Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазіргі таңда барлық соттарда сот төрелігінің жүргізілуін, қабылданған сот актілері мәтіндерінің электрондық мұрағатын құратын, сот істерін компьютермен автоматты түрде бөлетін, құжаттарды бірыңғай есепке алуын қамтитын электрондық құжат айналымы жүйесі енгізілген.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен 2003 жылы 9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі (ҚР СО БААТЖ) бағдарламасы дайындалып бекітілген. Елбасы Н.Назарбаевтың судьялар съезінде сөйлеген сөзінде азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға, сот өндірісін жаңарту және жеңілдету, судьялардың сотта қателік жібермеуіне және заң бұзушылыққа жол бермеуіне, сот өндірісін жүргізуде үздік инновациялық технологияларды пайдалануға, сөйтіп толықтай «Электронды үкімет» жүйесі бойынша жұмыс жасауға көшу керектігіне айрықша тоқталған болатын. Мемлекеттік органдарда электрондық технологияларды енгізуге ҚР Президентінің 16.03.2011 жылғы №573 «Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпарат инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы негіз болды.

Мемлекеттік органдарда ақпараттық жүйелер жасау жұмысы жандана түсті. Бұл маңызды тапсырманы орындауға Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да белсене кірісті. Сот төрелігінің жүргізілуін, қабылданған сот актілері мәтіндерінің электрондық мұрағатын құратын, сот істерін компьютермен автоматты түрде бөлетін, құжаттарды бірыңғай есепке алуын қамтитын электрондық құжат айналымы жүйесі енгізілді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен 2003 жылы 9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі (ҚР СО БААТЖ) бағдарламасы дайындалып бекітілді. 2007 жылы Қазақстан Республикасының барлық 378 сотында аталған бағдарлама енгізілді. ҚР СО БААТЖ бағдарламасы сотқа түскен арыздар мен істерді судьяларға автоматты түрде бөледі, Статистикалық есепті кез-келген күнге жасайды, бұрын қолма-қол құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасына есептік карточкалар автоматты түрде қалыптастырады (әр сотталушыға, әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматқа, әр құқық бұзушыға, арыз-шағымдарға, бас шара қолдану туралы және т.б. карточкалар). Сот жұмысы, құжат айналымы толығымен бақылауға алынды, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты интернет-ресурсы арқылы сот актілерін көруге қол жеткізілді.

Қазіргі күні Қазақстан Республикасы сот органдары арасында қатынас, хат-хабар электронды түрде аталған бағдарлама арқылы және мемлекеттік органдар арасында электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жүргізіледі, бұл уақыт жағынан тез және қаржы жағынан тиімді, себебі пошта, қағаз, картридж шығындарын азайтады.

Сонымен қатар, жаңа технологияны өркендету мақсатында сот жүйесі мен пошта арасында тапсырыстық хаттардың электронды түрде жіберілетіні және хат алушыға хаттың тапсырылғанды бағдарлама арқылы бақылауы енгізілді. Оны 2014 жылдың маусым айынан бастап соттарға қолданысқа енгізілді. Бұл жүйенің пошта шығындарын үнемдеуге өте тиімді болды.

Барлық соттарда ақпараттық-анықтамалық киоскілер ашылған. Осы киоск және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты және облыстық соттардың сайттары арқылы кез келген азамат қаралатын істер тізімін, сот актілерін, соттардың сенім телефондарын, төрағалардың азаматтарды қабылдау, ашық есік күндерін көре алады, төрағаларға блог арқылы сұрақтарын қоя алады.

Сот саласында тағы бір жаңадан енгізілген жаңа технология ол бейнеконференцбайланыс жүйесі (видеоконференцсвязь). Қазақстан Республикасының әр аумағының сотталушылары қаладан ауданға жеткізілетін болса, қазіргі күні осы байланыс арқылы қашықтықта сот процесін жүргізуге, сұрақтар қоюға, жауаптар алуға мүмкіншілік бар. Соның арқасында барлық соттармен тікелей байланысқа шығып, түрлі жиналыстар мен «дөнгелек үстелдерге», семинар сабақтар мен тренингтерге қатысып, сот процестерін бақылауға мүмкіндік туып отыр. Интерактивті оқу орталығы судьялардың біліктілігін арттырудағы жұмысты жеңілдете түседі. Жаңа технологияның бірі ол сот процесін аудиобейнежазбаға жазу. Сот мәжілісі толық және жан-жақты төрт камераға жазылады, бұл сот процесін хаттамаға толығымен түсіруге мүмкіншілік береді, сондай-ақ іс бойынша жазылған процесс бірден бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесіне тіркеледі. Және осы жүйе арқылы қысқа хаттама түзуге болады. Бұл сот мәжілісінің хатшысының жұмысын жеңілдетеді.

