Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сіздерді, Ұлттық валюта - теңге күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылдың 13 қарашасында республикамыздың Ұлттық валютасы - теңгені айналымға енгізу жөнінде Жарлыққа қол қойған болатын. Сол жылдың 15 қарашасынан бастап қазақ елінің төл теңгесі Отандық экономикамыздың өркендеуіне белсенді қызмет етіп келеді. 

Елбасының дәйекті де сындарлы саясатының арқасында ұлттық валюта егемендіктің символына айналып, тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі нығайта түсті. Бүгінгі таңда теңге өзінің мәртебесін сақтап, Қазақстанның қуаттылығын нығайтуға үлесін қосуда. Елбасының қаржыгерлерді мемлекеттің стратегиялық мақсаттағы жобаларын бірлесіп жүзеге асырудағы өзінің бірінші көмекшілері деп атауы тегін емес.

Әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарынан Қазақстанның лайықты орын алуы мақсатында Ұлттық валюта тұрақтылығын көрсетіп отыр. Көршілес мемлекеттердің валюталарымен салыстырып қарағанда біздің төл теңгеміз қаржылық жағынан бағалы екенін дәлелдеді.

Мерейлі мереке күні қаржы ісінің барлық қызметкерлерін, осы маңызды саланың өсіп-өркендеуіне атсалысқан ардагерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, мол табыс және қаржыгерлік қызметте үлкен жетістіктер тілейміз.

Д.Мусин, аудан әкімі

Р.Беспаев, аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз