Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Құрметті аудан тұрғындары, көкпектіліктер!
Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. Елбасы –тәуелсіздігіміздің, татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Биылғы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойында біздің еліміз Тұңғыш Президентіміздің есімін одан әрі асқақтата түсері анық. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күні - ұлттық мерекеге айналған, мемлекеттік мереке. Осы күнді біз мақтанышпен сезінеміз, қазақ халқының ынтымақтастығын жарастырып, бүкіләлемдік тыныштыққа, дүниежүзіндегі халықтар мен мемлекеттер арасындағы келісімге, дүниежүзілік мәдениетті, бейбітшілікті арттыруға сүбелі үлес қосқан Елбасы жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырды.
Толығырақ...Уважаемые земляки!
1 декабря наша страна отмечает государственный праздник – День Первого Президента Республики Казахстан! Для всех нас — это значимый и наполненный особым содержанием праздник. Именно в этот день в 1991 году на первых всенародных выборах казахстанцы избрали своим Первым Президентом Нурсултана Абишевича Назарбаева. Сегодня Казахстан знают и уважают во всем мире. Страна, успешно реализовавшая масштабные политические и социально-экономические реформы, стала примером для многих стран СНГ и всего Центрально-Азиатского региона.
Казахстан является крупнейшим инициатором интеграционных процессов. Ярким примером тому является председательство Казахстана в таких влиятельных организациях как ОБСЕ, СНГ, ШОС, ЕврАзЭС, ОИС и многие другие.
Казахстан — это страна, инициировавшая глобальный диалог между Востоком и Западом, цивилизациями и культурами, ставшая местом проведения Первого Съезда лидеров мировых и традиционных религий, а также других важнейших международных форумов и встреч. Все эти грандиозные достижения Казахстана стали возможны благодаря неустанному труду нашего Первого Президента во благо всех казахстанцев. Жемчужина Евразии — Астана, созданная созидательным и рукотворным трудом Главы государства еще больше скрепила Казахстан особым духом независимости и новых побед!
Толығырақ...«Әрбір адам бала кезінен «Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей болғаны жөн» деген Елбасымыздың жүрек түкпірінен шыққан қанатты сөзі елін сүйетін, оған жан аямай қызмет ете білетін қазақстандықтың алға ұстар ұраны болуы тиіс. Ел тізгінін берік ұстаған Тұңғыш Президент ешбір күштердің ырқында кетпеді. Әрбір қазақстандық үшін маңызды бұл мерекелі күн елдік, ерлік шежіресі бар, қазыналы өлке саналатын ауданымызда да үлкен қуанышпен қарсы алынады. Осы ұлт келбеті, тәуелсіздіктің тірегі саналатын Елбасы күні мерекесі қарсаңында аудан тұрғындары жылы лебіздерімен бөлісті.
Бизада Демегенова, зейнеткер мұғалім:
- Талай асуларды бағын-дырған мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі 25 жылдық мерейтойын атағалы отырған Тәуелсіздігімізді тұғыр-лы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасам-паздығының жемісі. Нұрсұлтан Назарбаевты оның жүргізіп отырған саясаты, халыққа деген көзқарасы үшін құрметтейді. Оның арқасында Қазақстан өңірде ғана емес, бүкіл әлемдегі тұрақтылықтың үлгісі ретінде танылуда. Ең маңыздысы бұл өңірде орын алған бейбітшілік пен тыныштық. Біз, зейнеткерлер, қашанда Елбасының бастамаларын қолдап, жастарды оларды жүзеге асыруға үндеп отырудан жалықпаймыз. Өзіміз де қатардан қалмай, белсенділік танытамыз.
Қадыр Қайырғазинов, ау-дандық мәслихаттың депутаты:
- Қазақстан азаттықтың арқа-сында Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, аз уақыттың ішінде биік белестерді бағындырды. ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСІШК сияқты ұйымдардың белсенділігі артты. ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ секілді іргелі ұйымдарға төрағалық етті. Дәстүрлі дін басшылары 3 жыл сайын Қазақстанды бас қосып, пікір алмасу алаңына айналдырды. Бұның өзі Елбасының ерлікке пара-пар істерінің нәтижесі болатын. «Алдымен – экономика, сонан соң саясат» қағидаты арқасында көпшілік қазақстандықтардың тұрмыс жағдайы жақсарды. Тәуелсіздік жылдары бар-жоғы 700 долларды құраған ішкі жалпы өнім бүгінде бірнеше мәрте өсті. Қазақстанда индустрияландыру саясаты қолға алынды. Онда инновациялық үрдіс қосылды. Мұның бәрі ел экономикасының мүлдем жаңа, мүлдем басқа арнаға бұрылғанын айғақтайды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.