Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Ел басына қиын-қыстау күн туған заманда есімі ел арасында кең тарағанымен, бұл күндері тарих қойнауында ескерусіз, елеусіз кетіп бара жатқан батырлардың бірі әрі бірегейі ол – Уақ Бармақ батыр. Батырдың қайсар қасиеттерін Кәрібай ақын ерекше жырлағаны елдің есінде, Көкпекті жұртының жадында. Еңселі ердің есімін тарих қойнауынан аршып алып, бүгінгі батыр ұрпақтарына бабаларының есімін тарих беттеріне таңбалап тұрып енгізген шара өтті Көкпекті ауданында.
Ержүрек ердің жатқан жеріне ұрпақтары құлпытас қойды. Үрім-бұтақтары даңқты қолбасшының рухына құран бағыштап, тағзым етті. Биғаш ауылдық округі аумағындағы Қызылбұлақта жатқан Бармақ батыр бабасының басына тәу етуге келген халық пен ұрпақтарының санында есеп жоқ. Ел ағалары мен мәрт меценаттар таза граниттен құлпытас орнатқан. Құлпытастың ашылу салтанатына алыс-жақыннан ағайын көп жиналды. Зират басында құран оқылды. Ұлтына қорған болған ұлы тұлғаның рухына жақсы сөздер айтылды. Үрім-бұтағы тайлы-таяғымен өшпес өнегесі мен өлмес өсиетіне бас иіп, тікесінен тік тұрып тағзым етті.
С 30 сентября 2002 года в нашей стране отмечается День работников юстиции. В этом году исполнилось четверть века со дня основания Министерства Юстиции. В преддверии профессионального праздника мы встретились с руководителем управления Юстиции Кокпектинского района, чтобы узнать в каком направлении работает данный орган, какие услуги оказывает населению. С 2011 года данное учреждение возглавляет Канат Кабдакарымулы Ильясов.
Толығырақ...Сары күздің тамылжыған үш күні Көкпекті өңірінде ерекше өтті. Жоңғар шапқыншылығынан ата жұртты азат етушінің бірі Орта жүздің Уақ тайпасынан шыққан жанкешті Бармақ батырдың бақытты ұрпақтары ас беріп ат шаптырып жатыр. Тарих парағында қатталып қалған сонау «Ақтабан шұбырындыда» күннің батысы мен шығысына созылып, Атырау мен Алтайдың алқабын алып жатқан қазақ даласының тыныштығы бұзылып, алаш баласының басына күн туғанын, ел босып, шұбырған азалы көшке ілесе алмай жапанда қалған қайран абыз! Түйсігі бар жанның көзіне бабалар дәуірі, ата-шежіре қарауыта елестейді...
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.