Сонау Кеңес Одағы заманында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Әнұраны «Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған»- деген сөзбен басталатын. Сонда ішіміз оттай жанып, Тәуелсіздікке жетсек-ау деген үміт ұшқыны жалт ететін. 1991 жылы Қазақстан Рес-публикасы Тәуелсіздігін жариялап, егемен ел болғанда, бөркімізді аспанға атып қуандық.
Толығырақ...Президент Қ.К.Тоқаев еліміз тәуелсіздік алған 28 жыл ішінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жеткен жетістіктердің бәріне баянды бірлігіміздің, тәуелсіздігімізді нығайтуды негізге алғанымыздың арқасында қол жеткізгенін атап өтіп, алдағы уақытта осы алға қойылған мақсаттарды үздіксіз жүзеге асыра беретінін айтты. Үкімет алдына бірнеше шараларды жүзеге асыру қажеттігін нақтылылап берді. Соның бір дәлелі жолдаудың екінші тармағы толығымен сот пен құқық қорғау саласына арналып азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп аталуы болып отыр. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторы –бұл сот пен құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар болып табылады. Судьялардың Конституциямен бекітілген Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратынын, сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейтінін, нақты істер бойынша судьялар есеп бермейтінін және сот шешімін шығару кезінде заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып шешім шығару құқығын ескере отырып, сот шешімдерінің сапасын арттыру, сот шешіміне мұқият талдау жүргізу жұмысын және бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыруды қолға алу қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, осыдан бұлай соттарға дауларды шешкен кезде қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеру құқығын беру, аталған дәлелдемелерді жинау міндеті жеке азаматтарға немесе бизнес өкіліне емес мемлекеттік органдарға жүктеу керектігі аталып өтті. Осы уақытқа дейін сот саласын «гуманизациялау» мақсатында шамадан тыс қудалау мен сот төрелігінің қатаң жазалау тәжірибесінен бас тартқан едік, алайда қазіргі кезде елімізде ауыр қылмыстар саны азаймай жекеленген адамдардың құқықтары бұзылуда. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және де басқа ауыр қылмыстарға қатысты қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайтуды қолға алу қажеттілігі туып отыр. Кінәсіздік презумциясы қағидасын сақтау қажеттілігін үнемі ұмытпау қажет. Кінәсіз адамның жауапкершілікке тартылу фактілеріне жол бермеу қажеттілігі де тілге тиек болды.
Толығырақ...«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық», «Құтты мекен» жобасы аясында Көкпекті адандық филиалында көптегенген игі шаралар мен ізгі істер жүзеге асырылуда. Байырғы партия мүшелері Гүлбаран Акшабаева, Клара Смаилова ханымдар аттан түспей аудандық қызметке араласса, Клара Нүрпейісова қоғамдық шаруаны тыңғылықты тындыруда. Біздің әңгімеміздің арқауы көпбалалы ана Самар ауылындай құтты мекенін тастап көшіп кетпеген, ардагерлерін ардақтап отырған зейнеткер Нурпеисова Клара Қабыләшімқызы туралы болмақ.
Клара Қабыләшімқызы Самар аудандық әкімшілігінің жалпы бөлімінде аудармашы, тілдер комитетінің бас маманы, аудандық мәслихаттың бас маманы, аудандық радиторабының бөлім басшысы, 24 жылдан артық аудандық газеттің редакциясында тілші, жауапты хатшы, аға тілші болып қызмет атқарған. Бүгінде Клара Қабыләшімқызының ұйымдастыруымен, аудан әкімінің қолдауымен 2010 жылы Самар ауылында «Асыл қазына» әжелер ансамблі құрылды. Осы әжелер ансамблі жұмысын клуб дәрежесіне жеткізді. Он жыл бойы ұлттық өнерді насихаттауға атсалысуда. Клубтың мақсаты өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отансүйгіштікке, патриотизмге, өнерге баулу. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұлтымыздың салт-дәстүрін ұрпақ бойына сіңіру. Өзі бес бала тәрбиелеп өсірген Клара, сүйікті жұбайы, асыл азаматы Әділқан Ақанұлы екеуі балаларын да өмірде өз жолдарын табуға үйретті. Олар еліміздің түкпір-түкпірінде, әр саласында табысты еңбек етіп жатқан азаматтар. Алты немересі бар –ерекше жақсы көретін екі немересі Алматы қаласындағы инновациялық мектептеріде білім алуда.
7-8 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан әйелдерінің ауылды кешенді дамытуға қосқан үлесі және ЦУР-2030 жетістіктері» атты II Қазақстан ауыл әйелдерінің форумы өтті.
Қазақстанның ауыл әйелдері Форумы екінші рет өтіп жатыр. Биыл екі күн ішінде сарапшылар, бизнесмендер және саясаткерлер ауылдағы бизнес-идеяларды қолдаудың тиімді тетіктерін және сұранысқа ие жобаларды анықтады. Делегаттар өз тәжірибесімен бөлісіп, шалғай аудандардың табысты даму формуласын, ауылдар мен ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысу арқылы өмір сүру сапасын жақсарту және әл-ауқатты арттыру туралы пікір алмасты.
Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамыту ісіндегі нақты мәселелердің бар екеніне назар аударып, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар міндет қойды.
Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде тұрақты әрі жоғары сұранысқа ие тиімділігі жоғары дақылдарды (жасымық, зығыр, соя) өсіруге көшу есебінен еңбек өнімділігін арттыру қажеттігін айтты. Оның айтуынша, органикалық ауыл шаруашылығы өндірісін дамытып, заманауи агротехнология мен инновацияны енгізу керек.
– Үкімет агрохимия қызметін күшейту, гербицидтердің, минералды тыңайтқыштардың және элиталық тұқымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауы қажет, – деді Президент.
Мемлекет басшысы Үкіметке өндірістің ел аумағында орналасу әлеуетін зерттеу арқылы ауыл шаруашылығы техникалары паркінің тозуына қатысты мәселені шешуді тапсырды.Әлемдік тәжірибені ескере отырып минералдау негізінде топырақтың құнарлылығын жақсарту – маңызды міндет. Мемлекет басшысы бұл мәселені шешу үшін шетелдік инвесторларды тарта отырып, ел аумағында тыңайтқыштар мен пестицидтер шығаратын дайын лицензиясы бар зауыттар салуды тапсырды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.