Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

17 Қазан 2015

АУДАНДЫҚ СОТТАҒЫ ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ

 

 

 

Пресс-конференция барысында сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы статистикалық мәліметтерді айтып өтті: 9 ай ішінде 27 тұлғаға қатысты 26 қылмыстық іс қаралғанын, оның ішінде 14 тұлғаға қатысты 13 үкім шығарылғанын, ақтау және ақталу себебімен істі тоқтату үкімдері сотпен шығарылмағанын; 243 азаматтық іс қаралғанын, оның ішінде 152 шешім шығарумен, 67 сот бұйрығы болып табылатындығын, 67 азаматтық іс жеңілдетілген өндіріспен қаралғанын; 292 тұлғаға қатысты 292 әкімшілік іс қаралғанын көрсетті. Аталған мерзімде Көкпекті аудандық сотымен 13 іс медиация тәртібімен қысқартылған, оның ішінде 7 қылмыстық, 4 азаматтық, 2 әкімшілік іс.
Бүгінгі күннің талабына сай «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сотта белсенді түрде қолданылуда, атап айтқанда сотқа түскен азаматтық тәртібінде қаралатын 265 арыздың 229 арызы аталған сервис арқылы түскен, ол 86,4% құрайды. Қазіргі кезде барлық әкімшілік істер де «Сот кабинеті» арқылы келіп түсуде. Сот төрағасы барлық сот отырыстары дыбыс,-бейне жазбасын қолданылуымен өтетінін, жеке және заңды тұлғалара арасында сот жүйесіне қатысты сұрақтарға әлеуметтік сауалнама жүргізілетінін,

Read more

ӨНІМІ МОЛ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ЖАСАҚТАЛДЫ

Сарқылмас байлықтың, береке-бірліктің, ырыстың мезгілі - жомарт күз. Сондықтан да, бұл маусым «алтын» мезгіл деп аталады. Еңбекші қауымның жұмысы еселеп, олардың төккен терінің қайтарымы ерекше толысатын күз мезгілі ырыс пен құт, ризық несібенің бастау бұлағы, қайнар көзі.

Жаз бойы жер баптап, маңдай терін тартынбай төге еңбектенген диқандар күрең күзге ойыса сол еңбектің жемісті нәтижесін сезіне бастады. Әдеттегідей бірінші кезекте дәнді дақылдарды жиып-теріп алып, қазіргі уақытта күнбағыс еккендер мол өнімнің межесіне таяп та қалды. Бар ынта-ықыласы бітік шыққан майлы дақылдарды ысырапсыз жинап алуға ауған шаруалар ашық күннің астында әрбір сағатты тиімді пайдалануға тырысуда. Дәнді дақылдар жиыны 6 қазан күні аудан көлемінде толықтай аяқталған.
- Қазан айының басында дәнді дақылдар толықтай жиналып бітті. Облыс аумағында жалпы 570 мың гектар аумақтан өнім алынса, Көкпекті ауданы бойынша 78 мың гектар алқаптан орташа өнімділігі 13,2 центнер дәнді дақыл қамбаға құйылды. Жиылған өнім 104 мың тоннадан астам. Оның ішінде 61 мың тонна бидай және 39 мың тонна арпа астығы. Сондай-ақ, картоп және көкеніс өнімдерін жинау жұмыстары да мәресіне жетті. Барлығы 8 мың тоннадан астам картоп және 6 мың тоннаға жуық көкөніс алынды. Майлы дақылдар ору науқаны қызу жүргізіліп жатыр. Ауа райы қолайлы болса, жиын-терін науқанын сәтті аяқтауға барлық негіз бар, - дейді кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жанат Көпесов.

Read more

БАЛҒЫН ШӘКІРТ БАҚЫТЫ

Қазақ руханиятының шыңы ұлы ақын - Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына арналған «Абай мұрасы әлемдік руханият кеңестігінде» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы аясында өткен облыстың «Абай оқулары-2015» байқауына Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің 9 «А» сынып оқушысы Қасенов Ілияс қатысып, жүлделі 3 орын иеленіп оралды. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Ә.Қуандықов талапты оқушы Ілиясқа оқуға түсуге жеңілдік сертификатын табыстады.

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте дарынды оқушыларды облыстық, республикалық сайыстарға дайындау үрдісі жақсы жолға қойылған. Осы орайда оқу ісінің меңгерушісі Габдулина Бақытжамал Жексенбайқызының басшылығымен жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр. Б.Жексенбайқызы шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мұғалімдерге үнемі әдістемелік көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отырады. 

Осындай тынымсыз еңбектің арқасында биылғы оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері мектебіміздің абыройын асқақтатуда. Соның бір дәлелі шәкіртіміз Ілияс Қасеновтың қол жеткізген жеңісі. Ілияс 6-шы сыныптан бастап Абай Құнанбаевтің өлеңдерін жаттаған, көңіліне тоқыған. Қазіргі уақытта талапты оқушы Абай атамыздың 120 өлеңін, 1 поэмасын жатқа біледі .
Сайыста Венгриядан, Қытайдан келген қонақтар төрелік етті. Дарынды оқушы Ілиясты «Қазақстан Өскемен»телеарнасынан көрсетті. «Дидар» газетінің тілшілері сұхбат алды.

Read more

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз