Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Гүлназ Құдайбергенқызы Нұрғалиева, «Көкпекті жолдары» ЖШС басшысы, аудандық маслихаттың депутаты:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 нау-рыздағы кезекті Жолдауының тарихи маңызы өте зор. Мемлекеттік құрылымның жаңа кезеңі бүгіннен басталды десек болады. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бағытында жасалған қадамдар, мәслихаттар құзыретін арттыру бастамалары жергілікті мәселелерді оңтайлы шешуге ықпал етеді деп сенемін. Жолдауда адам құқықтарын сақтау, тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету мәселелері қамтылды. Президент «Өзіңнен баста» деген тапсырмасының іске асырылуын өзі бірінші көрсетіп отыр. Атап айтқанда, өкілеттіктерді қайта бөлу, жақын туыстарды саяси лауазымдарды атқарудан шектеуі және Президент пен облыс басшылығының деполитизациясы. Мәжіліс құзыретінің артуы, сондай-ақ сайлаудың ішінара мажоритарлық жүйесін енгізу және әкімдердің сайланбалылығын енгізу. Президент бұрын жариялаған саяси реформалардың іс жүзінде жүзеге асырылып жатқанының айқын көрінісі. Осы жұмыстарды атқаруда жалған ұраннан, жалаң сөзден аулақ болу керек. Қазақстанда жаңадан үш облыс ашылады: Абай, Ұлытау және Жетісу. Бұл көпшілікті қуантқан жағымды жаңалық болды. Әсіресе, тұрғындары облыс орталығынан шалғай жатқан өңірлер үшін маңызды. Президент шешімі халық саны, даму әлеуеті, басқа да себептер ескеріліп қабылданды деп ойлаймын.
Қымбатты отандастар!
Қадірлі қауым!
Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік.
Баршаңызға мәлім, былтыр егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда 30 жыл тым көп уақыт емес. Халқымыз Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы кезеңде ауқымды жұмыс атқарды, көптеген табыстарға қол жеткізді.
Алайда, береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті. Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді.
Толығырақ...
Ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулері 18 ақпан күні Үлгілімалшы, Көкжайық және Үлкенбөкен ауылдарында жалғасты. Бұл күні аталмыш ауылдық округ әкімдері халық алдында атқарылған жұмыстардың есебін беріп, жоспарланған жобалармен таныстырды. Есептік кездесулерге аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов, аудан әкімінің орынбасарлары Дәурен Қойгелдин мен Жаслан Майкенев, аппарат басшысы Талант Бақытбекұлы, аудандық мәслихат депутаттары Жарбол Алпысбаев және Гүлнұр Сыдыкова қатысты.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.