Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қараша 2014

03 Қараша 2014

МОЙ ДЕДУШКА - ГЕРОЙ!

Мой дедушка, Жунусов Сабигали - ветеран Великой Отечественной войны. Он родился 16 августа 1926 года в Курчумском районе. Перед началом войны его родители переехали в село Большевик Кокпектинского района Семипалатинской  области. Когда началось война, дедушке было всего шестнадцать лет.

В 1943 году его призвали в армию, где он воевал на многих фронтах. После войны дедушка продолжил службу в рядах Советской Армии. Домой вернулся только  в 1951 году. В том  же году  женился. С  бабушкой Оразбиби они воспитали восьмерых сыновей и двух дочерей. Дедушка 40 лет проработал механизатором в совхозе «Большевик».

         Каждый год, из разных городов Казахстана, приежают  на 9 Мая -День Победы его дети и внуки, чтобы вместе с ним отпраздновать этот священный праздник. В те дни, нам, внукам, дедушка расказывал о своих боевых товарищах, вспоминал страшные военные годы, показывал свои медали и многочисленные награды. Сейчас мы знаем, какой ценой, они ему достались. К большому сожалению, нашего любимого и дорогого дедушки сейчас нет рядом с нами. Но память о нем, как о человеке, герое, труженике, патриоте останется  вечно живой. Я думаю, что его дети и, мы, внуки и правнуки, сможем передать своим потомкам о нем эту  драгоценную память. Мой дедушка был последним ветераном Великой Отчественной войны, который оставался в живых в нашем селе Тассай. Его не стало в марте 2013 года. Конечно, на здоровье дедушки сказались его боевые ранения. Я думаю, если бы не война, мой дед был бы  еще живой. Поэтому мне очень хочется, чтобы  на Земле  не было никогда никаких войн и конфликтов!

    Шуак   Жунусова, ученица 7 класса  средней школы имени М.Ауэзова

Read more

КӨКПЕКТІДЕ ШЫҒЫС ЖЕКПЕ ЖЕГІ ӨРЛЕУДЕ

24-26 қазан аралығында ШҚО орталығы Өскемен қаласында  кадеттер мен юниорлар арасында шалт қимылмен қарсыласын шаң қаптыратын шығыс жекпе жегінен облыс чемпионаты өтті. 1990—1995 жылдарда тарихи елі Қазақстанға оралып еңбек еткен таэквондодан қара белбеудің 6 дан иегері, Қазақстан таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүріктің есімімен тығыз байланысты спорттың бұл түрі елімізде қанатын кеңге жаюда.

Таэквон-До, ушу, каратэ тамырын жүздеген ғасырлардан тартып жатқан ең көне жекпе-жектер саналады. Кореяда, Қытайда, Жапонияда пайда болған бұл шығыс шайқастары бүгінгі таңда осы халықтардың ұлттық мәдениетін бейнелейді. Аталған елдерде бұлар спорт түрлерінен гөрі адамның рухани тұлғасын қалыптастыратын күш-қуат, әдіс-айла амалдары болып табылады. Адам рухани жағынан мықты болуы үшін оған күшті, шыдамды, шапшаң, икемді және ептілікті дамыту жаттығулары жасалып, денесі шынықтырылады.

Ауданымызда жасөспірімдерді шығыс жекпе жегіне баулуда мәслихат депутаты, таэквон-до спортынан қара белбеу иегері, 2-ші Дан дәрежесі бар, аталмыш спорттың жаттықтырушысы Бахыт Ғазизұлы Рахимовтың бұл істегі еңбегі ұшан-теңіз. Облыстық чемпионаттан қоржынын қомдап қайтқан жаттықтырушы Б.Ғазизұлы қуанышымен бөлісті.

-Тартысты өткен жарыста көкпектілік спортшылар жоғарғы деңгейдегі дайындықтарын көрсете білді. Атап айтсам, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептен Назер ке Болатжанова 44 кг салмақта I-орын (юниор), Мөлдір Өмірбекова I-орын (кадет), спортшыларымыз қарсылас шақ келтірмей бірінші орындардан көрінсе, 47 кг салмақтағы (юниор) Самал Ғазизова, 63 кг салмақта (юниор) Әділжан Ақышев, 53 кг салмақ дәрежесінде (юниор) Шыңғысхан Серікбай сынды спортшылар жүлделі екінші орындарға табан тіреді.

Жүлделі орынға қол жеткізгендер ШҚО құрама командасының құрамына кірді. Енді олар қараша айының аяғында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысып, бақ сынайтын болады, - дейді спорт шебері өз әңгімесінде.

Бір айта кетерлігі, тәуелсіздік алғалы бері шығыс жекпе жегінің бұл түрі Қазақстанда, әсіресе жетіншектердің арасында кеңінен орын алып келе жатқаны қуантады. Оның ішінде Көкпекті ауданы спортшыларының жеткен жетістіктері де шаш етектен. Аудандағы шығыс жекпе жегін дамытуға бар күшін салып, осы уақытқа дейін қаншама шәкірт тәрбиелеп, спорт қоржынын алтын, күміс және қола медальдарға толтыруда қомақты үлес қосып жүрген спортқа жаны құмар азамат Бақыт Ғазизұлына талантты шәкірттеріңіз көп болсын, табыстардың биігінен көріне беріңіз дегіміз келеді.

Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ

Read more

БОЛАШАҚҚА БАСПАЛДАҚ - БАЛАБАҚШАДАН

Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндетті шешуге мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Ол өмір есігін жаңа ғана ашқан жас буындар денесінің, ақыл-ойының, сана-сезімінің дамуына, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамның қалыптасуына жағдай жасайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатты қоғам талабынан туады. Өйткені, елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар қажет.

Қазан айында Самар ауылдық округінің «Дәншік» балабақшасы ҚММ шенберінде «Әртүрлі іс-әрекетте денсаулықты сақтау технологиясын қолдану» атты аудандық семинар өткізілді. Бұл тиімді шараға білім беру бөлімінің мамандары, ауылдық жердегі балабақша тәрбиешілері, әдіскерлер қатысты.

«Өзін-өзі тану» пәні кабинетінде семинарға қатысушылар алғашқы қадамдарын «Денсаулық сақтау технологиясы» атты көрмені тамашалаудан бастады. Тәрбиеші Айтжамал Рақышева  көрменің заттарымен таныстырып өтті. Барлық жиналған материалдар ата-аналар мен тәрбиешілердің көмегімен жинастырылған. Мұнда табиғи тастар, тұқымдар, жапырақтар, ағаш қабықтары,тұрмыстық түрлі ыдыстар, ағаш және темір қалдықтар,  пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, түймелер,  қарындаштар, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, моншақтар, тағы да басқа керекті заттар, май табанға қарсы, қол мен аяққа нүктелік массаж жасауға даярланған заттар қойылыпты.

Балалардың қабілеті мен өнерлерін дамыту жолында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, аянбай еңбек етіп жүрген балабақшаның меңгерушісі Гүлнәр Қасымжомартқызы Шаймарданова семинарға қатысушыларға құттықтау сөзін жолдады. Басқарып отырған ұжымның тыныс-тіршілігімен таныстырды. Аудан көлемінде Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, қазіргі кезең талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеп, оқыту бағытындағы жүзеге асып жатқан «Балапан» бағдарламасы шеңберіндегі ізгілікті істер орындалып жатқанын хабардар етті.

Алдымызда тұрған ең басты мәселе тәрбиеленушілеріміздің денсаулығын нығайту және салауатты өмір салты әдетін қалыптастыру, - деді Гүлнәр Қасымжомартқызы.

Ұсынған бағдарлама өте тартымды, көркем және қызығушылыққа толы болды. «Күзгі орманға саяхат» атты сабақ жүргізген тәлімгер Марина Кузьмина, бүлдіршіндердің коммуникативтік және тану қабілеттерін көрсетті. Балалар толық және оңды жауаптарды тауып берді. Күз мезгілінің өзіне тән сұлулығын көркем сөздермен жеткізе білді.

Математикадан өткен ашық сабақта ересектер тобы ерекше көзге түсті. Берілген тапсырмалары мол молды. Тәрбиеші Айнұр Давлетханқызы балаларға жаттығуларды өзінің жылы жүзімен, жұмсақ тілімен жеткізе білді. Әр бала тапсырмаларға дұрыс жауап беріп, геометриялық пішіндерді меңгергендерін көрсетті және оларды тиянақтай тізбелеп айтып  отырды. Олар өздерін сабақта дұрыс ұстауды біледі. Сонымен қатар, балалар сергіту сәтінде интерактивтік тақтаға қарай отыра, гимнастика жасап, денелерін тынықтырып алды.

Айналамен таныстыру, жылжыйтын заттар, көліктер қызықты сабаққа айналды. Бөбектер әрбір көрсеткен көліктің мағынасын суреттеп берді, ұғымтал оқушылар екенін дәлелдеді. Тәлімгер А.Подскребконың тәрбиешілері өздерінің нақты табиғаттың білімгері екенін мақтаң етті. Бір бірінен қалыспай, табиғатқа серуенге шыққан кезде қандай ереже сақтау керек, орманның жануарлары туралы әңгіме айтып берді.

Орта тобының «Мақта қыздың тапсырмасы» атты сахналық көрініс қонақтардың көңілінен асып түсті. Әсіресе, кішкентай бүлдіршіндер тәп-тәтті Ульяна Самусенко, Кирилл Гордеев бал тілімен қазақша сайрап, көңілімізді бір көтеріп, сергітіп жіберді. Осы сүйкімді бөбектердің ата аналарына қазақ тілін үйреткен үшін мың да бір рахметімді айтқым келді. Өйткені, ересектер балаларының болашағын ойлаған деген сөз.

Барлық сабақтарда бір ғажайып қонақ қатысып, өз ыстық лебізін балаларға жеткізіп, сыйлықтарын таратты.

Мекеменің әдіскері Қ Дүсіпова семинар қатысушыларға «Әртүрлі іс әрекетте денсаулықты сақтау технологиясын қолдану» атты презентациясын паш етті.

Денсаулықты сақтау технологиясы - бұл денсаулықты жүйелі сақтаушы және түзетуші, сауықтырушы шара. Бала мен педагог, ата-ана мен бала, дәрігер мен бала байланысы арқылы жүзеге асады. Оның негізгі міндеті – баланы өзін-өзі басқаруға дайындау. Қажетті білім, білік, дағдыларын,белгілі бір әдеттерді бала бойына  сіңіру, балалардың денсаулығын сақтау қажеттілігін қамтамасыз ету, салауатты өмір салтына байланысты бала бойында білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, алған білімді күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

Динамикалық үзілістербалалардың шаршауына байланысты сабақ кезінде (2-5 минут) өткізіледі. Олар: көзге арналған жаттығулардың элементтері, сабақ түрлеріне байланысты тыныс алу,саусақ жаттығулары, релаксация, қозғалмалы және спорттық ойындар, саусақ гимнастикасы, т.б.

Кездесу барысында  «Су Джок» практикумді тәрбиеші Рашиля Капашева ұсынды. Сеул халық университетінің профессоры Пак Чже Ву өзінің 30 жылдық шығыс медицинасын зерттеу жұмысы барысындағы жаңалығы ретінде, адамдардың өзін-өзі түрлі кеселдерден емдей алатындай ерекше әдістемелерін паш етті. Ол әдістеме «су джок» (корей тілінен аударғанда «су» — алақан, «джок» — табан) деп аталды. Бұл әдістеме арқылы ағзаның кез келген бөлігіндегі кеселді дәрігерсіз-ақ емдеп алуға болады. Адамның денесі шартты бес бөліктен тұрады: бас, екі қол және екі аяқ. Алақандағы бес саусақ пен аяқтағы бесеуі — денеміздің бес мүшесіне сәйкестендірілген. Бас бармақ - бас, шынашақ пен сұқ саусақ — қолдарымыз, ортаңғы мен аты жоқ саусақ - аяқ. Алақанның білекке кетер жері кеуде клеткаларымыз да одан арғысы іш құрылысымыз. Алақанның сырт жағы — арқа болса орта сызығы — омыртқа. .Су Джок әдістемесінде маңыздысы басбармақ болып саналады. Басбармақтың іш жағы «бет» болса сырт жағы «шүйде». Енді табанға келсек ол жердегі сәйкестік жүйесі қолдыкімен бірдей.

Кездесу аяқталу кезеңінде семинарға қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, балабақшаның ұжымы сүп сүйкімді бүлдіршіндермен бірлесе жиналған қауымға арнап би билеп, ән шырқады. Психолог К.Кәрібаева жиналған қатысушылармен тренинг жүргізді. Соңынан барлықтары ыстық тілектерін гүл жапырақшасына жазып, ол жапырақшалар жарқыраған күн сәулесіндей болып, тақтаға іліп қойылды.

Білім беру әдіскері Г.Назарханова, сондай-ақ, семинарға қатысушылар өз сөздерінде, ауылдық жердегі балабақшаның жұмысын дамыту бағытымен іс-тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинарды жоғары жәрежеде өткізген балабақша ұжымы ризашылықтарын білдірді. Гүлжан Асқарқызының айтуынша, қазіргі таңда аудан көлемінде 8 балабақша жас ұрпақтың тәрбиесімен шұғылданып отыр. Соның ішінде жақында ғана бүлдіршіндерге есігін айқара ашып, жұртты қуанышқа кенелткен Преображенка мен Теректі ауылының жаңадан есігін айқара ашқан балабақшаның өкілдері де бұл шараға қатысты. Семинар барысында ауылдық жердегі балабақшаларда «Балапан» бағдарламасының жүзеге асуына өздерінің білімі мен кәсіби шеберлігін бүгінгі кезеңнің инновациялық-технологиялар негізіндегі жаңашылдығымен ұштастырып, ұрпақ тәрбиесіне атсалысып жүрген «Дәншік» балабақша меңгерушісі Гүлнәр Қасымжомартқызы Шаймардановаға, еңбекшіл ұжымның білімді тәрбиешілері мен әдскерлерге, семинардың ұйымшылдықпен, талап деңгейінде өтуіне барлық мүмкіндіктердің жасалғандығын айта келіп, зор денсаулық, творчестволық табыс, ізденіс тіледі.

Қазіргі таңда бала тәрбиесінде басым бағытқа ие – балабақша. Ойынмен уақыт өткізетін мекені, күндізгі ұйықтайтын жері, таңғы, түскі, тіпті кешкі тамақтанатын орны да балабақша. Яғни, балабақша бүлдіршіндер үшін екінші үйі, мыңдаған «балапандарды» ұшырып шығаратын «алтын ұя». Бір сөзбен айтқанда болашаққа баспалдақ - балабақшадан.

Қанат АПСАДЫҚОВА

 

Read more

Мылтықсыз майданның жауынгері

Еліміздің өткен өміріндегі бел-белестеріне ойша көз жіберсек, Ұлы Отан соғысының отты жылдары еске түседі. Иә, бұл бір халықтың басына туған қиын-қыстау, сұрапыл кезең еді. Майдандағы жауынгерлер де, тылдағы еңбеккерлер де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бүкіл халқымыз жеңіс үшін қажеттің бәрін істеді.

Майдан мен тылдың біртұтас қимыл-әрекеті сол ұлы Жеңіске жеткізген болатын. Сол бір жылдардың ел көкейінен ізі өшкен жоқ, соғыс өртінің шарпуы тимеген шаңырақ бар ма екен, сірә? «Майдан», «тыл» деген жай аты ғана. Әйтпесе, бірі мылтықты, бірі мылтықсыз – екеуі де жанкешті шайқас болғандығы анық. Ер азаматты оқ қинаған, бала-шағаны жоқ қинаған заман болған деседі ардагерлеріміз.

Сондай сұрапыл соғыс жылдарының тауқіметін кішкентайынан тартқан, ауданымыздағы Толағай ауылының тұрғыны Әділбек Терлікбаев туралы неге қалам тартпасқа.

Әділбек атамыз 1931 жылы Толағай түбіндегі Жолдыбай елдімекенінде дүниеге келген. Сұрапыл соғыс басталған кезде буыны қатаймаған бала болатын. Майдандағы әскерлерді азық-түлікпен жабдықтау мақсатындағы әр маусымдағы жұмыстарға араласып, мал бағып, өгіздермен жер жыртып, егін екті.

Мақаламыздың кейіпкері – Әділбек Терлікбаев өткен кезең жайында бізге сыр ақтарып, сонау қиын кезеңдерді ой елегінен өткізді.

- Қазір жасым 83-те. Кешегі сұм соғыстың зардабын артқан адаммын. Миллиондаған адамның өмірін қиып, бейбіт өмір сүріп жатқан қаншама отбасын бақытсыздыққа душар еткен сол бір сұрапыл соғыс басталған кезде мен небәрі 10 жаста едім. Осылайша сұм соғыстың өрті балалық шағымызды шарпыды, - дейді Әділбек атамыз. - Соғыс кезінде Қазақстан майданды киім-кешек, азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды. Жас деп ешкім қараған жоқ. Колхозда барлық жұмысты әйелдер, балалар атқарды. Бізде балалық шақ деген болған жоқ. Бәрі сұм соғыстың кесірі. Жер жыртып, егін егіп, мал өсіріп, одан өндірген өнімді майданға жөнелтіп отырдық. Өте қиын кезең болды. Бірақ, еш мойыған емеспіз. Тынымсыз еңбектің арқасында ғана жеңіске жетерімізді білдік. Сондықтан, жас болсақ та «Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен еңбек еттік.

Әділбек атамыздың соғыстан кейінгі өмірі де ауыр еңбекпен өтті. Өйткені, сұрапыл соғыстан кейін халықтың тұрмысы әлі де оңала қоймаған еді. Ұзақ жылдар бойы туған жері Жамбыл совхозында дәнекерлеуші болып еңбек етіп, құрметті еңбек демалысына шықты. Сондықтан болар көз жанарының күші кетіп екі рет ота жасатқан.

Колхозда еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан Әділбек қария зайыбы Бәтима екеуі 13 бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде сол балаларынан 43 немере, 28 шөбере, 1 шөпшек сүйген бақытты отбасы. Бәтима апамыз «Батыр ана» атағын алған «Алтын алқа» иегері. -Менің медальдарым Әділбек аталарыңнан да көп, - деп мақтанады Бәтима әжей.

Міне, Толағай ауылында осындай көп балалы отбасы, тыл ардагерлері ел қатарлы өмір сүруде. Ол кісілерді қарттар күнінде, Жеңіс күні қарсаңында да құттықтап ешкім де келмеген көрінеді. –Соңғы жылдары мереке күндері ешкім де шақырмайтын болды,- деп қария бір уақ қалың ойға шомды. Осындай ұрпақ өсірген отбасын біреу білсе, біреу біле бермейді. Сөз соңында Әділбек ата: -Біз көрген қиындықты кейінгі ұрпақ көрмесін. Сұм соғысты ешкімнің басына бермесін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, - деп ақ батасын берді.

«Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді» деген болатын хас батырымыз Бауыржан Момышұлы. Бұл күндері тыл ардагерлерінің жасы да - соңы сексеннің сеңгіріне, алды тоқсанның төріне таяп, қатарлары селдіреп қалды ғой...

Жастары келсе де, өңдері сыр бермеген қарттарымыз аман болсын. Нағыз құрметке лайық азаматтарды құрметтемей қайда қарап жүрсің, қазағым!

Жанерке АБЫЛХАН

Read more

КӨКПЕКТІЛІКТЕР КӨП АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛА АЛАДЫ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қыркүйек айындағы кеңесте: «Барлық әкімдерге негізсіз тауар бағаларының көтерілуін күнделікті бақылауын, жәрмеңке, тұрақтандыру қоры, әлеуметтік бөлімдер есебінен мүмкіндіктеріңізді ескеруді тапсырамын. Негізгі өндірістік тауарлардың бөлшек сауда бағасын реттеу үшін қала және аудан әкімдеріне уақытша тұрақтандыру қорларын құруды жүктеймін»,-деп тапсырма берген болатын. Бұл шараның мақсаты - азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның алыпсатарлық және негізсіз өсуіне жол бермеу және мерзімаралық бағалардың тұрақсыздануын деңгейлестіру бойынша белгіленген тәртіппен шаралар қолдану болып табылады. Міндеті – мына шараларды іске асыру арқылы өңірді өзін-өзі қамтамасыз етуі және бағаны тұрақтандыру: өңірдің азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жеткілікті, жергілікті азық-түлік және шикізат өндірісін орнықты дамыту, өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын құру, оларды сатып алу, сақтауды және қолжетімді бағамен сатуды ұйымдастыру, картопты және көкөніс өнімдерін сатып алуды, ұзақ уақыт сақтауды және мерзімаралық кезеңде сатуды ұйымдастыру.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

Read more

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз