Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Қаңтар айы қадам басқалы Көкпекті ауданы қалың қармен арпалысып әуре-сарсаңға түсіп жатқаны барлығымызға аян. Қалың қардың салдарынан көше жолдары жабылып, көлік қатынауы қиынға соққанын да көзіміз көрді.Табиғаттың бізге тартқан «тосын сыйына» тосқауыл бола алмасақ та, қар тазалау жұмыстары тез әрі тиянақты жүргізіліп жатыр деуімізге толық негіз бар. Оған дәлел «Көкпекті жолдары» ЖШС, «Вайнах» ЖК, Көкпекті аудандық «Коммуналды шаруа-шылық» жұмысшыларының күн-түн демей жасап жатқан қыруар жұмыстары. «Бүгінде Көкпекті ауылы бойынша ауыл сыртына 11 500 шаршы метр қар шығару орыны дайындалды. Қар белгіленген жерге тасымалдануда. Бүгінгі күнге дейін 6640 куб көлемінде қар шығарылды.
Толығырақ...21 января в селе Кокпекты состоялась итоговая отчетная встреча с населением акима Кокпектинского района Асхата Сайдахметовича Смаилова. В ходе отчетного доклада глава района подробно ознакомил присутствующих с проделанной работой за 2019 и планах на 2020 год.
Толығырақ...Көкпекті ауданы басшылығына Асхат Сайдахметұлы Смаилов келгелі аудан тұрғындары арасында елімізді серпілткен, санамызды сілкінткен нағыз «Рухани жаңғыру» жүріп жатыр. Ауданымыздың басты елді мекендерінің бірі Самар ауылында Абай ата ескерткіші орнатылып, көрікті алаң жасақталды.
Осы жылдарда тұңғиығынан қоңырау тарта күмбірлеген Бейнетеңіздің жағасындағы Тассай ауылы қайтадан түлеп серпілді. Ауылдың әрбір үйіне таза ауыз су тартылып, тұрғындардың игілігіне берілді. Жазғытұрым қыстың сызы қалмаса да, тасқынның ізі Кілеңжырада қалып, су шайып кететін көпір де мықтай шегенделіп, жөнделді. Тастай боп бекінген бірлікті елге мереке келіп, береке кірді. «Тассай барысы», "Салбұрын" саятшылық мерекелері осы ауылдың төрінде өтті. Мәдениет деңгейі көтерілген Тассай ауылының көркемөнерпаздары ауданымызға, облысқа, республикаға таныла бастады. Катрен сал Байжұманов, Нығметжан Смағұлов, Тасқайнат Әлкеев, Қалырбек Қайсановтар тассайлықтардың өнер бастауын-да тұрса, бұлардың ізін Саяхат Тұрлыбеков, Берік Байгереев, Серік Қайсанов, Зульфат Қайсанов, Тілек Бүкүмбаев және басқалар жалғастыруда.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.