Құрметті көкпектіліктер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халық бірлігі – қасиетті сөз. Халық бірлігі болған жерде несібеміз бен құт-берекеміз ортақ. Сондықтан 1 мамыр мерекесінің басты құндылығы осы.Қадірменді ағайын! Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған осы ынтымағымыз бен бір-бірімізге деген бауырмалдығымыз. Жаугершілік заманның не қилы тепершігін көріп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті, қанағатшыл, тал бесік пен жер бесіктің арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолында өзгенің ұлын өзекке теппей, өз құндылығын жоғалтпаған ұлтымыз терең кемеңгерлікпен өмір ағысында тағылымды тарихын жасап келе жатқан жасампаз халық.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.