Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сонау Кеңес Одағы заманында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Әнұраны «Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған»- деген сөзбен басталатын. Сонда ішіміз оттай жанып, Тәуелсіздікке жетсек-ау деген үміт ұшқыны жалт ететін. 1991 жылы Қазақстан Рес-публикасы Тәуелсіздігін жариялап, егемен ел болғанда, бөркімізді аспанға атып қуандық.


Егемен ел ордасының керегесін жазысып, шаңырағын көтеріп уығын шаншуға, бүгінгі аға буын, біз де атсалыстық. Тараған колхоз-совхоздар, құлдыраған экономика, ештеңе жетпейтін әлеуметтік сала – осындай енші қалды өткен күннен. Сол тұралаған мемлекетті қайта құрып, бүгінгі күнге жеткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенді саясаты мен іскерлігі. «Алдымен экономика» - деген Елбасына еріп, ел еңсесін түзетер, елімізді әлемге танытар жолда қажымай талмай еңбек еттік. Кеше патша отары болған, кеңестік қызыл саясаттың құрбаны болған еліміз Тәуелсіздікке қадам басқалы 29 жылдың жүзі болғанда – саяси тұрғыдан ескірген, бүгінгі күнде мән-мағынасын жоғалтқан, тарихи маңызы жоқ, мәдени құндылыққа жаттпайтын елді мекендер атаулары мен олардағы көшелерге қойылған кеңестік идеологиялық есімдерден арылудың кезі келді. Осы орайда Көкпекті ауданы бойынша 62 нысанның атауы өзгеруін, оларға тарихи төл атаулары қайтарылуын, ел мен жерге еңбегі сіңген тұлғалардың есімдері қойылуын толық қолдаймын. Елбасы бастаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан оңды істерді ұйымдастырудағы аудан әкімі Асхат Смаиловтың еңбегіне жеміс, қызметіне табыс тілеймін.

Армия Бектасов,
Көкпекті ауданының Құрметті азаматы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз