– Уважаемый Касым-Жомарт Кемелевич, в прошлом году в интервью газете «Egemen Qazaqstan» Вы подвели основные итоги года и определили ключевые направления предстоящей работы. Это уже становится хорошей традицией, которая помогает гражданам лучше понимать суть развития страны. Уверен, сегодняшний наш разговор также будет содержательным и открытым. И первый вопрос: чем ушедший год стал примечателен для Казахстана?
– В прошедшем году было много важных событий, проведена большая работа. К примеру, во всех регионах шла модернизация инженерно-коммунальной инфраструктуры, пришедшей в плачевное состояние. В эксплуатацию введено 18 миллионов квадратных метров жилья. Построено и отремонтировано 7 тысяч километров автомобильных дорог. Запущены новые пассажирские терминалы аэропортов в Алматы, Кызылорде и Шымкенте. Реализованы масштабные проекты в горнодобывающей, нефтехимической и металлургической отраслях. Активное развитие получил обрабатывающий сектор, доля которого в структуре промышленности почти уравнялась с добывающим сектором. Особо хотел бы отметить успех наших аграриев, собравших рекордный за последние десять лет урожай – почти 27 миллионов тонн зерна.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «МАҚСАТЫМ – ЭКОНОМИКАНЫ ЖӘНЕ ЕГЕМЕНДІКТІ НЫҒАЙТУ»
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбаты
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, былтыр «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатыңызда жылды қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың басым бағыттарын белгілеп бердіңіз. Осындай сұхбаттар жақсы дәстүрге айналып келеді. Бұл елімізді дамытуға қатысты шаралардың мән-маңызын азаматтарымыздың терең түсінуіне мүмкіндік береді. Бүгін де мазмұнды әрі ашық әңгіме өрбітеміз деп ойлаймын. Алғашқы сұрақ: Қазақстан үшін өткен жыл несімен ерекше болды?
– Былтыр көптеген маңызды оқиға болды, қыруар жұмыс атқарылды. Мысалы, әбден тозығы жеткен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары барлық аймақта жүргізілді. 18 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 7 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жөнделді. Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында жаңа жолаушылар терминалы іске қосылды. Тау-кен, мұнай-химия және металлургия салаларында ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Қайта өңдеу секторы қарқынды дами бастады. Оның өнеркәсіптегі үлесі өндіру саласының деңгейіне жуықтады. 27 миллион тоннаға жуық астық жинап, соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізген диқандарымыздың жетістігін айрықша атап өткен жөн.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.