Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Күз мезгілі басталғалы бері ауданда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі тағы да ұйымдастырылды. Сондай іс-шаралардың бірі 2 қазан күні "Ұлы дала елі" алаңында өтті.
Ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне аудан әкімі Раджан Қайырқанұлы келіп, ұйымдастыру барысымен танысты. Халық сұранысына сай болу керектігіне назар аударды. Аудан басшысы ауылдық округ әкімдері мен ауыл шаруашылық бөліміне жәрмеңкеде қойылған өнімдердің қорына, бағасына мониторинг жүргізуді тапсырды. Жәрмеңке ұйымдастыру біріншіден, өңірлік тауар өндірушілердің өнімін өткізудің тиімді тәсілі болса, екіншіден, азық-түлік бағасын тұрақтандыруға септігін тигізуі керек екенін баса айтты.


Күзгі жәрмеңкеге халық көп жиналды. Аудан тұрғындары керек-жарағын жәрмеңкеден түгендеп қалуға тырысады. Алайда, сенбі күні ұйымдастырылған жәрмеңкенің жарнамасы жер жарса да халық бұл жерден керегін таба алмады. Сенбілік күзгі жәрмеңкеде тұрғындардың қысқы азық-түлігіне қажетті сары май, картоп, пияздың бағасы базар бағасымен бірдей саудаланды. Сонымен қатар сауда сөрелеріндегі ет және ет өнімдері саусақпен санарлық болды.
Көкөністер арасында қызанақ - (350) орамжапырақ – (140), сәбіз(200) картоп өнімдері тұтынушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие болды. Алайда картоптың бағасы базар бағасымен бірдей саудаланды. Мәселен, атын атамауды өтінген Тассайлық тұрғын ауылда 5, 6 мыңнан саудаланып жатқан картоп бағасы мұнда бір мөшегі 7 жарым 8 мыңнан сатылғанын айтып наразылық тудырды. Сонда бұл жәрмеңке не үшін ұйымдастырылады? Баға қолжетімділігілі болмаса.
Көкжайық, Теректі және Шұғылбай округтерінің сауда сөрелерінде бітеудей дайындалған үйрек, қаздың еті қайнатылған құрт, қатты құрт, нан өнімдері, жұмыртқа болды. Ал үлкенбөкендіктердің сөресінен тұздалған саңырауқұлақ, көкөністің сан түрі самсып тұрды.
Сенбі күні Самар ауылдық округінің Абай алаңында да жәрмеңке өтті. Ауыл тұрғындарының көпшілігі оның өтетіні туралы біледі, өйткені ауылдық округ әкімдігі қызметкерлері жәрмеңке туралы алдын ала хабарлайды. Ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу кезінде бетперде кию режимі және санитарлық нормалардың барлық ережелері сақталады.
Сөрелерде әдеттегідей ет өнімдері көп болды – сиыр, қой еттері белгіленген бағада 1 келісі 1800 теңге - 2000 теңгеден саудаланды. Ал базарда оның бағасы келісі 2100-ден 2300 теңгеге дейін, тартылған ет 2500 теңгеден кем сатылмайды .
Сүт өнімдерін жақсы көрушілер де жәрмеңкеде бұл өнімдерді сатып ала алады. Сөрелерде балық өнімдері көп болды, тартылған балық үлкен сұраныспен келісі 400 теңгеден ұсынылды.
Бұл жолы көкөніс өнімдері болған жоқ. Алайда көкөніс өсірушілер мен жеке сатушылар күнделікті базарда ауыл тұрғындары үшін қызанақты келісі 200 - 250 теңгеден, 1 қап картоптың бағасы 5 мың және 6 мың теңгегенің арасында сатады.
Жәрмеңкеге Самар өңірінің барлық ауылдық округтері белсене қатысуда. Тұтынушылар ұсынылған өнімдердің ассортиментіне және белгіленген бағаларға риза болды.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз