Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

29 Қаңтар 2018

Есеп беру кездесулері

ҚАРАҒАНДЫКӨЛ

15 қаңтарда Қарағандыкөл ауылында Көкжайық селолық округінің әкімі Н.Сүлейменовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулері өтті. Жиналысқа Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан  Абылғазыұлы қатысты.

Ауыл әкімінің есептік жиынды өткен 2017 жыл ел көлемінде айтулы оқиғаларға толы болғанынан бастады. Биылғы жылы экономиканы дамыту үшін жерді дұрыс пайдаланып, мал басын көбейтіп, егін өсіру керек. Атқарылған істер жетерлік, алда әлі де көп жұмыстар күтіп тұр. Биылғы Жолдауда Елбасы 10 негізгі міндетті белгілеп берді. Облыс әкімі бізге үлкен тапсырма беріп отыр: Соған орай, аналық ірі қара бас малдың санын көбейтіп, сүт мәселесін шешу керек. Ол үшін әрбір ауылда сүт жинайтын пункттер және аруа қожалықтарды кооперативке  біріктіру қажеттігін тілге тиек етті округ әкімі.

Read more

ҚЫСТЫҢ КӨЗІ ҚЫРАУДА КІРПІГІҢЕ МҰЗ ҚАТТЫ

«Кәрі құдаң — қыс келіп әлек салды» деп Абай жырлағандай, биылғы қытымыр қыстың әуресі мен азабы аз болып тұрған жоқ. Қазір қыстың нағыз күшіне енетін кезеңі өтіп жатыр. Қыстың қаңтар, ақпан айлары бұрқасынды, боранды болып келеді. Қарлы боран қатты аязбен қабаттасса аса қиын жағдай туындайды. Ауа-райының аяқ астынан құбылуы таң қалдыратын жағдай емес. Қоңыр күздің жылы күндерін көзден аяқ асты бұлбұл ұшырған таяудағы аязды күндер елдің есін әбден алды. Осы орайда Көкпекті орталық аудандық аурухананың дәрігер-реаниматолог, анезтезиолог және реанимация бөлімінің меңгерушісі Сәбит Жолдасбекұлы Жалбағаевты сөзге тартқан едік.
– Кейбір адамдар күн суытса болды берекесі қашып, тоңғақ келеді. Оның себебі неде?
– Мұны «суықтық аллергия» деп атайды. Сәл тоңа бастаса мұрны бітіп, түшкіріп, көзінен жас ағып, денесіне бөртпе-қызамық шығып, тіпті «Квинке іркілі» де пайда болады. Ұзақ уақыт суық жел өтінде қалған адам – өмірге қауіпті, анафилактикалық шокқа ұшырауы да мүмкін. «Суықтық аллергия» дегенімізді – иммундық жүйенің суыққа қарсы жасаған беталбаты әрекеті деп түсінген жөн. Егер иммунологтың көмегіне дер кезінде жүгінер болса, бұл дерттен де айығуға әбден болады. Сонымен қатар қысқы кезде ауада азот қос тотығы, автомобиль мен пештен шығатын түтіндер ұлғая түседі. Осыған байланысты суық және лас ауадан сақтандыру үшін аллергиктер мен астматиктерге арнайы термомаскалар ойлап тапты.

Read more

КӘСІБІ ӨРГЕ ӨРЛЕГЕН ДӘУЛЕТ

Бүгінде елімізде құс шаруашылығы біртіндеп дамып келеді. Кезінде облысты былай қойғанда кейбір аудан орталықтарында ірі құс фермалары жұмыс істеп, халықты құс етімен, жұмыртқамен қамтамасыз еткені есімізде. Қазіргі таңда тауық фермалары әр жерден ашылуда. Осы ретте тауық өсіру ісіне бет бұрып, адал еңбегімен табыс тауып отырған Көкпекті ауылының тұрғыны, дәрігер – бактериолог Дәулет Дулатұлы Нұрғалиевпен әңгімелесіп, бұл кәсіптің қыр-сырын талқылаудың сәті түсті.
«Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, бойына бірнеше кәсіпті өңгеріп алып, қызығын көріп жүргендер саусақпен санардай. Солардың бірі - Көкпекті ауылының тұрғыны Дәулет Нұрғалиев. Ол ауыл шаруашылығы саласының қарқынды дамып келе жатқан құс шаруашылығының ішінде үй тауығын асырап кәсібін дөңгелетіп отыр. Үкіметтен әлі көмек алып көрмеген, бәрі өзінің және отбасының күшімен.

Read more

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

Теректіге таза ауыз су келеді
Аудан әкімі Рамиль Сағандықовтың алғашқы іссапары Теректі ауылдық округінен басталды. Ауыл тұрғындары ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері тоқтығын білдірді. Соңғы жылдары бұл ауылда жаңалық көп. Оның ішінде мектеп пен әкімшілік ғимараты жөндеуден өтті, балабақша ашылды. Былтырғы жылы орталық көшелердің бірі Бөгенбай Батыр көшесіне жарық тартылды. Көшелерді жарықтандыру мәселесі биылғы жылы да жалғасын табатынын ауыл әкімі Ержан Күзембаев баяндамасында жеткізді.
Басты жаңалық – 2018 жылы Теректі ауылына таза ауыз су келеді. Республикалық бюджеттен бөлінген 307 миллион теңге қаражатқа ауылдың көшелеріне ауыз су құбыры тартылады. Ауыл тұрғындарының көптен күткені де осы болатын, олар көңілдегі қуаныштарын қошеметпен білдіріп, аудан әкімінің жылдық есебіне жоғары баға берді.

Read more

НАЧАЛИСЬ ОТЧЕТЫ АКИМА РАЙОНА

В Теректы придет чистая питьевая вода
Отчетная встреча акима района Рамиля Сагандыкова началась с посещения Теректинского сельского округа. Сельчане остались довольны проделанной работой аппарата акима района за отчетный период. В последние годы в селе много новшеств. К примеру, в зданиях акимата и школы проведен ремонт, открыт детский сад. В прошлом году проведено освещение по улице Богенбай батыра. «Работа по освещению улиц села будет продолжена и в этом году»,- так было отмечено в докладе акима округа Ержана Кузембаева.
Самая главная новость – в 2018 году в село Теректы придет чистая питьевая вода. Выделенные из республиканского бюджета 307 миллионов тенге будут направлены строительство водопроводной системы водообеспечения села. Сельчане с давних пор ждали этого события, и потому с огромной радостью встретили эту новость и дали самую высокую оценку работе акима района.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз