АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...

Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...

АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...

ӨЛКЕ ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕЙІК

ӨЛКЕ ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕЙІК

Кез келген өркендеуге ұмтылған өлкеге аса қажетті сала Өлкетану болмақ. Себебі өз елін, өз...

В НАШЕМ РАЙОНЕ ПОЯВИЛСЯ НОВЫЙ ФОНД

В НАШЕМ РАЙОНЕ ПОЯВИЛСЯ НОВЫЙ ФОНД

На прошлой неделе в ресторане «Елім-ай» села Кокпекты собрались руководители крестьянских...

  • АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    04.03.2025 12:14
  • Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

    24.02.2025 11:03
  • АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    24.02.2025 06:52
  • ӨЛКЕ ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕЙІК

    ӨЛКЕ ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕЙІК

    24.02.2025 06:46
  • В НАШЕМ РАЙОНЕ ПОЯВИЛСЯ НОВЫЙ ФОНД

    В НАШЕМ РАЙОНЕ ПОЯВИЛСЯ НОВЫЙ ФОНД

    17.02.2025 06:26

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Кез келген өркендеуге ұмтылған өлкеге аса қажетті сала Өлкетану болмақ. Себебі өз елін, өз өлкесін тани алмаған адам оны дұрыстап жақсы көре алмас, туған жері үшін қызмет ете алмас. Туған жерге деген сүйіспеншілік болмаса қанша қаражатпен де гүлдендіре алмассың. Баршаға түсінікті осы қағиданы назардан тыс қалдырған аймақтар уақыт өте келе опық жейтіні белгілі.
Кез келген өркендеуге ұмтылған өлкеге аса қажетті сала Өлкетану болмақ. Себебі өз елін, өз өлкесін тани алмаған адам оны дұрыстап жақсы көре алмас, туған жері үшін қызмет ете алмас. Туған жерге деген сүйіспеншілік болмаса қанша қаражатпен де гүлдендіре алмассың. Баршаға түсінікті осы қағиданы назардан тыс қалдырған аймақтар уақыт өте келе опық жейтіні белгілі.


Ақпанның 20-сы күні Көкпекті аудандық кітапханасында жергілікті өлкетанушылардың бас қосуы болды. Аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың өзі мұрындық болған бұл бас қосудың көтерген салмағы үлкен. Ол Көкпекті ауданының тарихи тұлғалары мен тарихи ескерткіштерін түгендеп, насихаттау және ұрпақ игілігіне жарату кезек күттірмейтін маңызды іс екенін айтып сөз бастады.
Кітапханада өткен өлкетанушылар жиынына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Түсіппекұлы, оқушылар шығармашылық сарайының директоры Асқар Дүйсенбекұлы, тарихи-өлкетану мұражайының қор сақтаушысы Клара Рафикқызы, Преображенка ауылынан ардагер ұстаз Таисия Васильевна Шнайдер, Тассай ауылынан ардагер ұстаз Садыкова Мейірлі Жанұзаққызы қатысты. Сондай-ақ қарт қаламгер Бейсен Ақанов, Қарағандыкөлден Майра Қасымқызы, Егінбұлақтан ардагер ұстаз Гүлмайраш Олжабаева, ақын Мұратқазы Бекішев келіп қатысты. Толағай ауылынан келген мұғалім әрі аңшы Николай Николаевич Руденконың өлке табиғаты туралы білері көп. Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Нұржан Ғалымжанұлы ауданның тарихына, рухани құндылықтарына бейжай қарамайды. Көкпекті ауылының тұрғыны Зайнуллина Алмаш Разайқызы ауданның біршама тарихына қанық санасы сергек жан.
Көкпекті ауданының тарихын жіпке тізгендей жинап, өлкенің тарихи тұлғалары мен тарихи ескерткіштерін үздіксіз көпшілікке насихаттап жүрген тарихшы-өлкетанушы Қайрат Қапайұлы Малгаждаров отырысты Көкпекті ауданының киелі жерлері туралы баяндамасымен бастады. 2024 жылы Көкпекті ауданы жерін қамтыған «Батыр бабалар жолымен» атты тарихи экспедициясының ұйымдастырушыларының бірі Қайрат Қапайұлы аудан аумағында әлі жарияланбаған тарихи ескерткіштер бар екенін айтты. Оқушылар шығармашылық сарайының «Толағай» өлкетанушылар жасағының жетекшісі Көпесова Кенжегүл Қинаятқызы жас өлкетанушылармен бірге атқарған жұмыстарын баяндап берді. Асқар Дүйсенбекұлы басқаратын оқушылар шығармашылық сарайының ұжымы балалармен бірге киелі жерлерге, тарихи орындарға жиі саяхат жасайды. Ондай саяхаттардың ұл-қыздардың санасына сәуле құйып, ел мен жерге деген сүйіспеншілігін оятары анық.
Қайрат Қапайұлы баяндамасын оқып болғаннан кейін Әділет Нұрсағатұлының бірнеше сұрақтарына жауап берді. Аудан әкімі тарихи ескерткіштер мен тарихи тұлғалардың насихат жұмыстарын кеңейту туралы мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Түсіппекұлына тапсырма жүктеді.
Қатысушылардың арасынан сөз алған ардагер ұстаз Гүлмайраш Олжабаева Егінбұлақтың тарихы туралы шығарған кітабын көрсетіп, бүгінде айтылып жүрген тарихи ескерткіштердің көбі Егінбұлақ ауылының маңайында екенін тілге тиек етті. Оның шектеулі ғана 110 дана тиражбен шыққан кітабын аудан әкімі қайта бастыру туралы мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Түсіппекұлына тапсырма берді.
Отырысқа келген қатысушылардың көбі өз пікірлерін айтып, өлкетану саласын дамытуға байланысты ұсыныс-пікірлерін айтты.
Жиын қорытындысында аудан әкімінің нұсқауымен мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанынан «Көкпекті аудандық Өлкетанушылар қоғамы» құрылатыны анық болды.

Фархат Маратұлы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз