Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Сағандықов бұқарамен дәл осылай байланыс жасады. 8 тамызда өткен «Тікелей эфир» бағдарламасы «Қазақстан-Өскемен» телеарнасы қолға алған жаңа бір жоба. Әр апта сайын берілетін жарты сағаттық тікелей эфирдің бұл жолғы қонағы Рамиль Нығметжанұлы ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі, іске асырылып жатқан жобалар жөнінде айтып берді. Бағдарлама жүргізушісі Мадина Карибаеваның жүйелі сауалдары және телефон арқылы хабарласқан көрермендердің сұрақтары да жауапсыз қалмады.
Толығырақ...Аким Кокпектинского района Рамиль Сагандыков 8 августа принял участие в прямом эфире телевещания «Қазақстан-Өскемен». Каждую неделю в прямом эфире на данном канале отводится получасовой диалог. На этот раз гость телепередачи Рамиль Нигметчанович проинформировал о социально-экономическом состоянии района, о вводимых проектах. Все животрепещущие вопросы ведущей программы Мадины Карибаевой и поступающие звонки от телезрителей не остались без ответа.
Толығырақ...Айдың алғашқы сәрсенбісінде аудан әкімінің қабылдауын күтіп отыратын тұрғындар осы жолы да бірталай болды. Олардың әр қабылдау кезінде айтар арыз-армандары бір-біріне ұқсамаса да, барлығы да тұрмыс түйткілдеріне қатысты болып келеді.
Қабылдау барысында үш адам материалдық көмек сұрап келді. Оның бірі ауыр науқасқа шалдыққан тұрғын. Р.Сағындықов өтініш берушінің мәселесін мұқият қарап, өтінішін қанағаттандыруды тапсырды. Материалдық көмек сұраушының бірі көп балалы ана. Мектеп жасындағы бес баласының жаңа оқу жылына даярлығы алаңдататын анаға да қанағаттанарлық жа-уап қайтарылды. Осы орайда аудан басшысы «Мектепке жол» акциясы аясында көмекке мұқтаж қаншама бала барын, нақты қандай көмек қажет екенін анықтау бойынша ауылдық округ әкімдеріне тапсырма берілетінін айта келіп, Самар ауылдық округінің әкіміне нақты осы отбасына көмек көрсету жолдарын қарастыруды тапсырды. «Бес дәптер, екі қалам беріп, көмек көрсетілді деген есеп беруге жол берілмесін», - деді Рамиль Нығметжанұлы. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған анаға да материалдық көмек берілетін болды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.