Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар қолғабы мен танымал қазақстандық спортшы Елена Рыбакинаның қолтаңбасы бар теннис добы мен ұлттық құрама киімі қайырымдылық аукционына қойылады.
«Assyltas» қоғамдық қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, GGG-дің 2017 жылы мексикалық Сауль Канело Альвареспен жұдырықтасқан қолғабы мен Рыбакинаның қолтаңбасы қойылған теннис добы және оның Қазақстан құрамасының олимпиадалық киімі аукционға шығарылады. Одан түскен қаражатты Assyltas қоғамдық қоры көмекке мұқтаж егіздердің еміне жұмсайды.
Аукцион 1 маусымда Алматыдағы HAS PRO BOXING бокс кеші өтетін ADD Arena кешенінде болады.
Турнирдің басты оқиғасы қазақстандық Мирас Ертанов пен WBC International бұрынғы чемпионы Виктор Коточигов арасындағы жекпе-жек болмақ.
31 мамырда Қазақстан Жазушылар одағы «ASSYLTAS» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Әруаққа тағзым» іс-шарасын өткізеді.
Атап айтқанда, дүниеден өткен қаламгерлердің басына зиярат етіліп, құран бағышталады. Кеңсай зиратында жатқан тұлғалардың бейітінде тазалық жүргізіледі. Сондай-ақ жазушылар туралы естеліктер айтылып, ақындардың өлеңдері оқылады. «Өлі разы болмай, тірі байымас» демекші, әруақтарға бағыштап мал сойылып, ас беріледі.
Алдағы уақытта аталмыш шара кеңейтілген көлемде жалғаспақ.
Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу және 3 нысанда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Барлығы 117,1 км жол жөндеумен қамтылады.Онын ішінде күрделі жөндеу 50 км, ал 64,4 км орташа жөндеу жұмыстары кіреді.
Жөндеу жұмыстарын Павлодар облысындағы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ бөлімінде жұмыс істейтін “ҚАЖсервис” ЖШС ПОФ мердігер компаниясы жүзеге асырады.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.