Елбасының «Судья - халықтың айрықша таза әрі кіршіксіз ары» деп соттарға баға беруі, оның судьяларға сенім артуын көрсетумен қатар, оларға үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл жауапкершілікті түсініп, сенімді ақтау судья үшін зор міндет. Осы орайда, жақында Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ахметкәрім Алдиевпен жолығудың сәті түсіп, «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67 бабын қолдана отырып, қылмыстық жауапкершіліктен босатудың жолдары» тақырыбында сөз өрбіткен едік.
-Ахметкәрім Базарбекұлы, адам қандай жағдайларда қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін?
-Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату Қазақстан Респуликасының Қылмыстық кодексінің 67 бабын қолдану арқылы адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67 бабын қолдану арқылы жүзеге асады. Қажетті қорғану - бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда, қажетті қорғанудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату да бар. Мұндай босатуға егер айыпты адам:
-бірінші рет қылмыс жасаса;
-жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса ;
-жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді ;
-жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қазақстан Респуликасының Қылмыстық кодексінің 77 бабын қолдану арқылы. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауапкершілік жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:
-кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;
-орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;
-ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;
-аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі.
-Cот төрелігін жүргізуде Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 67 бабын қолдану туралы оқырмандарға мәлімет берсеңіз?
-Тараптарды татуластыру институтын дұрыс қолдану жәбірленушінің қылмыстық процестегі рөлі мен белсенділігін арттыруға, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез қалпына келтіруге жәрдемдеседі, сонымен бірге қылмысты жасаған, соңынан жәбірленушімен татуласу және зиянның есесін толтыру түрінде байқалатын оң тәртібімен танылған адамдарға адамгершілікпен қарауға бағытталған.
Қылмыс жасаған адамға және жәбірленушіге қылмыстық процесті жүргізуші орган Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67 бабына сәйкес татуласу құқығын, негіздері мен тәртібін түсіндіруге міндетті.
-Татуласу рәсімі жасалған болса, іс одан әрі қай бағытта өрбиді?
-Татуласу жәбірленушінің қылмыс жасаған адамға қарсы қозғалған қылмыстық істі тоқтату туралы өтініші түрінде болады. Жәбірленушінің еркін білдіруі жазбаша арызбен рәсімделеді немесе алдын-ала тергеу барысында одан сұрақ алу хаттамасында не сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Сондай-ақ, жәбірленушінің арызы өз еркімен беріледі, ал жәбірленушінің кімнің болса да күштеуімен берген арызы қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін негіз бола алмайды.
-Ал, татуласу орын алмаған жағдайда қандай әрекеттер жасалады?
-Тараптардың арасында зиянның көлемі туралы даудың болуы татуласпағандықты білдіреді және қылмыс жасаған адам бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67 бабының негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін емес.
-Қылмыстық кодекстің 67 бабына сәйкес жауапкершіліктен босатылу қандай жағдайда орын алмақ?
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67 бабының 1 бөлігіне сәйкес кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған адам мынадай негіздер жиынтығы болған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға жатады: а) жасаған әрекеті онша ауыр емес қылмыстар санатына жатса; б) қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса; в) қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірген зиянның есесін толтырса.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67 бабының 2 бөлігі бойынша орташа ауырлықтағы қылмысты жасаған адам, әкеп соққан қылмыс салдарына, сондай-ақ оның әрекеттерінде қылмыстардың бірнеше рет жасалғанына, жиынтығына немесе қайталанғанына қарамастан, мынадай негіздер болған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: а) жасаған әрекеті орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатса; б) қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса; в) қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірген зиянның есесін толтырса.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67 бабының үшінші бөлігі бойынша адамның өлімімен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірген зиянның орнын толтырса, Қылмыстық кодексінің 82 бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. ҚІЖК-нің 38 бабының бірінші бөлігіне сәйкес жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық істі бұзуға тек соттың құқығы бар.
-Әңгімеңізге рахмет
Сұхбатты жүргізген Арайлым МИРАТҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.