5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
“Мемлекеттік аппарат барынша тиімді және үйлесімді жұмыс істеуі керек. Қағазбастылық, көзбояушылық дегенді доғару қажет. Осындай жағымсыз үдерістердің кесірінен жұрттың реформаға және Әділетті Қазақстанға деген сенімі азаяды. Жоғарыдан тапсырма берілгенін, азаматтардан арыз түскенін немесе жағдайдың нашарлап кеткенін күтіп отырмау керек. Бастама көтеріп, дербес жұмыс істей білу қажет”, – деді Президент.
Бұл ендігі күнде бірін-бірі қайталап жататын бақылауда тұрған сансыз көп қағаздың азаярына әкелсе қуантарлық жай. Келген құжатты ғана мерзімінде орындап, оны бақылаудан шығарып тастап қана отыратын мамандар - енді өзінің тікелей лауазымындағы міндеттерін лайықты атқарады деген сенімдеміз. Қағазбастылық пен бюрократияның тамырына шабылатын балтадай - бұл талап.
Қайрат Малғаждаров
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт-Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің алдағы уақытқа арналған негізгі міндеттерді айқындап берді. Ауылшаруашылығы саласының ардагері ретінде Президентіміздің аграрлық секторға ерекше тоқталып, ауылшаруашлығы саласының дамуына тежегіш болып тұрған кедергілерді атап өткені көңілімде қуаныш ұялатты. Үкіметке Көктемгі егіс науқанына және күзгі жиын-терінге жеңілдікпен берілетін несиені 1,5 триллион теңгеге дейін арттыру , ал инвестициялық жобаларға бөлінетін жеңілдетілген несиені 800 миллиард теңгеге жеткізу бойынша тапсырма берді. Бұл ауылдық жерлердегі ауылшаруашылығы саласымен өз күнін көріп отырған шаруаларға үлкен мүмкіндік және үлкен көмек. Мемлекет Басшысының бұл бастамасын уақытылы және орынды. Ал енді біз, ауылшаруашылығы саласындағы азаматтар мемлекет тарапынан осындай қолдау болғандықтан, білек сыбана жұмыс істеуіміз керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзімен таныстым. Мемлекет басшысы егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға тың серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарлармен таныстырып, Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Президенттің атап өткен мәселелері ішінде көпшіліктің көкейінде жүрген "Мемлекеттік сатып алу" мәселесіне тоқталғым келеді. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдар бір затты не болмаса белігілі бір қызмет алу үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырады. Алайда кейбір жағдайда, әсіресе құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жеңімпазы болып жосықсыз кәсіпкерлер танылып, көптеген қиындықтар тұғызуда. Мысалға құрылыс саласында ешбір техникасы не қажетті мамандары жоқ фирмалар мемлекеттік сатып алу жеңімпазы болып, құрылыс бастамай, құрылысты бастаса сапасыз жасап жатады. Бұл ретте, жосықсыз болып танылған кәсіпкерлерге қатаң шара қолдану қажет. Осы орайда, Мемлекет басшысының "Мемлекеттік сатып алу" туралы Заңына жетілдіру туралы бастамасын толық қолдаймын. Бұл шешім дер кезінде қабылданып жатқан шара.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.