Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2014 жылы 26 желтоқсанда ел Президентінің Жарғысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді.

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады

.

Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Жарма аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ауданаралық бөлімінің қызметінің нәтижелеріне көз жүгіртер болсақ, ағымдағы жылы, Жарма аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ауданаралық бөлімінің қызметкерлеріне 200 000 теңге пара беру дерегі бойынша ҚР ҚК 367 бабының 2 бөлігімен Жарма ауданының әкімінің орынбасары А.С.Тәуіпбайға қатысты қозғалған сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Одан басқа, Жарма аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР ҚК 307 бабының 4 бөлігі, 314 бабының 2 бөлігімен Жарма ауданының құрылыс бөлімінің бастығы Т. Мукеевке қатысты қозғалған сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

2015 жылғы 15 мамырдағы сот үкімімен кінәлі танылып, мүлігін тәркілеумен бірге мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан 4 жылға айырыла отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде сот үкімі шықты.

Б.Утепов, Жарма аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ауданаралық бөлімінің басшысы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз