Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
31 шілдеде Көкпекті ауданында "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша жастар еңбек жасағының жұмысы басталды. Маусымның ашылу салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев келіп, балаларға табыс тіледі.
Бағдарлама оқушыларға, студенттерге және жұмысқа орналаспаған жастарға қаражат табуға мүмкіндік береді. Оның шеңберіндегі жұмыстың негізгі бағыттары аумақтарды жинау және абаттандыру, көгалдандыру, ағаштар мен жасыл желектерді отырғызу болып табылады.
В минувшую пятницу в городе Усть-Каменогорск Восточно-Казахстанской области прошел форум под названием «Ауыл әйелдері». В нем также приняли участие женщины из районов области Абай через платформу ZOOM в онлайн-формате.
Толығырақ...Қадірменді жерлестер!
«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының толық қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Көкпекті ауданының әрбір тұрғыны халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Құрметті аудан тұрғындары!
Ағымдағы жылдың 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталғанын естеріңізге саламыз.
Маңызы зор «Мектепке жол» акциясы аясында береке бірлігі жарасқан ел екенімізді танытып, барлығымыз бірдей мұқтаж жандарға көмек қолын созсақ нұр үстіне нұр болар еді. Өзім бастап, ауданымыздың ізгі жүректі барлық азаматтарын балаларға көмек қолын созып, аталған іс-шараға бір кісідей атсалысуға шақырамын.
Акцияға өз үлесіңізді қосу арқылы бүлдіршіндердің жүзіне күлкі сыйлаңыздар. Осы акция барысында демеушілік көрсетіп көпбалалы, толық емес, аз қамтылған отбасыларға барынша қол созып, көмектесіп жатқан мейірімді жандарға алғысым шексіз.
Аудандық білім бөлімінің мәліметі бойынша республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша Көкпекті ауданында 265 бала көмекке мұқтаж. Атап өтсек, Үшкөмей бастауыш шағын жинақты мектебі - 3, Воздвиженка шағын жинақты мектебі - 5, Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектебі - 9, Биғаш негізгі мектебі - 21, Романовка негізгі мектебі - 5, Шәріптоғай негізгі мектебі - 10, Куйбышев атындағы негізгі мектебі - 3, Абай атындағы мектеп-балабақша кешені - 23, І.Жансүгіров атындағы орта мектебі - 5, Амангелді атындағы орта мектебі – 3, М.Әуезов атындағы орта мектебі – 10, Көкжайық орта мектебі - 15, А.С.Пушкин атындағы орта мектебі - 15, Преображенка орта мектебі - 15, Көкпекті орта мектебі - 45, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі - 20, Үлкенбөкен орта мектебі - 45, Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі - 13 бала.
Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ. Сіздердің қандай да кішігірім болсын көмектеріңіз, жас оқушыларға қуаныш сыйлайды. Жақсы іс жасауға асығыңыздар!
Ардақты ағайын!
Сіздерді өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың болашағына үкілі үміт сыйлау мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамын!
Ділдәбек Оразбаев,
Көкпекті ауданының әкімі
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.