Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
15 қараша күні Абай облысының Көкпекті ауданында тұңғыш рет командалық ақындар айтысы өткізілді. Айтыстың ақтаңгері Қалихан Алтынбаевқа арналған «Жыр тұнған жағасында Көкпектінің» атты ақындар айтысын Көкпекті ауданының әкімдігі мен Халықаралық айтыс ақындары, жыршы-термешілер одағының Абай облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырды.
Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен жыр сайысына Семей, Өскемен қалалары, Аягөз және Көкпекті ауданының құрама командалары қатысты. Барлығы 12 айтыскер ақын сынға түсті. Семей қаласының құрамында Айбек Жеңісқазин, Қуандық Кенжебекұлы және Ерасыл Сәрсенбаев өнер көрсетті. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының намысын Аян Қалымбектегі, Қуаныш Еркінұлы және Қуатбек Қуанар қорғады. Ақындар мен аңыздар елі – Аягөз ауданының атынан Әлішер Қыдырбек, Баян Бағдатұлы және Еркін Қуаныш бақ сынады. Көкпекті ауданының атынан Тамаша Рахатқызы, Жасұлан Мақаев және Фархат Маратұлы сынға түсті.
Толығырақ...
Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылында жаңа мешіт пен қатымхана ашылды. Алла үйін жеке кәсіпкер, Үлкенбөкен ауылының тумасы Ринат Солтабаев салып берді.
Қараша айының 10 жұлдызында Үлкенбөкен ауылында жаңа мешіттің ашылу рәсімі салтанатты түрде аталып өтті. Ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеген жиынға Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Абай облысы бойынша өкіл имамы Асқар қажы Әбітайұлы, еліміздің барлық түкпірінен келген құрметті қонақтар қатысты.
В преддверии национального праздника - Дня Республики в Кокпектинском районе открылся Центр национальных спортивных игр. В церемонии открытия приняли участие аким района Дильдабек Оразбаев, заместитель руководителя Управления спорта и физической культуры области Абай Даулет Советбекулы, ветераны и болельщики национального спорта.
Центр, открытый в Кокпектинском районе для развития национальных спортивных игр, обучает учеников основам байге, кокпара, тенге алу, аударыспака, стрельбы из лука, тогызкумалака и асык ату. Руководит этим учреждением известный в Кокпектинском регионе наездник Бауыржан Тусупжанов.
Большое значение имеет неоценимое благородное наследие нашего народа - национальные спортивные игры, приобщающие подрастающее поколение к патриотическому воспитанию. Они являются живым воплощением нашей истории и самобытности казахского народа. Продвигая их, мы сохраняем наше духовное достояние для будущих поколений. С приветственным словом, в котором говорилось о целях и значении центра, выступил аким Кокпектинского района Дильдабек Оразбаев.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.