Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Әрбір адам бала кезінен «Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей болғаны жөн» деген Елбасымыздың жүрек түкпірінен шыққан қанатты сөзі елін сүйетін, оған жан аямай қызмет ете білетін қазақстандықтың алға ұстар ұраны болуы тиіс. Ел тізгінін берік ұстаған Тұңғыш Президент ешбір күштердің ырқында кетпеді. Әрбір қазақстандық үшін маңызды бұл мерекелі күн елдік, ерлік шежіресі бар, қазыналы өлке саналатын ауданымызда да үлкен қуанышпен қарсы алынады. Осы ұлт келбеті, тәуелсіздіктің тірегі саналатын Елбасы күні мерекесі қарсаңында аудан тұрғындары жылы лебіздерімен бөлісті.

Бизада Демегенова, зейнеткер мұғалім:
- Талай асуларды бағын-дырған мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі 25 жылдық мерейтойын атағалы отырған Тәуелсіздігімізді тұғыр-лы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасам-паздығының жемісі. Нұрсұлтан Назарбаевты оның жүргізіп отырған саясаты, халыққа деген көзқарасы үшін құрметтейді. Оның арқасында Қазақстан өңірде ғана емес, бүкіл әлемдегі тұрақтылықтың үлгісі ретінде танылуда. Ең маңыздысы бұл өңірде орын алған бейбітшілік пен тыныштық. Біз, зейнеткерлер, қашанда Елбасының бастамаларын қолдап, жастарды оларды жүзеге асыруға үндеп отырудан жалықпаймыз. Өзіміз де қатардан қалмай, белсенділік танытамыз.
Қадыр Қайырғазинов, ау-дандық мәслихаттың депутаты:
- Қазақстан азаттықтың арқа-сында Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, аз уақыттың ішінде биік белестерді бағындырды. ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСІШК сияқты ұйымдардың белсенділігі артты. ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ секілді іргелі ұйымдарға төрағалық етті. Дәстүрлі дін басшылары 3 жыл сайын Қазақстанды бас қосып, пікір алмасу алаңына айналдырды. Бұның өзі Елбасының ерлікке пара-пар істерінің нәтижесі болатын. «Алдымен – экономика, сонан соң саясат» қағидаты арқасында көпшілік қазақстандықтардың тұрмыс жағдайы жақсарды. Тәуелсіздік жылдары бар-жоғы 700 долларды құраған ішкі жалпы өнім бүгінде бірнеше мәрте өсті. Қазақстанда индустрияландыру саясаты қолға алынды. Онда инновациялық үрдіс қосылды. Мұның бәрі ел экономикасының мүлдем жаңа, мүлдем басқа арнаға бұрылғанын айғақтайды.


Елбасы Нұрсұлтан Назар-баевтың Сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рә-міздері қабылданды. Қазақ-станның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен, 1991 жылдың 29 тамызында Нұр-сұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Ядро-лық қарусыз әлемге қарай қадам басқан жаһандық қозғалыстардың бірден бір бастауы осындай Президент шешімінен туындаған еді.
Асқар Қажығалиев, «Серік» шаруа қожалығының басшысы:
- Елбасымыз ерен еңбегі мен қайраткерлігін бүкіл әлем мойындаған дара тұлға. Кездесуде қандай елдердің басшылары болмасын, барлығының Елбасына ерекше құрмет, ілтипат танытатынына бәріміз куә болып жүрміз. Бізге бұл үлкен мақтаныш. Бұл Мемлекет басшысының кемеңгерлігінің арқасында, екінші жағынан Қазақстанның жетістіктерін әлемнің мойындағаны деп білеміз. Қазіргі кезде дүние жүзінде саяси тұрғыдан шие-леністер болып жатқанда біздің еліміз сол келіссөздердің бітімгері болып табылатыны біз үшін қуаныш.
Елбасы туралы айтқанда, ең алдымен оның жүргізіп отырған сындарлы ішкі саясаты мен көпвекторлы сыртқы саясатына көп көңіл бөлуіміз керек. Өйткені, өз егемендігін алғаннан кейінгі Қазақстанның жүріп өткен жолы тұтас ғасырларға татиды. Себебі, елдің бағына басшылыққа осындай ақылды, данышпан Президент келді. Ал енді Тәуелсіздік алғаннан кейінгі бұл кісінің атқарған шаруалары ұшан теңіз.
Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясында: «Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жыл-ғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент–Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бас-шылығымен іске асты. Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қа-лаушы – еліміздің Тұңғыш Пре-зиденті Н.Ә.Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты» деп жазылды.
Болат Жадрин, Көкпекті аудандық Қазынашылық бас-қармасының басшысы:
- Жерлестерімді Тұң-ғыш Президенті күнімен құт-тықтаймын! Жаңа тәуелсіз мем-лекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – бар-лық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық баста-малардың бастаушысы, отан-дастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қор-ғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.
Мемлекет Басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілге-рілеу мен өркендеу жолына шықты. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілеймін!

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз