9 мамыр – Жеңіс күні. Еліміз үшін қасиетті де қастерлі мереке биыл ерекше маңызға ие - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы. Атаулы мерекені бүкіл әлем халқы қауіпті індет таралуы салдарынан толық деңгейде атап өте алмауда. Алайда, бұл біздің Ұлы Жеңіс сыйлаған жеңімпаз жауынгерлерге деген құрметімізді ө
Әлемге бейбітшілік пен жасампаздық сыйлаған Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойын Көкпекті халқымен бірге 3 соғыс ардагері Елеусіз Қиынбаев, Валентина Федосова және Мүталап Ықыласов қарсы алды. Мереке күні аудан басшылығы ардагерлердің үйіне барып, Жеңіс күнімен құттықтап, құрмет көрсетті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстай отырып, аудан әкімі Асхат Смаилов майдангерлерге мызғымас денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Құттықтау хатта: «Сізді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің адамзат тарихындағы ерен ерліктеріңіз бүгінгі бейбіт өмірімізге, жарқын болашағымызға жол ашты. Бұл ешқашан ұмытылмайды. Ардагерлеріміздің даңқты өмір жолы - Отанға қызмет етудің және патриотизмнің озық үлгісі, өскелең ұрпақ әрдайым өздеріңізге қарап бой түзейді. Сізге зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін», - делінген.
Құрметті кеңеске қатысушылар!
Соңғы екі ай еліміз үшін оңай болған жоқ. Дағдарыс әлі толық еңсерілмей тұр.
Дегенмен, індеттің шарықтау шегінен өттік.
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыс атқарды.
Халықтың денсаулығын сақтау, олардың табысын арттыру және бизнесін қолдау үшін 500-ге жуық шешім қабылданып, жүзеге асырылды.
Енді Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылады.
Бүгін бүкіл еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталды.
Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр.
Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті.
Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады.
Соған қарамастан көптеген саланың қызметі қалпына келе бастады.
Қазірдің өзінде 1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты.
Бүгіннен бастап еліміз бойынша дүкендердің біразы ашылады, сән салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қайта жанданады. Саябақтар ашылады.
Жолаушыларға арналған әуе тасымалының жұмысы қалпына келеді.
Бұған дейін 6 қаланың әуежайы ашылған болатын. Енді оған тағы 7 қала қосылады.
Көптеген шектеулер алынып тасталды.
Алайда, күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн.
Үкімет жаңа санитарлық ережелерді дайындап, енгізуі қажет. Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек.
Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға тиіс.
Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді.
Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді.
Жолаушылардан бетперде тағу талап етіледі.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.