Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

 

 

Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен аумаққа таралып кетеді. Ауа райының ыстық кездерінде, егер жауын-шашын болмаса, ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар тағы басқалары жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.

Біздің аудандағы Самар орман шаруа-шылығының қарағайлы орманына таң қалмайтын, қызығып, сүйсіне қарамайтын адам кемде-кем! Бұл орман облысымыздың, қала берді республикамыздың мақтанышы десек артық емес. Ауылымызға келіп демалып, тарихымен танысуға  еліміздің әр жерінен, шет мемлекеттен де адамдар келіп тұрады. Әрине, бұл қуантарлық жағдай.

Десек те, бес саусақтың бәрі бірдей емесі сияқты, адамдардың да бәрі бірдей емес. Кейбір демалушылар орманның таза ауасымен тынығып, сұлулығын тамашалап жүріп от жағады, тұрмыстық қалдықтарды тастап кетеді, ағаш бұталарын сындырып, зиянын тигізеді. Ал, босаған шишалар, әйнектер, темекі қалдығы, дұрыс сөнбеген от ошақтары – орман өртінің басты себептері. Статистикаға сүйенер болсақ, орман өртінің 93 пайызы адам кесірінен болады екен. Жалпы орман өртінің 3 түрі болады: жер асты, төменгі және жоғарғы өрттер. Өрттің 90 пайызы төменгі сипатта. Бұл жағдайда топырақтың үстіңгі қабаты ғана өртеніп, ағаштардың төменгі бөлігін және шөптерді жалын шарпиды.

Әр жылдың 15 сәуірінен 15 қарашасына дейінгі аралық – өрт қауіпі өте жоғары кезең саналады. Сондықтан, орман шаруашылығының   мекемесі орман өртінің алдын-алу шараларын естеріңізге салады:

 

-орманға демалуға барар кезде арнайы рұқсат қағаз алып, арнайы демалатын орындарға бару керек;

-қайтар кезде отырған орынды жинап, от ошағына су құйып немесе топырақпен көміп сөндіру қажет. Әйнек, қағаз қалдықтарын жинап кету керек;

-агрегаттар мен көліктер өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен қамтылуы керек. Олар: күрек, сыпырғыш, өрт сөндіргіш, т.б.

Осы орайда, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғандарға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284 бабына сәйкес, айыппұл салынатынын барлық демалушылардың білгені жөн. 

Орман өрті – үлкен апат. Ол орманға ғана емес, қоршаған ортаға да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан ауыл адамдарын, келген қонақтар мен демалушыларды Табиғат ана сыйлаған асыл мұра – орманымызды сақтауға шақырамыз!

А.Қайыңбаев, Самар орман

шаруашылығының

орманшысы

 

 

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз