Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Маусым айының 18 күні аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы болып өтті. Жеке қабылдауға жазылған азаматтардың саны үш адамды құрады. Аудан басшысына келген тұрғындарының көптеген мәселелері су және жер телімдеріне қатысты болды.

Азаматтар тарапынан көбінесе су арнасын бөгеуге рұқсат алу, жер телімін беру және басқа да мәселелер көтерілді. Мысалы, қабылдауға келген Үлкенбөкен ауылының тұрғыны Кәкен Сүлейжанов жоғары өнімді балық түрлерін өсіру мақсатында Үлкенбөкен ауылынан жоғары орналасқан өзен арнасын бөгеп беру бойынша өтінішін қарауды сұрады. Аудан әкімі К.Сүлейжановқа сала басшыларымен бірлесе заң аясында тиісті жауап беретінін айтты. Келесі қабылдауға келген Көкпекті ауылының тұрғыны Зухра Калиева жер дауы бойынша мәселе қозғады. Осы орайда Асхат Сайдахметұлы жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Бахтиновқа аудандағы бос жатқан жерлерге түгендеу жүргізіп, жердің картасын жасауды тапсырды.

 

Ал Көкпекті ауылындағы Больничный қалашығынан келген зейнеткерлер Нафиса Нигматуллина мен Людмила Эрлихтің мәселесі су жөнінде болды.

Аталмыш сұрақтарға аудан басшысы заң аясында жауап беріп, әрбір азаматтың өтініш-ұсыныстарын бақылауға алатындығын айтып, өз орынбасарларына және тиісті мекемелер басшыларына әрбір азаматтың арыздарын мұқият зерделеуді, өтініш иелеріне нақты жауаптар беру бойынша тапсырмалар берді. Жеке қабылдауға жазылған азаматтар өздерін толғандырған мәселелерін айтып, қолдау сұрап, өз сауалдарына нақты жауаптар алды.

 

ШОЛПАН АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз