Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тамыз 2024

12 Тамыз 2024

Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы Көкпекті ауданының әкімі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және  Көкпекті аудандық мәслихатының келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы Көкпекті ауданының әкімі болып тағайындалды. 5 тамыз күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан жұртшылығына жаңа әкімді таныстырды.

Әділет Қожанбаев 1980 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. 1997-2000 жылдары Семей қаласындағы «Қазтұтынуодағы Аң терісі-мех колледжін» «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша оқып бітірген. Кейін Қазақ коммерциялық Қаржы академиясында оқуын жалғастырып, 2005 жылы Алматыдағы «Тұран» университетін сол мамандық бойынша тәмамдады. Әділет Қожанбаев 2012 жылы «Тұран» университетінде заңгерлік білім алды. 2019-2021 жылдар аралығында Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында оқыды. Онда ол Мaster of Business Administration (MBA) дәрежесін алды.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз