Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Күз мезгілі басталғалы бері ауданда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі тағы да ұйымдастырылды. Сондай іс-шаралардың бірі 2 қазан күні "Ұлы дала елі" алаңында өтті.
Ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне аудан әкімі Раджан Қайырқанұлы келіп, ұйымдастыру барысымен танысты. Халық сұранысына сай болу керектігіне назар аударды. Аудан басшысы ауылдық округ әкімдері мен ауыл шаруашылық бөліміне жәрмеңкеде қойылған өнімдердің қорына, бағасына мониторинг жүргізуді тапсырды. Жәрмеңке ұйымдастыру біріншіден, өңірлік тауар өндірушілердің өнімін өткізудің тиімді тәсілі болса, екіншіден, азық-түлік бағасын тұрақтандыруға септігін тигізуі керек екенін баса айтты.
Жыл сайын дəстүрге айналған ұстаздар күні биыл ерекше аталды. 4 қазан күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ұстаз – саған мың алғыс» атты мерекелік концерт өтті.
Ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған іс-шараға аудан әкімі Раджан Сейтқанов қатысты. Шара басталар алдында Раджан Қайырқанұлы аудандық Оқушылар шығармашылық сарайы тәрбиеленушілерінің әзірлеген көрмесін тамашалады. Салтанатты шараға шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі ерен ұстаздар қауымы құрметті қонақ ретінде шақырылды. Мерекелік бағдарлама аудан әкімі Р.Сейтқановтың құттықтау сөзімен басталды.
Күміс шыңдары зеңгір көкпен таласқан түркілердің алтын бесігі – Алтайға ат шалдыратындар аз емес. Босағасы ала жаздай қонақтардан босамайды. Сөзсіз, сұлу мекен. Дәл сол сияқты суы шипалы Алакөлді аңсап жететіндердің де қарасы көп. Хакім Абай өткен Жидебай өңірін айтсақ, әр тасы тұнған тарих. Тұлғалар туған киелі өңір.
Бұл жерлерді білмейтіндер, әй жоқ-ау. Барып көрмесе де, хабардар. Сол үшін де «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Атамекен» экспедициясы көп ешкім біле бермейтін атақоныстарға ат басын бұрды. Сөйтіп, Қалба сілемдерінің қос қапталын жайлаған Көкпекті мен Ұлан аудандарын аралап шықтық.
Ертістен түстікке қарай созылып жатқан Қалба жотасының қойнауы – көненің көзі, сақтардың ізі қалған киелі жер. Зиялы қауым мен журналистерден, фотографтар мен блогерлерден құралған топтың сапары көрікті Көкпекті жерінен басталды. Тәуелсіздіктің отыз жылында рухани толысып, асқан асуымыз, шыққан белесіміз аз емес екен. Бірақ келмеске кеткен кеңес кезінде құнды деректердің тоналып, кейбір дәстүрлерден қол үзіп қалғанымызды да байқадық.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.