Жоғарыда аталған ақпараттық жаңа технологиялар арқылы сот саласы халыққа ашық әрі қол жетімді. Ендігі мақсат осы жаңа технологияларды жұмыс барысында дұрыс, тиімді пайдалану, игеру.

Ең жоғарғы саты болып табылатын, сот төрелігінің тәуелсіздігі мен бейтараптығын қамтамасыз ететін, барлығының сот алдында тендігін және әділдікке кепілдік беретін Қазақстанның соттары адам құқықтарын барынша үздік қорғау мақсатында қажетті жәрдем көрсетеді. Сот жүйесінің халық үшін ашық, әрі қол жетімді болуы үшін сот төрелігі мен ақпаратқа қол жеткізу бойынша халықтың сұраныс деңгейін арттыруы әбден мүмкін.

БААТЖ бағдарламасында қазіргі кезде бақылауға алу функциялары көптеп енгізілуде. Атап айтқанда, тұрақты түрдегі бақылау құжаттары, тез арада орындалатын бақылау құжаттары, күшіне енбеген сот үкімдері, дайын болмаған сот актілері мен сот отырысының хаттамалары, резолюция арқылы тапсырылған тапсырмалардың уақытында орындалуын қадағалау пунктілерін күнделікті пайдалану арқылы өз жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігі туған.

БААТЖ көптеген тіркеу журналдарын, статистикалық кәртішкелерді және сот ісін жүргізуді ұйымдастыруға қатысты басқа да көмекші құжаттарды алмастырды. Сөйтіп, түптеп келгенде, істі тіркеу үдерісін жетілдірді, ақпарат өңдеу мен құжаттарды беруге жұмсалатын уақытты үнемдеу арқылы сот статистикасындағы мәліметтерді жинаудың пәрменділігін арттырды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының 15.11.2014 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, «ТӨРЕЛІК» ақпараттық жүйесін енгізу шеңберінде 2015 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық соты және аудандық соттарда  «ТӨРЕЛІК» пилоттық жобасы енгізілді.

Бұл жаңашылдықтың мақсаты - іс жүргізу ақпаратын, шығарылған шешімдермен танысу, қаулылармен, сот ұйғарымдарымен және басқа да қажетті ақпараттарды сот ісін жүргізуге қатысушыларымен шұғыл алу болып табылады.

Осыған байланысты соттардың сот мамандарымен замануаи «ТӨРЕЛІК» құжатайналым ақпараттық жүйесін зерделеу бойынша оқу семинарлары ұйымдастырылып өткізілуде.

Пилот өткізу шеңберінде соттар күнделікті «ТӨРЕЛІК» жүйесімен кіріс және шығыс құжаттарды, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді тіркеу, сот актісін енгізу, сот отырысының уақытын толтыруларды жүргізеді.

Мамандардың айтуынша, осы жүйенің артықшылықтары, яғни осы жүйе басқа мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуға қолайлы, жүйені пайдаланушыларға тіркеу рәсімі жеңілдетілген, ақпарат алу жүйесі жеделдетілген, барлық тіркеу түрлері он-лайн режімінде көрінеді.

Сот мамандарына осы жүйе бойынша арнайы нұсқаулық және сот ісін жүргізуде негізгі бағытталған жұмыстарының бейнежазбасы ұсынылған.

Сот ісін жүргізудің замануаи жүйесін енгізу бойынша қойылған тапсырмаларды орындауда, Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының қызметкерлері тиімді және сапалы қызмет атқарумен қамсыздандыру үшін, инновациялық технологияларды кеңінен қолдану бойынша арнайы жоспарланған шараларды жүзеге асыру үшін белсенді жұмыстар атқаруда.

Л.Құнанбаева, Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз