Аудан әкімі бүгінгі таңдағы басымдық-тардың бірі ретінде тұрақтандыру қорын құру, бағаларды ырықтау, азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жұмыстарды анықтап отыр. Аталмыш тапсырмалардың орындалу барысын бөлім басшыларымен әңгіме және сауда нүктелеріне жасаған рейд арқылы білуге тырыстық. Алайда, бұл оңайға соққан жоқ. Өйткені, біздің көзбен көргеніміз бірі болса, кәсіпкерлердің айтатыны басқа, ал жауапты адамдардың айтатыны мүлдем өзгеше.
№ 1 қарама-қайшылық.
Жиырма алтыншы тамызда өткен жиында аудандағы әлеуетті нан өндіруші Е.Мәмбетов осы мәселелерді оңтайлы шешу үшін Самар ауылында жергілікті билік органдары мен ауылшарушылық құрылымдарының басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізіп, тұрақтандыру қорын құру және оның жұмысын жүргізу мәселелерін ұсақ түйегіне дейін толық талдау жасуды ұсынған болатын. Аудан әкімі ауылшаруашылығы бөліміне бір аптаның ішінде осы мәселені шешуді тапсырған.
Біз ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы М.Теміржановпен хабарласып, аудан әкімінің тапсырмасы қалай орындалғанын сұрадық. Марат Қапарұлының айтуынша, аграршылар және жергілікті биліктің қатысуымен Самар ауылында бұдан бір ай бұрын жиын өткенін айтты. -Сондай ақ, біз дәнді дақылдар боынша тұрақтандыру қорын бұрыннан құрып қойғанбыз. Бүгінде қорда 4000 тонна астық бар, - дейді ол. Бұл жердегі қарама-қайшылық - тапсырманың 26 тамызда берілгені, ал дөңгелек үстелдің мөлшерлеп алғанда 25-26 шілдеде өткені. Турасын айтқанда алға қарай озып жұмыс істеуде. Бірақ, еш нәтиже көрінбейді.
Аудан орталығындағы сауда нүктелеріне жасалған рейдтен соң аспандап кеткен көкөніс бағасын сипаттап көрелік.
№2 қарама-қайшылық. «Мәмбет» ШҚ жеткізетін нан бағасы бірінші сұрып 50, екінші сұрып 45 теңгеден қалыпты деңгейде тұр. Ал, көкпектілік наубайшы Д.Мырзасовтың өнімі 65-70 теңге. Ауданнан 90 шақырым қашықтықтан жеткізілетін нан арзан да орталықта пісірілетін нан неге қымбат?
Ауданда өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің мөлшері нан, көкөніс және картоппен аудан тұрғындарын толықтай төмен бағамен қамтамасыз етуге жеткілікті екені айтылып жатқанымен сауда нүктелеріндегі, базардағы баға көңіл көншітпейді. Ең алдымен базарға ат басын тіреген біз ондағы бағаларды естіп, төбе шашымыз тік тұрды. Өйткені, мұнда тұрған үш көкөніс сатушының ауызша айтуы бойынша - картоп 80, орамжапырақ 70, сәбіз 120, қызылша 120, кәді (баклажан)150, қызанақ 120-150, пияз 110, сарымсақ 500, бұрыш 400, қарбыз (Күршімдікі) 50 теңге тұрады және барлығы Семейден әкелінген екен.
Бір айта кетерлігі, «Арзан» дүкені жанындағы көкөніс базарынан басқа ешбір жерде бағалар жазылмаған. Мұны қалай түсінуге болады? Көкөніс сатылатын дүкендерде ең арзан орамжапырақ 50 теңге «Жастар», «Арзан» дүкендерінде, сәбіз 70 теңге «Самұрық», пияз 90 теңге «Самұрық» және «Арзан» дүкендері, картоп 70 теңге «Арзан» дүкенінде, қызылша «Шынар» дүкенінде 100 теңге, сарымсақтың ең арзаны «Астана» дүкенінде 350 теңге болса, қызанақ, бұрыш, сарымсақ, баклажанның бағалары шарықтап тұр.
Енді аудан дүкендеріндегі ең қымбат бағаларға талдау жасап көрейік. Мәселен, картоп бағасы «Әли-Нұр» 150, «Аружан» 140, «Три брата», «Аққу» дүкендерінде 120 теңгеден, орамжапырақ «Айдын» 90, сәбіз бен қызылша 120 теңгеден базарда К.Асқанбаева, пияз 130 теңге «Әли-Нұр», 120 теңге «Айдын», ал құны аспандаған қызанақты базарда 250 теңгеден С.Қожахметова сатып тұр.
Тағы бір қынжылтатыны бұл көкөністердің барлығы да жергілікті өндірушілердікі емес Семей, Өскемен қалаларынан жеткізілетіні. Арагідік ауыл тұрғындарынан да сатып алынады. Неге бұлай екенін дүкен иелері жергілікті көкөніс өсірумен шұғылданатын кәсіпкерлер өнімдерін қымбат бағамен ұсынады деп түсіндіреді. Бұл жерде еріксіз кімге сенеріңізді білмей дал боласыз!
Істің анық-қанығына жету үшін бізге кәсіпкерлік бөліміне жүгінуге тура келді. Кәсіпкерлік бөлімі басшысын жолықтырудың сәті түспегендіктен, қағаз жүзіндегі ақпараттарды қанағат тұттық. Кәсіпкерлік бөлімінің қағаз бетіндегі құрғақ ақпараттары бойынша аудандағы көкөніс өсіруші жеке кәсіпкерлер тұрғындарға орамжапырақты 40 теңге, қиярды 70, қызанақты 100, картопты 50 теңгеден сатуда. Сондай-ақ, аудан орталығында бағалардың жағдайын бақылап және үнемі сараптама жасап отыратын 2 жұмыс тобы бар, дәл осындай топтар 17 ауылдық округте құрылған екен. Сонымен қоса, аудан кәсіпкерлерімен негізгі азық-түліктерге 10% үстеме ақы қоспау туралы 196, Көкпекті аудандық әкімдік аппаратымен азықтық дәнді дақылдар және көкөністерден уақытша тұрақтандыру қорын құру туралы 15 меморандумдар жасалғаны жайындағы құрғақ сандық деректерден өзге тұщымды ештеңе таппадық. Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша аудан әкімі тапсырма берген бөлімдер әлі де істің байыбын жете түсінбестен, тек қағазбастылыққа бой ұрған сыңайлы.
Қазіргі таңда күнделікті тұтыныстағы азық-түлік бағалары күн санап өсіп бара жатқаны туралы ақпараттар мен наразылықтарды тұрғындар арасынан жиі естіп қалып жатырмыз. Әрине қымбатшылық, ең алдымен, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар мен жалғыз басты зейнеткерлердің шымбайына қатты бататыны рас.
Сондықтан халықты қажетті тауарлармен қамтамасыз етеміз деп сауда саласында жарғақ құлағы жастыққа тимей, жанталасып жүрген кәсіпкерлерге «артық қыламын деп, тыртық етіп алмайық, ағайын» деген ескертуді құлаққағыс еткіміз келеді.
Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ
Өткен аптада аудан әкімі Белое, Құлынжон, Миролюбовка, Сарыбел, Палатцы ауылдық округтерінің тұрғындарымен, шаруашылық басшыларымен, кәсіпкерлермен және зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізді.
Толығырақ...26 тамыз күні аудан әкімінің төрағалығымен аудан активінің азық –түлік қауіпсіздігі мәселесі бойынша жиыны өтті. Бұл жиынға ауылшаруашылығы құрылымдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңестерінің өкілдері шақырылды. Жиын кворумы болды, бірақ күн тақырыбының маңыздылығын ескерсек, жиынға қатысушылар саны әлдеқайда молырақ болғаны дұрыс еді.
Толығырақ...Жақында Қ.Алтынбаев атындағы орталық мәдениет үйінде аудан әкімі Д.Мусиннің төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде аудандық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ә.Мұқашева шаруа қожалықтары басшыларын, кәсіпкерлерді, жалпы аудан жұртшылығын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне бағыттап, тұрмысы төмен отбасылар мен көмекке мұқтаж жандарға кеңпейілділік көрсетуге үндеген болатын.
Толығырақ...Тамыздың 26 күні өткен аудандық әкімшілік отырысында аудан әкімі ертеңге қалдыруға келмейтін басымдыққа ие мәселелер қаралды.
Тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мәселесі аудандағы өзекті мәселелердің бірі болып тұр. -Тұрғын үйге байланысты көрініс өте аянышты жағдайда. Аудан әкімі тұрғын үй кезегін азайтуға байланысты нақты ұсыныстар мен әрекет ететін бағдарлама қажет, - деп сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының алдына міндет қойды.
Б.Бекеновтың айтуынша, тұрғын үйдің кезегінде 432 адам тұр. Оның ішінде 252 адам балалар үйінің түлектері, жетім балалар. «Қолжетімді баспана» бағдарламасын біртіндеп жүзеге асыру іс-шара жоспары жасалды. Тірек елдімекендердің тізімі анықталды, бас жоспарларды түзету жұмыстары орындалды. Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары жасалды.Одан әрі Болат Бекенұлы ауданымызда «Қолжетімді баспана» бағдарламасы қалай жүзеге асып жатқанын түсіндірді.
Аудан әкімі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тұрғын үй құрылысы саласында мемлекеттік бағдарлама әлеуетін қолдану жұмысының әлсіз екендігін атап өтті. -Ауданда құрылыс индустриясы мүлдем жоқ. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын дайындау бойынша бизнес-жоба болған жоқ, - деп айрықша баса айтты. Ол жетекшілік ететін орынбасарына жеке тұрғын үй құрылыстарын жүргізгісі келетін тұрғындармен және құрылыс материалдарын шығарумен айналысқысы келетіндермен жиналыс өткізуді, оларға сәулетшілер мен жобалаушыларды шақыруды тапсырды.
–Мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын іздестіру керек. Бұл салада істі тікелей дәлдікпен басқару керек,- деді аудан әкімі. Уақытша тұрақтандыру қорын құру мәселесі соңғы үш аптада жергілікті атқарушы билік органдарының ерекше көңіл бөлетін аймағы болып отыр. Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты өнімнің түсімі өткен жылдан 2-3 есе аз. Бұдан басқа егіс алқаптарының ластығынан шаруашылық басшыларына өнімді жеке-жеке жинауға тура келеді. Бұның өзі қосымша шығын шығарады. Осыдан барып, өнімнің өзіндік құны ұлғайып, қосалқы бөлшектер мен жанар-жағармайдың бағасы өседі.
Аудан әкімі әрбір ауылдық округтерге үш апта бұрын бағаның шарықтап өсуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қорын құруды тапсырды. Ауылдық округ әкімдерінің жұмыстары қалай жүргізіліп жатқандығы туралы аудан әкімінің орынбасары Р.Сағындықов хабардар етті. Ол ауылдық округ әкімдерінің әзірше бұл мәселе бойынша белсенді жұмыс көрсетпегенін қадап айтты. Бүгінгі таңда ірі шаруа қожалықтарымен 2015 жылдың өніміне дейін 4000 тонна азықтық үшінші сұрыпты бидайды сақтау үшін меморандум жасалды.
-Әзірше орта және шағын ауылшаруашылық тауар өндірушілер қорлары қолданылмайды. Әйтсе де барлығы толық көлемде субсидия алған,- деп баса айтты Р.Нығметжанұлы.
Көкпекті (Қ.Жадрин) және Самар (С.Дүсіпов) округ әкімдерін тыңдаған аудан әкімі бағаны тежеу, тұрақтандыру қорын құру, көкөніс сақтау қоймасын ұйымдастыру сияқты мәселелер бойынша атқарылған жұмысты қанағаттанарлықсыз, - деп атап көрсетті. Самар ауылдық округінің әкімі күнделікті қажетті азық-түлік және көкөністер, картоп бағасының өсу жағдайларына тосқауыл қоя алмады. Бұл мәселеде бақылау позициясымен кәсіпкерлік бөлімі, ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі басшылары Н.Алиясов пен Ж.Бауеддимов айналысты, - деп көрсетті Дүйсенғазы Мағауяұлы.
Азық-түлік тұтыну балансын құрастыру олар үшін шешімі қиын математикалық есеппен бірдей. Оны ай бойы шеше алмай жүр.
Аудан әкімі атқарылған істерді саралай келе, биыл ауданда барлық тұрғындарды қамтамасыз ету үшін жеткілікті өнім шығарылатындығын айтты.
Ең басты міндет – қысқа дайындық жасау және өсірген өнімді сақтау, жыл бойы қолжетімді бағамен тарату. Алайда, ауылдық округ әкімдері қойылған міндеттердің маңыздылығына мән бермейді, сол үшін де жұмыс нашар жүргізілуде, - деді аудан әкімі. Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы туралы аудандық білім беру бөлімінің бас маманы А.Фахрутдинова жеткізді.
Оның мағлұматы бойынша барлық мектеп балаларды қабылдауға дайын. Құрамында тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша департамент өкілі, ТЖ бөлімі және білім беру бөлімінен, құралған жұмысшы топ 11 мен 18 тамыз аралығында мектептің дайындығын тексерді.
Қазір білім беру мекемесі дайындық төлқұжатына қол қойды. Берілген мәліметтердегі болжам бойынша, биылғы жылы 4400 ден астам бала оқытылатын болады. Ауданға 30 жас мамандардың келуіне қарамастан, математика, физика, орыс тілі мұғалімдері жетіспейтіндігі анықталды. Осы мәселе бойынша аудан әкімі бір қатар мектептердің қысқа дайындығын, аумақты абаттандыру жұмыстарын нашар екендігін айтты.
Преображенка ауылындағы жеке меншік балабақшаның жөндеу жұмыстарының жеткіліксіздігінен пайдалану мерзімінен асып кеткендігін көрсетті. Жетекшілік ететін орынбасарлармен білім беру бөлімі басшыларына дарынды балалармен жұмыстың белсенділігіне, оларға көмек көрсетіп, қолдаған мұғалімдерді мадақтауға баса назар аударды. Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі басшысы Б.Оразғалиева аудандық Жұмыспен қамту - Картасын қалыптастырудың әдістемесі туралы ақпарат берді. Ол еңбек ресурстарында электрондық база құру үшін алда үлкен жұмыс.күтіп тұрғандығын айтты.
–Ауылдық әкімшілік мамандарының қарқынды жұмыстары мен нақты берілген мәліметтеріне байланысты. Бағдарламалардың сапасы және оның әрі қарай жүзеге асуы, оқыту, қайта оқыту, жұмыс орындарын ашуға байланысты.
Әкімшілік отырысының қорытындысын жасай келе, аудан әкімі ауылдық округ әкімдері мен тиісті қызметкерлерге өрт қауіпсіздігіне арналған жұмысты күшейту тапсырылды.
Надежда ШАРОВА
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев.