Ел ішіндегі тұрақтылық пен келісім күзетінде тұрған Қазақстан полициясы кәсіби мерекесін атап өтті. Биыл егеменді ел еңсесінде 26-биігін бағындырған тәртіп сақшыларының күн сайынғы еңбегі мен жанкешті ерлігі халық назарында. Жетістігіне мақтанып, кем-кетігіне күйінген елдің полиция қызметкерлеріне айтар алғысы да шексіз. Халық ықыласын, шынайы құрметі мен қошеметін ел-елде салтанатпен аталып өткен мерекеден-ақ аңғаруға болады.
Бұл күні тәртіп сақшыларының кәсіби мерекелеріне орай, Көкпекті аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі А.С.Смаилов құқық қорғау органдарының қызметкерлерін құттықтап, қоғам ты-ныштығы жолында атқарып жатқан жұмыстарына жеміс тіледі. Полиция күніне арналған жиын барысында Асхат Сайдахметұлы бүгінде орталарында ардагер ағалар болып отырған А.Таласпаев, Б.Жоңқабаев, Р.Арынов, С.Файзуллин, Н. Шәріповтің еңбектеріне алғыс айтып, аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, мерейлерін үстем етті. Ал, Қазақстан полициясының 26 жылдығына орай көп жылдық қажырлы еңбегі үшін және жас полиция қызметкерлерге патриоттық тәрбие бергені үшін ардагерлерлері П.Чуркин, Қ.Чайзадинов, Б.Әмірғалин, И.Новиков, С.Редкин, Т.Күдербаев, Р.Хайрулин, Э.Владимир, Ә.Оспанова, Қ.Смағұловқа табысталды. Мінсіз қызметі мен білікті кәсібилігі үшін үздік деп танылған тәртіп сақшылары аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды.
Бұл күні, сондай-ақ Самар ауылдық округінің жергілікті полиция бастығы полиция майоры Төлеубек Қалиев, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалімен мадақталды.
Көкпекті аудандық ІІБ бастығы Руслан Қамзин тәртіп сақшыларын мерекемен құттықтай келе, өз баяндамасында полиция қызметінің тыныс-тіршілігіне, тынымсыз еңбектеріне тоқталып, ардагерлерді атап өтіп, кейінгі жас буын қызметкерлерге үлгі етті. Баяндама соңында қиын да қызықты еңбектеріне жеміс, отбасыларына амандық, денсаулық, қуаныш, береке-бірлік тілеген Руслан Қабдыхалықұлы Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің Алғыс хатымен Көкпекті ауданы Ішкі істер бөлімінің ардагерлеріне бағалы сыйлықтар мен мадақтамалар тапсырды.
Бұл күні Ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі марапаттауларға ие болды. Салтанатты шарада Көкпекті аудандық ІІ бөлімінің бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлназ Нұрғалиева Қазақстан полициясының 26 жылдығына орай көтермелеу туралы бұйрықтарды таныстырып өтті. Мерейлі мерекенің қонақтары Көкпекті ауданы полиция ардагерлерінің атынан ардагер Ратбек Арынов ақсақал ақжарма тілегін жеткізді.
Салтанатты жиын барысында тәртіп сақшылары құрметіне Мәдениет үйінің қызметкерлері әсем әндерден шашу шашып өнерлерін паш етті. Мерекелік шара келесі күні шағын футбол ойынымен жалғасты. Осылайша, көңілге шуақ шашқан мерейге толы сәттен құқық қорғау қызметкерлері зор әсермен тарасты. Еліміздің болашағы, тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін, Тәуелсіз еліміздің одан әрі гүлденіп өркендеуі үшін талмай, қажымай еңбек етіп жүрген қы-рандай қырағы сақшыларды біз де мерекелерімен құттықтап, толайым табыстарға жете берулеріне тілектеспіз.
Серік Ахметқалиев, зейнеткер: - Еліміздің барлық полиция қызмет-керлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Оларға зор ден-саулық, қажымас қайрат пен ұзақ өмір тілеймін! Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер!
Серікболсын Тілебалдин, зейнеткер:
- Еліміздің қорғандары - полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілеймін. Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспін. Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!
Қарлығаш Қабдулина, Самар ПБ Көші-қон қызметі инспекторы:
- Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері және ардагерлері! Сіз-дерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандарыңыздың қатары көбейе берсін. Еліміздің қорғандары – полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілеймін
Долдан Берікбол полиция лейтенанты:
- Полицияда қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Бізге қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қамтама-сыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын-алу бойынша күрделі міндеттер жүктеледі.
Барлық әріптестеріме мықты ден-саулық, ырыс пен береке және еңбекте толағай табыс тілеймін!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.