Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қараша 2014

21 Қараша 2014

«ТРУД – ОТЕЦ БОГАТСТВА, МАТЬ - ЕГО ЗЕМЛЯ»

14 ноября в районе торжественно чествовали работников аграрного сектора. Это праздник тех, кто работает в области перерабатывающей промышленности, трудится в области сельского хозяйства профессионально, а также,  простых сельских тружеников, кто всю жизнь прожил "на земле". Преимущественно это люди сел,  частных хозяйств, которые занимаются разведением и выращиванием скота,  растениеводством, обеспечивая нас свежими овощами,  молоко и мясо- продуктами.

Сельское хозяйство – основа основ. Фактически это база всей жизни. Без него не было бы нормального существования не только в деревенской среде, но и в городской. На бетоне пшеницу не вырастить, с фонарного столба яблок не собрать… Какой бы научно-технический прогресс ни шагал по планете, без сельского хозяйства даже самому современному человеку никак не прожить. И потому работник сельского хозяйства – царь и бог всей продовольственной базы страны

Read more

И В МИРНОЕ ВРЕМЯ ЕСТЬ МЕСТО ПОДВИГУ

На территории села Караоткеля  находится устье реки Буконь, где расположена  рыболовецкая бригада В.Гриценко. В тот день рыбаки воздержались  рано выйти в море из-за ненастной, холодной погоды, оставив это хлопотное дело на после обеда.  Вадим с младшим братом Валерием  занимались подготовкой моторных лодок к выходу на море, проверяли уровень масла, готовили горючее. Недалеко от них шла стройка базы отдыха, где строители перекрывали кровлю крыши. Как раз в тот момент, они услышали крики о помощи со стороны водоема. 

Read more

13 Қараша 2014

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында 3-7 қараша аралығында IV Малдыбайқажы атында бокстан республикалық турнир өтті.

Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Шымкент, Алматы, Павлодар қалалары мен өңірдің басқа аудандарынан 100-ден аса былғары қолғап шеберлері жиналып, жарыс тартысты болды. Аталған жарыстан біздің ауданның боксшылары да құр алақан қайтқан жоқ. Ескерте кетсек, газетіміздің алдыңғы №84 санында Преображенка орта мектебінің 8 сынып оқушылары облыстан жүлдемен оралып, Республикалық турнирге жолдама алғанын айтып кеткен болатынбыз. Міне, уақыты келіп, көптен күткен турниріміз де өз мәресіне жетті. Виталий Чернашин 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп үшінші орынға ие болды. Боксшымыз алдағы жылы өтетін халықаралық жарысқа жолдама алды. Виталийге жеңістен-жеңіске жетіп, еліміздің көк туын әлем көгінде желбіретуіне тілектеспіз.

Read more

АУДАННЫҢ АҚТАҢГЕР АҚЫНЫ

Қиял құсы...

Ол құстың иесі - ақын. Ұяң кісі.

Түннен жасап алардай тамаша әлем,

Бойына бар ғаламның сияр күші.

Жоқ оның одан басқа зиянды ісі.

 

Бар үнімен,

Табиғаттың тілдесіп тамырымен,

Қара өлеңмен кәдімгі қаны - күрең.

Жұлдыздарға түнімен хат жазады ол,

Ақ Айдың жарығымен – деп Қ.Сарин ақындардың ішкі жан дүниесіндегі аласапыран ойды суреттеп жазған екен. Ақ айдың жарығымен хат жазып жүрген ақындарымыз Көкпекті ауданында да жоқ емес. Солардың бірегейі Төкен Елеусіз Асылханов. Ақын атамыз 1949 жылы дүниеге келген. Оқушы кезінен бастап қаламын қара өлеңге тартып, құрдастарына үлгі болған. 10 сынып оқып жүргенде, 1962 жылы «Жұлдыз» газетінде штаттан тыс тілші болып, мақалалары мен өлеңдерін жариялап отырған. 1963 жылы тілшілердің жиналысында «Ауыл тілшісі» деген атақ алып, мақтау қағазымен марапатталады. Мәдениет саласында 44 жыл еңбек етіп, Үлгілімалшы ауылындағы театрдың өркендеуіне бар күш-жігерін салған. 1983 жылы аталған театр «Халық театры» атағын жеңіп алғаннан кейін режиссер болып істеген. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз Жібек» пьесаларын қойған. Сол қызметте Совет үкіметі құлағанша жұмыс істеген. Кейіннен Совет үкіметі құлаған соң, Үлгілімалшыдағы театр жабылып қалған. Төкен Асылханов «Еңбектегі ерлігі үшін» мелалімен марапатталып, Кейіннен бірнеше Республикалық байқаудың лауреаты атанған. «Қара Ертіс», «Үлгілім – жыр гүлім» атты өлеңдер жинағының авторы. Бүгінгі күнде еңбек демалысына шыққан зейнеткер, үйреншікті әдеті бойынша, ауылда ұйымдастырылатын мерекелердің өтуіне атсалысып, басы-қасында жүреді. –Ұлы Отан соғысына осы ауылдан 126 адам аттанған, олардың 58-і оралған. Сұрапыл соғыс біреуін аяқтан айырса, біреуі ауыр жараланып қайтты. Жеңістің 25 жылдық мерейтойын 40 ардагермен қарсы алсақ, 40 жылдық мерекені 13 ардагермен өткіздік. Ал, Ұлы Жеңістің 50 жылдығын 5 ардагер көрді. 60 жылдығында ортамыздағы тірі тарих куәгері Тұрысбек Сыдықов қана қалды. Аллаға шүкір, ардагеріміз ортамызда, алдағы, Жеңістің 70 жылдық мерекесін осы ардагерімізбен бірге өткізсек деген үміттеміз, – дейді Төкен Елеусіз. Төкен аға Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында өңірдің ардагерлеріне арнап жазған естеліктерін, әрбір ардагерге жазған арнауларын, өлеңдерін жинақтап, «Ер есімі өшпейді» және ауылдың 80 жылдығына арнап, совхоздың тарихы, сол кездегі ауылға еңбегі сіңген азаматтар жайлы жазылған «Өмірдерек» кітаптарын шығаруды жоспарлап отыр.

Төкен Асылханов ауданның маңдайына біткен, көненің көзін көрген ақын десек артық айтпаймыз. Өз заманында шәкірт тәрбиелеп, айтысқа да үлесін қосқан ақын атаға зор денсаулық тілейміз.

Жанерке АБЫЛХАН

Read more

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЕЛДІ НҰРЛЫ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ ЕКЕНІНЕ СЕНІМІМ ЗОР

Партия мүддесі ел бірлігі мен ұлттар татулығы және бейбіт өмір болғандықтан біздер нұротандықтар, партиядың барлық бағыттағы жобаларын қолдаймыз, оның зор нәтижелері,ілкімді істерін үлгі тұтамыз және халық арасында кеңінен насихаттаймыз.

Тассай ауылдық округінің «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрайымы Сайламхан Қалиевнамен тілдесуді жөн көрдік. Сайраш апа партия ең алғаш құрылғаннан бастап, жұмыс атқарып келеді. Өзінің зейнеткерлік жасына қарамастан апамыз халыққа әрдайым көмек қолын созуда. -Ауылда 117 партия мүшелері бар. Онда үлкен кішіге қарамастан жұмыс атқарамыз,- дейді апамыз. «Нұр Отан» партиясы мүшелері ауыл тұрғындарының барлық буын өкілдерінен құралса да, өзара тіл табысуы да тез, ісі де ортақ.

Ауылымызда көптеген жұмыстар жоспар бойынша атқарылуда.

Мәселен, «Сәтті қадам» жобасы бойынша, наурыз айында мектеп бітіріп кеткен түлектермен кездесу өтті. С.Апсадыкова, М.Смагулов, Байжуманов сияқты мектебіміздің үлгілі, бетке ұстар түлектері кездесуге келіп, өздерінің ойларымен бөлісті. Келешекте «жастар саябағын» ашсақ деген ой салды. 

Read more

ҚҰРМЕТТІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ, АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Еліміздің тағдырындағы ауылдың маңыздылығына мән беріп былай айтқан: «Жер абаттанса, ел ауқаттанады. Ауылдың амандығы — елдің амандығы». Бұл сөздердің мағынасы терең екені сөзсіз. Әрбір елдің, мемлекеттің бар болуы әрі дамуы экономиканың осы саласына, оның ахуалына тура тәуелді болады. Сондықтан да, осы салада еңбек етіп, өзінің бар күш-жігерлерін жұмсап отырған ауыл еңбеккерлеріне – нағыз еңбекқор адамдар деп айтсақ болар. Сіздердің еңбектеріңіздің арқауы – ауданымыздың сондай-ақ, облысымыз бен еліміздің мәртебесі.

Ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеуші сала еңбеккерлері мерекесі күні еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған адамдардың алдында басымызды иіп, жүрекжарды алғысымызды айтамыз. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан биыл да тұрғындарды нанмен қамтамасыз етуге жетерлік өнім жиналды. Аудандағы уақытша тұрақтандыру қорына жеткілікті мөлшерде картоп пен көкөніс салынды. Мал шаруашылығында да айтарлықтай жетістіктер бар. Бүгінгі күні ауданымыздың агроөнеркәсіп кешені ауыл шаруашылығын индустриалды-инновациялық жаңғырту, жаңа техникалар мен құрал-жабдықтарды, заманауи ресурс сақтаушы технологияларды қолдану негізінде дамып келеді. Осының бәрі өңірдің ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп кешенінің аса зор әлеуетке ие екендігінің айғағы және бұл әрі қарайғы қарқынды дамуымыздың кепілі болмақ.

Құрметті ауыл еңбеккерлері мен агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері, сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қосқан сіздерге, сіздер арқылы барлық аграрлық саланың қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды айтып, келешекте де зор табыстар, мықты денсаулық, зор бақыт және отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз!

Д.Мусин, Көкпекті ауданының әкімі

Р.Беспаев, аудандық мәслихаттың хатшысы

Read more

ҚҰРМЕТТІ ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН АРДАГЕРЛЕРІ!

Сіздерді, Ұлттық валюта - теңге күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылдың 13 қарашасында республикамыздың Ұлттық валютасы - теңгені айналымға енгізу жөнінде Жарлыққа қол қойған болатын. Сол жылдың 15 қарашасынан бастап қазақ елінің төл теңгесі Отандық экономикамыздың өркендеуіне белсенді қызмет етіп келеді. 

Елбасының дәйекті де сындарлы саясатының арқасында ұлттық валюта егемендіктің символына айналып, тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі нығайта түсті. Бүгінгі таңда теңге өзінің мәртебесін сақтап, Қазақстанның қуаттылығын нығайтуға үлесін қосуда. Елбасының қаржыгерлерді мемлекеттің стратегиялық мақсаттағы жобаларын бірлесіп жүзеге асырудағы өзінің бірінші көмекшілері деп атауы тегін емес.

Әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарынан Қазақстанның лайықты орын алуы мақсатында Ұлттық валюта тұрақтылығын көрсетіп отыр. Көршілес мемлекеттердің валюталарымен салыстырып қарағанда біздің төл теңгеміз қаржылық жағынан бағалы екенін дәлелдеді.

Мерейлі мереке күні қаржы ісінің барлық қызметкерлерін, осы маңызды саланың өсіп-өркендеуіне атсалысқан ардагерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, мол табыс және қаржыгерлік қызметте үлкен жетістіктер тілейміз.

Д.Мусин, аудан әкімі

Р.Беспаев, аудандық мәслихаттың хатшысы

Read more

ТЫЛДА ЕҢБЕГІМЕН ТЕР ТӨККЕН

1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы бейбіт өмір сүріп жатқан қаншама отбасын бақытсыздыққа душар етті десеңізші? Осынау зұлмат жылдарда қан майданда және тылда аянбай еңбек еткен жандардың бірлігінің арқасында қаһарлы жаумен жұмыла күресіп, Ұлы Жеңіске қол жеткіздік. Елде қалып, соғысқа бармаса да екінші тыл майданында «Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін» - деген ұранмен еңбек еткен тыл ардагерлері қатары да жыл өткен сайын сиреп барады.

Міне, сондай тыл ардагерлерінің бірегейі Шәріптоғай ауылының тұрғыны Эмма Жұмажанова. Ол 1930 жылы Саратов облысының Красноармейский ауылында дүниеге келген. Әкесі Василий Беккер өрт сөндіру бөлімінде күзетші болса, шешесі Мария мектеп медбикесі болып жұмыс істеген. Соғыс басталған уақытта Эмма әжей небәрі 16 жаста ғана болған. 1942 жылдан бастап тылда еңбек етуге жіберген. –Тылда істемеген жұмысымыз болған жоқ. Мен сауыншылардың сүттерін өлшейтін есепші болып жұмыс істедім. Сұрапыл соғыстың көрсетпегені қалмады. Елде қалған әйелдер мен балалар азапты еңбек етті, - дейді Эмма Жұмажанова. Соғыс аяқталғаннан кейін 1963 жылы Шәріптоғайға көшіп келеді де, Мұқатай Жұмажановпен отбасын құрады. Жолдасы, марқұм, Мұқатай ата өз заманында тылда жұмыс істеген, қажырлы, сұрапыл соғыс заманын көзімен көрген азамат болған.

Read more

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ БАСТЫ БЕЛГІСІ

1993 жылғы 15 қараша күні төл теңгеміздің айналымға енгізілуі тәуелсіз еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылған ерекше оқиғалар санатында қалары анық. Содан бері өткен аз уақыттың ішінде тұрақталып, салмағы артқан ұлттық валютамыз қаржы нарығынан лайықты орын тапты.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып, ұлттық экономикасы қалай аяғынан тік тұрса, теңге де солай қалыптасты. Сондай-ақ, ұлттық валюта Елтаңба, Ту және Әнұранмен қатар егеменді мемлекеттің атрибуты болып табылады. Бүгінгі таңда теңге тек тәуелсіздіктің маңызды символы мен экономикалық негізі ғана емес, өткеніміз, бүгініміз бен болашағымыздың толық бөлшегі болып табылады. Теңгенің тарихы – бұл қазіргі Қазақстанның тарихы. Бұл мереке банк, қаржы ұйымдары, мемлекеттік қаржы мекемелерінің кәсіби мейрамы болып табылады.

Read more

ЮНЫЕ СПОРТСМЕНЫ РАДУЮТ УСПЕХАМИ

В селе Аксуат Тарбагатайского района с 3 по 7 ноября прошел республиканский турнир по боксу, посвященный Малтыбаю Кажи. В турнире приняли  участие более 100 ребят разных возрастов и весовых категорий. Представить Кокпектинский района выпало ребятам из Преображенской школы Виталию Черкашину и Жандосу Сатыбалдину.

Как рассказал нам тренер ребят Алмас Мизамитов, наши ребята показали неплохой результат.  - Учитывая, что они занимаются боксом сравнительно недавно – всего год, наши боксеры сумели отстоять честь своего района среди республиканских чемпионов и кандидатов в мастера спорта, - говорит Алмас Байжомартович. Виталий занял третье место в весовой категории 54 кг, став бронзовым призером турнира, уступив второе место боксеру из г.Алматы. Он был награжден грамотой, медалью и ценным подарком. 

Read more

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз