген мәселелері су және жер телімдеріне қатысты болды.
Азаматтар тарапынан көбінесе су арнасын бөгеуге рұқсат алу, жер телімін беру және басқа да мәселелер көтерілді. Мысалы, қабылдауға келген Үлкенбөкен ауылының тұрғыны Кәкен Сүлейжанов жоғары өнімді балық түрлерін өсіру мақсатында Үлкенбөкен ауылынан жоғары орналасқан өзен арнасын бөгеп беру бойынша өтінішін қарауды сұрады. Аудан әкімі К.Сүлейжановқа сала басшыларымен бірлесе заң аясында тиісті жауап беретінін айтты. Келесі қабылдауға келген Көкпекті ауылының тұрғыны Зухра Калиева жер дауы бойынша мәселе қозғады. Осы орайда Асхат Сайдахметұлы жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Бахтиновқа аудандағы бос жатқан жерлерге түгендеу жүргізіп, жердің картасын жасауды тапсырды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.
<< | < | Маусым 2018 | > | >> | ||
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |